+2 дауыс
4.6k көрілді
Менің тәкаппарлық мінезім бар. Осы сүйкімсіз мінезімнен қалай құтылуға болады?

8 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
Тәкәппарлық жақсылық әкелмейтін қасиет. Сыйласа, өзіне сенімсіз әрі көптің жылтырағына еліктегіштер сыйлайтын болар, кейбірі қыз болғаның үшін көңіліңе бола сыйлайтын болар. Бірақ, саналы адам үшін: тәкәппарлық жәй ғана әлсіз адамның өзін қорғау мақсатындағы құралы сияқты ғана көрінеді. Бастапқыда тәкәппар адамдарды түсіну қиын болғанымен, негізінде ондай адамдарды басқару өте оңай, қарапайым өзін адамдардың арасында тең ұстай алатын адамға қарағанда.

Тәкәппарлықтар арылу үшін, көпшіліктің ортасында көбірек болу керек. Әлбетте ол ортаңыз оқыған, саналы әрі ашық адамдардың ортасы болса, тіпті жақсы деп ойлаймын. Себебі, үнемі тәкәппарлық, ұяңдық, қылқынып ашуланшақтық, мақтаншақтық бар болғаны өзін толық сенімсіз сезінетін адамның қолданатын шаралары ғой. Шындығында, бұл әлемді қолмен-ақ басқаруға болады. Ол үшін артық қылық шығару міндет емес, бар болғаны кез-келген ортада өзін сол ортамен тең ұстай алатын, мықты болса да, мықытылығын көрсетін мақтанбай, жәй ғана еріксіз мойындатататын қарапайым әрекеттермен дәлелдеу керек деп ойлаймын.
+3 дауыс
құтылмай ақ қой, қазір сол гордаяларды уважать етеди ғой по ходу...

такаппар деген сол гордость емес пе иа?
Қателесесің,Медеке.Гордость-деген көкіректік.Көкірек мінезді біреу силайды дегенді естімеппін...
+6 дауыс
өзіңнен төмен адамды көргенде сенен жоғары адам бар екенін естен шығарма
+6 дауыс
Құранда тәкаппарларға жұмақта орын жоқ делінген. Бастысы Алланы ұмытпай үнемі Алланы ойыңнан шығармай жүрсең тәкаппарлықтан да айырыласың.
рахмет жауап үшін
+6 дауыс
Тәкаппарлык ол нәпсіден,адамда шаңның тозаңындай тәкаппарлық болса ол Жәннатқа кірмейді

Ол 3-ке болінеді: 1Байдың  тәкаппарлығы 2Кедейдің тәкаппарлығы 3Білімнен болған тәкаппарлық

Соның ішіндегі ең жаманы білімнен болған тәкаппарлық, себебі: Ібіліс-Шайтан біліміне тәкаппарланып Жәннаттан қуылды,менің ойымша сабырлы -кішіпейіл болу керек
+6 дауыс
Күндіз-түні жұмыс істесең тәкаппарлықтан дым да калмайды,,,
дұрыс айтасың!
+6 дауыс
Тәкапарлық деген өтпелі кезең ғой. Менде мықты тәкапар болғанмын 15-22 дейін)) Уақытша нарсе, кейін қалады бәрі. Еске алып күліп отырасын.
Жыныңды қағып алған гоо...
ол кім тағы...........?
0 дауыс
Өзіңді өзгеден жоғары санамау. Күнде бір нәрсемен айналысу керек немесе көп кісілер бар жерге барып тұру керек.

Ұқсас сұрақтар

...