+16 дауыс
7.2k қаралым

Соңғы жаңалықтар

33 жауап

+21 дауыс
 
Жақсы жауап
Назира,сізге қарсы сұрақ қояйыншы мен, әрине қарсы болмасаңыз. Бақыттымын ба әлде бақытсызбын ба, соны білу үшін әуелі бақыт дегеннің өзі не екенін біліп алу керек қой.  Сіз "бақыт" дегенді қалай түсінесіз?Сізге жауап берген адамдардың барлығының айтқаны дұрыс, бірақ бір нәрсені ұмытып кеткен сияқты.
Достар барлықтарыңызға да белсенділік танытып, пікір білдіргендеріңізге РАХМЕТ!
+23 дауыс

Әрине,бақыттымын...Себебі әкем мен анам,әжем,бауырларым қасымда...Олардың маған деген махаббаттарында сезінемін...Одан басқа қандай бақыт керек...Өмірге келген әрбір пенде өзін бақытсызбын деп айтуға құқы жоқ...Мумкін оның өзі Алланың сынағы болар ... Қарап отырсақ қазіргі көөп жастар жігіті немесе қызы тастап кеткені үшін өзін бақытсызбын,өмір сүргім келмейді деп жатады... Оның барлығы өткінші нәрсеғой... (жеке пікірім)

Ия. Әрине барлығымыз да ең әуелі осы жарық дүниені көру бақытына ие болғанымыз үшін БАҚЫТТЫМЫЗ. СІЗ, ӨТЕ ӘДЕМІ ЖАУАП БЕРДІҢІЗ. РАХМЕТ. Осындай жауап күткенмін.
+21 дауыс
Әрине, бақыттымын. Аллаһқа шүкір, ата-анам, бауырларым, туыстарым, достарым бәрі аман, жанымда. Сонымен қатар, 12 мүшем сау. Осы өмірге келудің өзі бақыт деп ойлаймын. Бәлен миллион ұрықтардан, мені тудырған Аллаһқа шүкір деймін. Сонымен қатар, қазақ болып туғаныма, мұсылман болғаныма бақыттымын.
Пікір білдіргеніңізге рахмет! Әрине...
+18 дауыс
Әрине бақыттымын. Мен күніне 20 дан астам күліп, достарыммен қалжындасамын. Маған бақыт сыйлаған Аллах тағала мен күлкі.
Ылайым, бақытты бола беріңіз!
+30 дауыс

Бақыттымын себебі осы жалғанның жарығын көрдім..........

бақыттымын себебі өмір сүріп жатырмын......

бақыттымын себебі өз еркіммен тыныстап демала алам.....

бақыттымын себебі өзімнің не істеп отырғанымды білемін.......

бақыттымын себебі ата анамды қуанта аламын....

бақыттымын себебі буырларыммен қауыша алам.....

бақыттымын туысқандармен кездесе алам........

бақыттымын себебі достарыммен сырласа алам.......

бақыттымын себебі таныстарыммен амандық сұраса алам.......

бақыттымын себебі ғашық болып сүйе алам......

бақыттымын себебі алыстасам аңсап сағына алам.....

бақыттымын себебі жасаған жұмыстан ләззат алам.......

бақыттымын себебі бейбіт тату Қазақстан деген мемілекетте өмір сүріп жатырмын..............

бақыттымын себебі қазақша сөйлей аламын.....

бақыттымын себебі жалғыз Аллаға сенемін......

бақыттымын себебі тәуелсізбін........

бақыттымын себебі.................................................................................................

бақыттымын себебі мен қазақпын..........

Тамаша   ЖАУАП!    ШАБЫТЫҢЫЗ ШАРЫҚТАЙ БЕРСІН!   АЛЛА разы болсын!
Рахмет Назира...............

Ең әдемі, әрі тамаша жауап!

Рахмет Тоғжан!

Керемет жауап!

Ия, Жантуған мырза өте тамаша жауап берді!
Жантуған,бұның бәрі кез келген адамдарда бар ғой,сонда елдің бәрі бақытты ма?
"Мен білмейтінімді білемін, ал басқалар оныда білмейді" осының мағынасымен жүрсең жауапқа жетерсің.....
Жауабыңыз өте тамаша...сөзбен айтып жеткізе алмай отыр едім.   Сұрағымның жауабын сізден таптым...
+12 дауыс
Орташа. 50де 50.
Неліктен солай деп есептейсіз?
+17 дауыс
мен де бақыттымын! біздің бақытсызбын деп айтуымызға құқығымыз да жоқ, мен өз аяғыммен жүре алам, көзіммен көре алам, сөйлей және ести алам яғни 12 мүшені толық жаратқан АЛЛАма ризамын, мен медик болғаннан кейін түрлі потологияларды көрген сон ғой бұлай жазып отырғаным, егер сізде еш потология болмаса онда сіз бақыттысыз, ал қалған өмірдің бақыттарына, қуаныштарына жету әркімнің өзінің қолында деп есептеймін, сондақтан оқу керек кезде оқып, жұмыстеу керек кезде жұмыстеп, және көңіл көтеруге де уақыт таба білу керек, сода сіз 100 пайыз БАҚЫТТЫ боласыз! жақсы сұрақ екен, бақытты екенімді дәлелдей алдым деп ойлаймын Назира! :))
Назира "Қайран елім"сайтына кірі көрші,осы тақырыпты талқылап көріп едік.
+17 дауыс

Мен БАҚЫТТЫМЫН!!! Себебі әке-шешем, аға-бауырым, туған-туысым - жақындарым аман-есен, жанымда. БАҚЫТТЫМЫН деп жар салу үшін маған осы да жетіп жатыр. Бұл - мен үшін ееең үлкен бақыт!

Рахмеееееееееееееет! !))) Алла разы болсын!
+17 дауыс
Егерде өзімнің елім болса, жерім болса, ана тілім болса; егерде сол елім аман-сау болып, тыныштық берекеде болса онда өзімді ,әрине, бақытты сезінемін Мен үшін сол бақыт Егер елім бақытсыз болса, онда онымен қоса мен де бақытсызбын... Егер жерім болмаса, жетім тұл бақытсыз болғаным...
рамхмет, Назира!
+19 дауыс

Бақыт деген,,,

Бақыт сенің достым-ау өз үлесің
Бақытыңа түбі сен кезігерсің
Бар адамды сонда сен сүйсіндіріп
Бақыттысын қарашы дегізерсің.

Бақыт деген не өзі, білесің бе ?
Апам марқұм айтушы еді бір есімде
Адамдардың барлығы бұл өмірге
Бақыт үшін жаралған деп күресуге.

Бақыт деген қайда өзі, бақшада ма?
Қына құсап шыға ма тасқа ғана
Мейлі қанша тірнектеп жыйнасаңда
Өмір бойы жетпейтін ақшада ма?

Байлық шығар сол әлгі бақыт деген
Санаспайтын ешқандай уақытпенен
Курорттарда өткізіп бар күндерді
Алтындарға малынып жақұтпенен

Ауылда ма бақытым, қалада ма?
Ешкім аяқ баспайтын далада ма?
Көрінеме көзге сол бақыт өзі
Жауындама басылған жаңа ғана

Мініп жүрсең мерседес, волга ғана
Боласың ба бақытты сонда ғана
Бақыттымын деп ойлар кейбіреулер
Қымбат бұйым ұстаса қолға дара

Бақыт па екен кең сарай үйің болса
Қызғанатын өзгелер күйің болса
Тек ресторан, кафеден тамақтанып
Жүрген жерің той-думан жиын болса

Бақыт сенің достым-ау өз үлесің
Бақытыңа түбі сен кезігерсің
Бар адамды сонда сен сүйсіндіріп
Бақыттысын қарашы дегізерсің.

+16 дауыс

аман есен ата ананын бауырлардын достардын туыстардын арасында кулип ойнап омир сурип жургеннини ози бир бакыт ко!!!

Әрине, Нұржан! Егер, кез келген адам өмірден қалтарыс қалтарысындағы күнгейді емес, жарықты көре білсе, сезіне білсе соның өзін бақыт деп санайды. Бақытыңыз ұзағынан болсын!
+15 дауыс

Бақытты-кей біреулер қолға қонған құс - дейді.....

Кейбіреулер жәй бір ғана түс - дейді.......дегендей болды ау өзі.....

+20 дауыс

 сайтта отырып оны өлеңдетіп, әндетіп дәлелдегеннен түк шықпайды! көзбен адамның бақытты екендігін көргенге не жетсін! сайттағы шумақтарды оқып тек көңілді жібітуге болады!

мен бақыттымын! бұл қысқа өмірде Димаш мырза айтқандай "бақытсызбын" деп айтуға құқымыз жоқ! өйткені компютердің алдында осы сайтқа қосылып отырған әжептәуір ақылы бар адамдар, сол сияқты  саусақтарын қозғалта  жауап жазып, көздерімен бұларды оқып, ойлау қабілеті арқылы жауап қайтарып отырған жандар емес пе, осы сұраққа жауап жазып отырған жандар? бәріміздің алдымызда компьютер тұр! бұл - озық заманның жаңа жемісі!бұнсыз өмір сүруге де болады! кейбіреулер бұндаи техниканы армандайды! осы сайтта отырған әр адам бақытты! кейбіреулер айтып жатады, мен суйгенімнен айрылдым бітті бақытсызбын,-деп! бұл кате түсінік! онсыз да өмір қызықты! жарайды кейбіреулер үшін өмір қызықты емес! бірақ сол өмірді махаббатсыз ак аман есен сүріп жаткандар қаншама! "бакытсызбын" деп айта көрме! өмірді өзіңді аркашан бактты сезінсең болғаны!

Сіздің де пікіріңізбен қосыламын, Үміт. Әрине, озық заманнның мол мүмкіндіктері ортасында өмір сүріп отырғанымыздың өзі бақытттардың бақыты, ендеше, осы қолда бар бақытымызды бағалай білейік!
+18 дауыс
Бақыттымын.Бақытты адамдардың ортасында тұрамын,бақытты адамдармен араласамын)

Бақытсызбын дегендерге бақыт туралы айтып бере аламын!
Бақытты жандар жан   жағындағыларға үнемі нұр шашып жүреді. Солардың жанында жүрудің өзі бақыт. Өзіңіз айтып кетіпсіз ғой, бақытсыз жандарға бақытттымын деп айтып бере аламын деп, соны айтып берсеңіз...
+17 дауыс

Әрине,бақыттымын!себебі ата-анам,бауырларым

достарым бәрі жанымда.Қиын шақтарда көмектесетін жан достарым да аз емес,сабағым да жақсы,барлық ұстаздармен қатынасым жақсы))))

Осындай өмір берген Алла тағалаға ризамын.Альхамдулилах!

+15 дауыс
Мен үшін осы жарық дүние есігін ашқанымның өзі бақыт
Бақыт деген қандай жақсы,бақытты болғым келеді!
+12 дауыс
Бақыттымын, себебі бұл өмірге хаюан емес сана-сезімді,ойлану мүмкіншілігі бар адам болып келдім. Қалғаны менің қолымда.
Әрине. Саналылықтың өзі бір бақыт...
+9 дауыс
Бақыт деген не өзi? Бақыт деген жылағаның, күлгенiң. Бақыт деген адам боп өмiрге келгенiң. Жалпы бақыт деген әрбiр адамның өз бақытын бағалай бiлуiнде, барына қанағат етуiнде. Бақытты болайық, бақытымызды бағалай бiлейiк. Мен бақыттымын, неге екенiн бiлмеймiн, бiрақ бақыттымын. Бақытты екенiм соншалықты сөз жоқ.
Пікіріңізге рахмет! Инш. бақытыңыз ұзағынан болсын!
+9 дауыс
Мен кишкентайымнан аке-шешинин махаббатын корген жокпын, ажемнин колында остим, аке-шешем тири сырттай корип журип остим. Куттайымнан уй шаруасын, ауыр жумыс деместен барин озим аткардым. Жазда да кыста да. Не балаша кошеде ойнаган жокпын, не бойжеткен шагымда кыдырып достарыммен шыккан жокпын. Оку аке-шешем тусирди(мени тугасын аяган шыгар). Окуымды аяктап жумыска калага орналастым. Суйген жигитиме турмыска шыктым.  1 жыл болды кезинде жастык шагымда аяусыз жумыс жасаганымнын кесиринен салкын откизип балалы бола алмай журмин. Мен сонда осы омирде кандай кызык корип жатканымды билмеймин. Айтеуир Алланын иси деп, не истеримди билмеймин. Осынын барин кормеген адамдар Бакытсызбын деп айткандары жон болмас. Типти мен озимди бакытты сезинем. Себеби аке-шешемнин бауырында оспесем де олардын тири болгандары ушин, менин жер басып жургеним ушин, куйеуимнин жаксы адам болганы ушин, ен бастысы танертен турганда озимнин тири екендигимди сезгеним ушин. Бари Аллахтын сыны. МЕН БАРИНЕ ТОЗЕМ, тек омиримди узак кылса
Сіздің жазған пікіріңіз  мені ұзаааааааааааааақ  уақыт ойландырды...  Инш. әрдайым осы бетіңізден таймай, бақытты бола беріңіз!
+7 дауыс
әрине, бақыттымын!!! осы өмірге келгеннің өзі мен үшін үлкееен бақыт!!! ата-анамның, туған-туысқандарымның денінің саулығы, аман-есен, күліп-ойнап жургені де бақыт! тіпті, мен өзімнің ұйықтап, таңертең оянғаным үшін бақыттымын деп ойлаймын...себебі, бұл өмірде көп адамдар мәңгілікке ұйқыға кетеді.
Жақсы жауап+1
Менде БАҚЫТТЫМЫН!!!!!
+1 дауыс
бАҚЫТТЫМЫН ӘРИНЕ.....
0 дауыс
Бақыттымын 1 отбасым қасымда ,2 барлығы мені еркелетеді,Мені жақсы көреді!!!
0 дауыс
Бақыттымын!
1.Отбасым бар!
2.Қазақпын!
3.өмір сүрудемін
0 дауыс
http://zhanaoi.kz/zho/blog/view/155 міне көріңіз оқыңыз
0 дауыс
Бақыт, бәлкім, мұсылманның жүзінде
Бақыт, бәлкім, ғашықтардың көзінде.
Мен білетін бір бақыт бар өзгеше
Ол бір бақыт - жайнамаздың үстінде!!!
Осы бақытты баршамызға Аллах нәсіп етсін!
0 дауыс
Бақыт деген не өзі?
"Бақыт деген не өзі" деп бастады топ таласты.
Біреуі оңы үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең бақыттысың де емес пе?
Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,
Жұрттан көрі жүрсен ирек, соның өзі жақсы атты ғой.
Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген,
жүйрік мініп, той тойлау,
Ісің болмай күйбеменен,
қарын тойса қарт ойнау.
Бірі айтады: бақыт деген адал жар мен перзент қой,
Ынтымаққа ырыс келген ол да соған келмек қой.
Пікірлердің таласына солай мен жолықтым.
Бақыт адам басалына келмес оңай, соңы ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Маңсап жетпес бар адамға үлістіріп алғанда,
Үміт үзбей зейтұлар, таңдап сол бір жақұтты,
Оңы алыстан іздемегін, жүректен тап - бақытты
 (nod)
0 дауыс
Ассаламу алейкум!Мен коп киындык кордим кишкенемде мени зорлап кетти,сол сырды мен канша жыл сактап журдим 16 жасымда ол сырды сактай алдмай,шыдамай анама айттым,бирак анам маган сенбеди сен озин жабыскансын,озин тиіскенсин деді,сол кезде мен катты киналдым,анам колдау корсетеди гой десем,ол маган сенбеди,кеудемнен итерди,сондада ренжимедим менин анам ггой деп,барибир жаксы кордим,содан осы сайтка бир сауал койганымда бирр намазхан жигитпен таныстым узак сойлесип журдик мен ол жигиттен агам ретинде акыл сурап журдим,солай бир биримизге бауыр басып бир куни сиримды сол жанга айттым,содан арада бираз уакыт откенсон,алги жигит маган турмыска шыкшы деди,келистим содан 16 жасымда турмыска шыктым,бакытты боламын деп ойладым...мен 96 жылгы,ал ол жигит 84 жылгы ед,солай екеумиз отбасы болып турып журдик,биррак коп узумай ажырасып кеттик,не бари 2-3 ай гана турдык,озимнин туган агам менен терис айналды,ен бастысы билесиздерме мени туган агам зорлады гой...енди мен уйдемин уйге симай журмин,бир нарсе болса уйдегилердин айтатыны турмыстан келдин дейд,осылай зорга дегенде шыдап журмин,Бирак мен берилмейм,тагдырга мойымаймын, Аллага мында бир шукир оте бакыттымын!Бул менин пешенеме жазылган гой,Аллах жаксы корген кулдарына сынакты коп береди дейди гой...Мен бакыттымын,бакыттымын ойткени менин журегимде иманым,касымда жайнамазым,окитын Куран китабым барКанша жерден ренжигениммен ата-анам бауырларым касымда!Сол себепти мен бакыттымын! Дос болайык десениздер куана куана достар катарына косамын сиздерди [email protected] менин логиним
0 дауыс
БАКЫТ - БАС ТАЛГАМАЙДЫ

МАХАББАТ- ЖАС ТАЛГАМАЙДЫ
0 дауыс

Ғаламшар тұрғындарын, пропорционал өлшеммен 100 тұрғынға дейін қысқарттық делік, енді ауыл тұрғындарымен таныс болыңыз:
57 азиат; 21 еуропалық; 14 американдық (оңтүстігі де солтүстігі де); 8 африкандық; 52 әйел; 48 еркек; 70 ақ емес; 30 ақ нәсілділер; АҚШ елінің 6 адамы бар Әлемнің 59 пайыз байлығын иеленеді; 80 пайыз тұрғынның тұрақты мекені болмайды; 70 пайыз сауатсыз (әріп танитындар бұрын сауатты дер саналған, қазір тағы орта білімі болғаны лазым болар), 80 адам өз қалауымен өмір сүруге батылы жетпейді, тек бір адамның жоғары білімі болады.

Осы көзқараспен әрі қарай жылжитын болсақ, адамдар арасында тең дәрежелі қатынас мәнері, өзара түсінушілік, болып жатқан оқиғаны сабырмен бақылау және адамның білімге, ғылымға деген талпынысы жоғары сұранысқа ие екенін байқау қиын емес. Сонымен қатар:
келесі аптаға жетпей дүниеден өтетін жүз мыңға қарағанда, тағы бір күн өмір сүруге берілген мүмкіндікке шүкірлік ету қажет.
Егер соғыс, қамауға алыну, қысымшылық пен зорлық-зомбылық бастан өтпесе, 500 миллион адамға қарағанда бақытты күн кешудесіз.
Егер қалаған уақытыңызда еш алаңсыз мешітке (шіркеуге, синагогаға, т.б. діни орындарға) кіріп шығатын жағдайда болсаңыз, 3 миллиардқа жуық адамнан бақыттырақсыз.
Тоңазытқышыңызда ас тұрса, киіміңіз бүтін болса, басыңызда пәтер, жылы төсегіңіз болса, әлем жұртшылығының 75 пайызынан жағдайыңыз жақсы дегеннен басқа айтар жоқ.
Егер банкте жеке шотыңыз, әмияныңызда ақша, сонымен қатар басқа да жерлерде өзіңізге тиесілі қаржы көздері болса, әлемдегі жағдайы жақсы деген 8 пайыз адамдар қатарына енесіз.
Бұл постты оқып отырсаңыз, онда екі есе және бір қуаныңыз:
Жаныңызда интернет бар;
Хат танымайтын 2 миллиард адаммен салыстырғанда, әріп танып қазақша посттардың бірін оқып отырсыз 

Вальтер Скотт айтпақшы:

Ақша қажет еместей жұмысқа кіріс,
Ешкім қарап тұрмағандай, биле,
Ешкім естіп тұрмағандай, шырқа,
Жаныңды әлі ешкім жараламағандай, сүй,
Жәннәттің төрін жерден тапқандай өмір сүр!

0 дауыс
Бакытка лайыкты адамдар бакытты болады деп ойлайм
0 дауыс
БАҚЫТТЫМЫН! Көзім көріп, жер басып, тыныс алып, дәм сезіп, жақын адамдарымның сезіміне бөленіп жүргеніме бақыттымын!!!!
+1 дауыс
Бұл амиго ендігі бақытты болып кеткен екен. :)
0 дауыс
Дәлелдеудің не керекгі бар. Төбемде аспан, астымда басатын жер ебін еркін жүрген жігітпін. Ата-анам шүкір аман есен. Ең бастысы бәріміз мұсылманбыз.
127,974
сұрақ
322,913
жауап
153,164
пікір
73,058
қолданушы
...