0 дауыс
Мен өзімді кінәлі сезіне берем осыдан қалай арылуға болады ?
27.02.2015 1.1k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
1. Өз іс-әрекеттеріңізді саралаңыз. Қандай кезде өзіңізді кінәлі сезінесіз? Осы жағдай қайталанса, қалай істер едіңіз? Болған жайттарды күнделігіңізге талдап жазыңыз.

2. Күнде өз-өзіңізге есеп беріп отырыңыз. Күнделіктің бетін екіге бөліп, бірінші бағанға әрекеттеріңізді жазып, екінші бағанға оған беретін бағаңызды (немесе +, -) қойып, әр күннің қорытындысын шығарып отырыңыз. Егер жағымды бағалар көп болса, көңіл-күйіңіздің де көтеріңкі болары сөзсіз. Осылай бірте-бірте көкірегіңіз ауыр сезімнен тазарады. Өмірге, айналаңызды қоршаған ортаға деген көзқарасыңыз өзгереді. Жақсы іс жасау әдетіңізге айналады.
27.02.2015
0 дауыс
Адам өзін-өзі кінәлай берсе, кінәмшіл болып кетеді. Өзіңді кінәламас бұрын себебін қарасытып көр. Бір дегенде бұл әдеттен арылып кету оңай емес. Өзіңді бағалауың бір қалапта болуы керек. барлық дүниенің "алтын ортасы" (золотая середина) болады. Осы ортадан ауытқымауға тырысу керек.
27.02.2015
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы