0 дауыс
7.8k көрілді
Жеңгем писсаны қалай жасайтын туралы ақпарат сұраған болатын. Пиццаны қалай дайындайды? Қалай жасалу керек видеосы болса.

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қалауыңызға байланысты, пиццаны жұқа, орташа немесе қалың қамырда дайындауға болады.


Өнімнің сипаттамасы

Қамыры:
400 г ұн
200 мл жылы су
25 г ашықты
2 қасық зәйтүн майы
тұз, қалыпты майлауға арналған май
Салмасы:
4 қызанақ
1 жасыл болгар бұрышы
1 сары болгар бұрышы
1 қызыл болгар бұрышы
120 гр қара зәйтүн
2 бөлік сарымсақ
1 шай қасық орегано
2 қасық үгілген пеккорино сыры
1 қасық зәйтүн майы
тұз

Құрамдас бөліктері

Ұнды нан илейтін тақтайдың үстіне елеу керек. Ұн үймесінің ортасында саңылау жасап, оған ұсақталған ашытқы салып, зәйтүн майын және бір шымшым тұз қосу керек.
Су қосып, біркелі масса алынғанша, қамырды қолмен илеу керек. Сонан соң қамырды ұн себілген тостағанға салып, үстінен ұн сеуіп, қамыр көтерілуі үшін, 30 минутқа жуық тұруы керек.
Жуылған болгар бұрышын дәндерінен тазалап, жұқа тілімдерге кесу керек. Сонан соң кесілген сарымсақпен бірге бір қасық зәйтүн майына бәсең отта 15 минутқа жуық қуыру керек.
Қайнаған сумен бұқтырылған қызанақты дәндерінен тазалап, кесу керек. Зәйтүннен сүйектерін алу керек. Қызанақ пен болгар бұрышына қосып, сонан соң барлығын мұқият араластыру керек.
Қамырды 4 тең ас үлесіне бөлу керек. Әрбір ас үлесінен домалақ таба нан жасау керек, сонан соң әрқайсысын зәйтүн майы жағылған алюминий фольгаға салу керек.
Таба нанның әрқайсысына салма ас үлесіе салу керек. Үстінен үгілген сырды, ореганоны сеуіп, зәйтүн майының шамалы мөлшерін қосу керек. 200 ° С дейін қыздырылған духовкада 15-20 минут қыздырып пісіру керек.
...