Өзіме белгілі тәкәппарлықтың үш белгісі бар:
- Қорғаныш мақсатындағы. Сырттай, бір көргенде өзіне жақындатпай бет қайтарып жіберегенімен, иә, шын мәнінде ондай адамдармен жақын араласқанда, барлық тәкәппарлығын бүктеп жинап қойып, сізбен емін-еркін араласа береді. Қандай кемшілігіңіз болса да, түсіністікпен бейтарап қарап, мүмкін болса көмектесуге тырысады.
- Принципшіл. Яғни, тәкәппарлық оның өмірлік стилі. Бұл кезде оның бұл қасиетін түсністікпен қарап, өзіңіздің көңіліңізді де жықпай, онымен де қалай бар, солай араласқан жақсы екен. Ондай типті адамдар көбіне жасандылықты ұнатпайды, турашылдық, сөздің ашығына көшкенді ұнатады.
- Тупизм. ))) Иә, бұл сөзім үшін кешірім сұраймын. Яғни, адам өзі біле бермейді не үшін тәкәппарланып тұрғанын. Ең соңында, айналасынан барлығы қашып кеткенде, бұл оның қасиеті емес, жасандылық екенін түсінеді. Тіпті өзі осы қасиетті қолдана отырып, дискомфорт жағдайында болуы да бек мүмкін. Алайда, қазіргі заманда адамның өзін өзі тануы, көп еңбекті қажет етеді екен. Солай, достар.