+1 дауыс
76.4k көрілді
Сіздер үшін өмірдің мәні неде?

33 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен үшін өмірдң мәні - өзімнің Отаныма, туған еліме, халқыма қызмет ету.
Е мое такие люди еще живут в мире
+5 дауыс
Өмірдің мәні неде? Мен өмірімнің мақсатын қалай таба аламын? Мен қандай парыздарды орындауым керек? Өміріме разы болу үшін мен не істеуім керек? Ұзақ уақыт бойы құны кетпес игі істерді жасауға менің қабілетім бар ма? Көптеген адамдар өмірдің мәні жайлы үнемі ойланып жүреді. Олар бұрынғы өміріне қарап, сол кездегі қарым-қатынастарының неліктен бұзылғанын түсінбейді. Сонымен бірге олар өздері аңсаған табыстарға жеткеннен кейін неліктен риза болмайтынын (бос сезінетінін) білмейді. Бір бейсбол шебері атақты болып, оның суреті әйгілі спортшылардың қатарына қойылыпты. Адамдар одан: «Сіз осы маңсабыңызды бастамастан бұрын біреудің сізге не айтқанын қалар едіңіз?» деп сұрапты. Жаңағы әйгілі бейсболшы: «Сол кезде біреу маған: «Жоғарыға ұмтылып, биікке жеткеннен кейін сол жерде ештеңе таппайсың» деп атса-ау, шіркін!» депті. Мақсаттардың көбісі оларға бірнеше жылдан кейін қол жеткізген соң түкке тұрмайтын болып шығады.

Біздің гуманисттік қоғамымызда адамдар өмірдің мәнін таппақшы болып, көптеген мақсаттарға қол жеткізгісі келеді. Адамдардың қалаулары әр түрлі болады: кәсіпкерлік табысқа жету, байлыққа ие болу, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу, жыныстық қатынастан ләззат алу, ойын-сауықтан қуаныш іздеу, басқаларға игі істер жасау т.б. Осының барлығына қол жеткізген адамдар кейін өздерінің бос сезінгендерін жасырмай айтады. Осындай адамдар өздерінің қаңырап түрған жүректерін ештеңе толтыра алмайтындай сезінеді.

Киелі жазбадағы Уағыздаушы кітабының авторы осы сезімді: «Құр бекершілік! (Жеке өздігінен өмірдің) бәрі де құр бекер әрі мағынасыз!» - деп сипаттайды (Уағыздаушы 1:2). Осы кітапты жазған автордың байлығы мен даналығы ерекше зор болатын (атап айтқанда бұлары сол кездегі және қазіргі замандағы адамдардан да асып түскен). Осы адамның бірнеше жүз әйелі болған, оның сарайлары мен бақтарына басқа елдердің патшалары қызығатын, ол тамақтың ең жақсысын жеп, шараптың ең жақсысын ішетін, ойын-сауықтың ең керемет түрлерін тамашалап демалатын. Ол өз жүрегі қалаған нәрселердің барлығына жеткенін мойындады. Оның шығарған қорытындысы мынау болды: «Осы өмірдің бәрі (яғни көзімізге көрінетін осы әлемде өмір сүру) құр бекер әрі мағынасыз!». Осындай сезім неліктен пайда болады? Өйткені Құдай бізді осы өмір үшін ғана емес, сонымен бірге басқа бір ұлы мақсатты іске асыру үшін жаратты. Сүлеймен патша: «Ол (Құдай) адамның жан дүниесіне мәңгілікті сезетін түйсікті дарытты» деген. Демек біздің жүректеріміз осы өмірден кейін тағы бірдеңе бар екенін сезеді.
+4 дауыс
Мен үшін өмірдің мәні ата -анам мен бауырларымның және достарымның амандығында!осы өмірде олар аман болса міне бақыт!Адам өмірге бір-ақ рет келеді міне сол өмірді бағалау керек!берген өмірге риза болу керек!
+2 дауыс
Мен үшін жауабы жоқ сұрақтардың бір осы өмірдің мәні. Бірден айтайын, бұл сұраққа басым жетпейді, басым жетпеген затқа көп бас қатырмаймын. Басқа да иттірліктер жетіп жатыр. :) Және өмірдің мәнін іздеп те талпынбаймын, тапқанның өзінде идеалды өмір сүріп кететініме күмәнім бар. Сондықтан, осындай жүре бере көре беретін қызықты өмірге қанағатпын!))) (rofl)
0 дауыс
ен биреншиден имандылыкта шынайы достыкта адал махаббатта
0 дауыс
Ойландырытын сурак. Мен үшин омірдің мәні  суйген адамынмен отбасы болу, бала шага тарбиелеу ягни біреуге озыннын керектігін сезінуің.
0 дауыс
Өмірдің мәні-интернет!
0 дауыс
Әркімге әрқалай. Кім қалай жауап қатса да дұрыс болмақ. (Әрине, саналы сауатты жауап...) ....Мендік көзқарас бойынша өмірдің мәні.....өмірдің мәні.....- Адам боп өту)
0 дауыс
1.мен үшін өмірдің мәні бауырларым,ата-анамның барлығы осы өмірде аман-саулығы, Отбасымыздың берекелі-мерекелі болуы. Ата-анам мен туыстарымның , бауырларымның, достарымның бақытты  болуы. Өмірде тек қызықшылықта көніл-күйде жүруі.
 Жеке өмірімнің мәні оқып жүрген мамандығымның дипломын алу. Жұмыс істеп мемлекетке өз үлесімді қосу.    
 2.Жәнеде  Ең маңыздысы өз алдағы отбасы құру олда үлкен бір шаңырақтың ұйытқысы болу менің жақсы келін.,ана, керемет жар атану   мен үшін өмірдің мәні сол.
Керемет сөз жоқ
0 дауыс
Өмің мәні мен үшін ата-анам,бауырларым,шынайы достық,бақыт,арманшыл адам қанатсыз бұлбұлмен тең дейдіғооо менің арманым,осылар болмаса менің өмірімңің мәні болмайтын сияқты көрінеді,және адал махаббатты да ұмытпау керек:)
0 дауыс
Еки балам,синлим,адал досым
0 дауыс
Мен өімірмінң мәні - туған елім,футболым
0 дауыс
Шынымды  айтсам, мен үшін  өмірдің  мәні - достарымның  алдында, елдің  алдында  абыройлы болуым, арлы, мықты, тартымды болуым!
0 дауыс
Омирдин мани бакытта
0 дауыс
Өмірдің мәні... Қазіргі сәтте! Бұрын өмірдің мәні өткен күннің естелігі деп ойлайтынмын. Қайта айналып келмесе де адамның жүрегінде сақталатын қазына деп ойлайтынмын. Сөйтсем, қазіргі сәтім одан да қымбат қазына екен))

Ұқсас сұрақтар

...