0 дауыс
16.2k көрілді

Пиццаны қалай әзірлеуге (пісіруге) болады?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Пиццаның қамырын дайындау үшін:

Ұн — 1 стақан (200 мл)
Ашықты — 2 шәй қасық
Су — 10 ас қасық
Тұз — 0,5 шәй қасық
Сұйық май — 0,5 ас қасық

Алдымен 2 шәй қасық ашытқыға 10 ас қасықтай ыстық су құйып, үстіне 2 ас қасық ұн салып 20 минутқа қойып қоямыз.

20 минуттан кейін, 1 стақан ұн мен тұзды араластырып, үстіне дайын ашытқы мен жарты ас қасық сұйық май құйып қамырды илейміз.

Erke_ky3-ден кеңес: Егер қамыр сұйық болып кетсе аздап ұн қосыңыз, ал егер қаттылау болып кетсе аздап су құйыңыз.

Дайын қамырды екіге бөліп, үстіне орамал жауып 2 сағатқа қойып қоямыз

Екі сағаттан кейін көтерілген қамырды оқтаумен жайып, үстіне алдын ала дайындап қойған көкөніс, ірімшік, шұжық т.б. тағамдарды саламыз.

Пиццаны қызып тұрған пешке 25 минутқа салып қоямыз.

Қамыр. Пайдалануына және әзірлеу тәсілдеріне байланысты қамыр ашытқылы, қаттама, бисквитті, үгілмелі, сусымалы, езілген, қайнатылған, жеңіл және басқаша түрде болуы мүмкін. Қамырдың негізгі құрамдас бөліктері: бидай ұны —ақ ұн, жоғары, бірінші және екінші сортты ұндар. Сұйық зат — сүт, су, сүт қосылған су, простокваша. Простокваша қосқан қамыр тез көтеріледі, оның дәмінің қышқылын бәсеңдету үшін тұз қосады (бір шөкім). Құрғақ сүтті пайдаланғанда: жарты литр суға 50 г құрғақ сүт қосады.

Қант — ұнтақ құмшекер үнмен араластырылады, ірі құмшекер немесе шақпақ қантты ерітеді. Қант көп қосылса қамыр ауырлайды да, нашар көтеріледі, пісіргенде көтерілмей жайылып кетеді.

Жұмыртқа — сары уызы мен ақ уызы немесе тек қана сары уызын алады. Сары уыз қамырды көпіртеді де, ақ уыз қатайта түседі. Жұмыртқаның орнына жұмыртқа ұнтағын қосуға болады (1 ас қасық ұнтақ 1 жұмыртқаға сай келеді және 3 ас қасық су). Май (қыздырылған)—сары май немесе тортасы айырылған май, маргарин, өсімдік майы, ірі қара майы пайдаланылады. Май қамырды жұмсартады. Ол көбейіп кетсе ашу процесі баяулайды және дайын тағам ауыр болып шығады. Ашытқы — жаңа немесе құрғақ. Жаңа ашытқыға аздап құмшекер (1 шай қасық) қосып, үгеді және тиісті норма бойынша (осы тағам үшін) жылы сүтке немесе суға езеді. Құрғақ ашытқыға (сондай-ақ салқын жерде сақталған ашытқыға) толтырыл салқын су (бөлме температурасында) құяды да, ол ақшыл түске еніп, әбден езілгенге дейін қояды. Езілген ашытқыны тар көзді сүзгіден өткізіп, жылытылған сүйыққа құяды да, одан кейін ашытқы әзірлейді. Ашытқыны жабық ыдысқа — шыны аяққа, банкаға салып, салқын жерге қойса, ұзақ уақыт сақталады. Өте жоғары, сондай-ақ өте төмен температурада да ашытқының сапасы төмендейді. Ашытқы қамыр үшін қолайлы температура 30—35°C болып саналады. Тұзды қамыр иленетін суға салу (1 кг ұнға немесе жарты литр суға 10 г тұз, ал тұзды тағам әзірлегенде 20 г тұз салады) керек. Тұзды ұйтқыға салуға болмайды, өйткені оның ашытқылық қасиетін жояды. Дәмдеуіш пен тұздық — ваниль, ванилин, лимон немесе апельсин қабығының үгіндісі, мускат жаңғағы, кардамон, жүзім, цукат, әр түрлі жеміс эссенциясы. Қамырға картоп қосуға болады (қамыр жұмсара түседі), мұндайда әдетте қамырға май мен жұмыртқа аздау салынады. Картопты қамыр әзірленбестен бір күн бұрын пісіріп алады да, пайдаланар алдында тар көзді үккішпен үгеді. Картоп қосылған қамыр қоюырақ болады, өйткені ашу процесінде ол қоймалжыңдана түседі. Әдетте 1 кг ұнға 100 грамнан 250 грамға дейін картоп қосады. Қамыр әзірлеуге қосатын қоспаларды дәл өлшеген (рецептіде көрсетілгендей) жөн, ұнның, сұйықтық, ашытқының және дәмдеуіштердің ара қатынасын қатаң сақтау қажет. Қамыр илегенде салқындатылған азықтарды пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырдың бабына келу процесін төмендетеді.
Пиццаның қамырын дайындау үшін:

Ұн — 1 стақан (200 мл)
Ашықты — 2 шәй қасық
Су — 10 ас қасық
Тұз — 0,5 шәй қасық
Сұйық май — 0,5 ас қасық

Алдымен 2 шәй қасық ашытқыға 10 ас қасықтай ыстық су құйып, үстіне 2 ас қасық ұн салып 20 минутқа қойып қоямыз.

20 минуттан кейін, 1 стақан ұн мен тұзды араластырып, үстіне дайын ашытқы мен жарты ас қасық сұйық май құйып қамырды илейміз.

Erke_ky3-ден кеңес: Егер қамыр сұйық болып кетсе аздап ұн қосыңыз, ал егер қаттылау болып кетсе аздап су құйыңыз.

Дайын қамырды екіге бөліп, үстіне орамал жауып 2 сағатқа қойып қоямыз

Екі сағаттан кейін көтерілген қамырды оқтаумен жайып, үстіне алдын ала дайындап қойған көкөніс, ірімшік, шұжық т.б. тағамдарды саламыз.

Пиццаны қызып тұрған пешке 25 минутқа салып қоямыз.
Белгісіз
Қамыр. Пайдалануына және әзірлеу тәсілдеріне байланысты қамыр ашытқылы, қаттама, бисквитті, үгілмелі, сусымалы, езілген, қайнатылған, жеңіл және басқаша түрде болуы мүмкін. Қамырдың негізгі құрамдас бөліктері: бидай ұны —ақ ұн, жоғары, бірінші және екінші сортты ұндар. Сұйық зат — сүт, су, сүт қосылған су, простокваа. Простокваша қосқан қамыр тез көтеріледі, оның дәмінің қышқылын бәсеңдету үшін тұз қосады (бір шөкім). Құрғақ сүтті пайдаланғанда: жарты литр суға 50 г құрғақ сүт қосады.

...