+4 дауыс
1.3k көрілді
Мен аңқаумын. Әр нәрсеге аузым аңқиып сеніп қала беремін. Мысалы, біреулер хитрый болады ғой бірдеңе бүлдірсе дым білміген адам құсап жүре беретін. Мен даже керек кезде өтірікті де келістіріп айта алмаймын...Не істеуге  болады?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
еш қорықпа,өмірің алда,әлі-ақ қасқыр боласын!аузы күйген үпіріп ішеді дейді.не өзің өзгересің,не өмір сені өзгертеді!
негізінде тезірек бойжеткені дұрыс!!!үлкендердің  өмірі қызық негізі
солай ма? неге?
балғын балалық шақтың артта қалып, жауапкершілік мол артылған "үлкен" жасқа жеткеніңде айналаңдағы тіршілікпен  әбігерлікке ұшырап, өзіңді өзің асырайтыныңды  қабылдай білу - бақыт. Есею - жәмәәәән. Қызық өмірмен Сұмдық өмір қатар жүрмек.  бірақ, амал нешік ))
мен әлі де өзімді қасқыр болдым деп есептемеймін! Жалпы нағыз қазақтар сондай болады! Ештеңе етпейді!
Жога.Балалык шак ол омирдеги керемет кездердин бири гой.
Точно.)))))
Каскыр болу десиз гой.Жо жок.Али каскЫр бооасын емес.Р
озгерме.Минезин оте жаксы екен Алла отирик айтпайтын адамдарды жаксы кореди.Ешкашан отирик айтпа.Сен бул омирде осындай жаксы болсан Алла алдына барганда да жаесы болады.Бул омир гой.Тез отеди зымырап.Казир аламдар кандай.Мен отирик айиканды унатпаймын,бирак ол мумкин емес.Сендей болу керек адам деген
+2 дауыс
Қасқыр болу керек, азуларын қайраған
Жұдырықтарын жұмып, күреске дайын тұрған (Baller)
жок.Ен бастысы отирик айтпау
+2 дауыс
Өтірік айтып қайтесіз,қулықпен бірге сұмдық қатар жүред.Аитады ғо ''Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам''деп қазақ атам.Сондаи мінезіңізге мақтаныңыыыз.....
+1 дауыс
Ондай жақсы қасиеттерді қайтесін, адам болу үшін ондай қасиеттің болуы міндетті емес, жүрек таза болуы керек осы да жетеді. сәттілік!!!
0 дауыс
сен негізі өте жақсы адам боларсың! Қазақта мақал бар ғой " Аузын ашса көмекейі көрінеді "деген. Ол өте жақсы , қулық= сұмдығы жоқ сен сияқты адал,аңғал адамдады сипаттайды.Айналаңдағы достарыңа көңіл бөл,алдап келеке етіп  жүргендер жөнінде жақсылап ойлан. Егер сен олар үшін тек мазақ, кулкі  обьектісі болсаң онда олардан іргеңді аулақ ұста! Олар саған дос емес.Кітапты көп оқы, біліміңді көтер!!! Сонда сені ешкім алдай алмайды. білімді мыңды жығады.
0 дауыс

Аңқаулық деген соншалықты жаман қасиет емес. Керісінше адамдарды алдау тозаққа түсеретін ең жаман қасиеттің бірі. Сайтанынң ең басты қаруы – алдау, яғни өтірік айту. Сондықтан, сайтан сияқты өтірік айтатын болайын, сондай қасиетті бойыма сіңірейін деу берісі білместік, арысы жалпақ тілмен айтқанда ақымақтық. Рас, бүгінде алаяқтар көбейіп кетті. Олардан сақ болып, қармағына түспеуге тырысу қажет. Ол үшін солар сияқты қу, зымиян болудың қажеті жоқ. Басты мәселе зердеде (разум). Адамда ақыл (ум) және зерде (разум) деген болады. Адамдардың 80 пайызының зердесі ластанған, сондықтан жұмыс жасамайды. Оның белгісі – жадтың (память) және ерік-жігердің болмауы. Жады бар адам өткенде жасаған қателігін қайталамайды, ерік-жігері бар адам жаман нәрседен аулақ болып, жақсы нәрсе жасауға күш салады.  Ластанған зердені қалай қалпына келтіруге болады, ақыл-ой деңгейін көтерудің тәсілдері қандай – бұл сауалдарға http://akikat01.com/ блогынан толыққанды жауап таба аласыз.

+1 дауыс

Ешқандай қулық-сұмдықтың болмауы, сеніп қалуыңыз сіздің ешкімді алдамайтыныңызды, өзіңіз өтірік айтпағандықтан басқалар жалған сөйледі деп ойламайтыныңызды білдіреді. Сіздің пейіліңіз кең, жүрегіңіз ақ екенін, ауздын ашса жүрегі көрінетін, жұмсақ жүректі, жылы жүзді адам екеніңізді көрсетеді. Басқалар қасқыр бол деп айта береді. Әлемнің, адамзаттың азғындағаны қасқырлар мен қасқыр болғысы келетіндердің кесірі. Сіздің аңқаулығыңызды, ақ көңіліңізді пайдалана берсін. Ештеңе етпейді. Ондай адамдарға бола өзіңіздің осындай керемет болмысыңыз өзгерсе, сізді алдайтын адамдарға ұқсап кетпейсіз бе? Осы қалпыңызды сақтап қалыңыз... Қазір ортамызда сіздей адамдар онсызда аз...

...