0 дауыс
3.1k көрілді
Адамдардың көпшілігі жас кезінде бай болуға, көп ақша табуға тырысады. Атақты, беделді болғысы келеді. Сол арқылы бақытты боламын деп ойлайды. Күндіз-түні тынбай еңбек етеді, тіпті үйіне, ата-анасына, балаларына қарауға уақыт таппай жатады. Жас кезде жетістікке жеткен, әрине, дұрыс. Алайда өмірдің мәнін оның өзіндік қалпымен қабылдай білу керек. Қолда бардың қадірін біліп, қазіргі өмірдің қызығына бөлену керек.

"1+1" немесе "Неприкосаемые" фильмінде Филипптің қаншалықты бай болса да, сал ауруының кесірінен бақытсыз екенін, Дрисстің (Бассари) келуімен оның өміріне жан біткенін көруге болады. Филипп ауруға қарағандай өзін аяғанын қаламады, сол аурудың кесірінен мүмкіндігі шектелгеніне іштей ызаланатын еді. Дрисс оның өмірге деген құлшынысын, қызығушылығын арттыра білді. Соның арқасында Филипп жаңа отбасылы болып, өмірге қайта келгендей адамша жақындары үшін ұзақ өмір сүрді.

Өмірді қалай сүруіміз басқаға емес, тек қана өзімізге байланысты. Айналаға көзімізді ашып қарасақ, адамзат пен табиғаттың үйлесімділігін, басқа да нәрселердің бір-біріне лайықтап құрылғанын көруге болады. Ал оны көру адамның өмірге қандай көзқараспен қарауына байланысты. Сондықтан, өмірді мәнді сүре білейік!
Автор: Гауһар Іздібай
https://vk.com/gaukhariz?w=wall314828960_134%2Fall

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
ӨМІРДІҢ МӘНІ

Егер сен бақыттың неден құралатынын іздесең, мәңгі бақытты бола алмайсың. Егер сен адам өмірінің мән-мағынасын іздеуді қоймасаң, онда өмір сүре алмайсың. (А.Камю)

Философия пәні мен үшін белгілі бір ойлардың пайда болу алаңы ретінде көрінеді. А.Камюдің философиясы туралы естіп көрдіңіз бе? Жазып кеткен ойлары мені де толғандырды.

Адам дүниеге келгеннен бастап, кеткенге дейінгі тіршілігінің барлығы жалған, оның айналасындағы ата-анасы, жақын-туғандары да бір сәтте жат адамдарға айналып кетеді. Бес күндік жалған өмірде өмір сүрудің мәні қалмайды. Алайда осындай мәнсіз өмірді түзетуге, мәнсіздікпен күресуге тырыспаса нағыз абсурд осы болады.

1957 жылы Нобель сыйлығының иегері атанған жазушы "Сизиф туралы аңыз" кітабында былай деп айтады:
"Төсектен тұрады, автобус, төрт сағаттық жұмыс, тамақ, автобус, төрт сағаттық жұмыс, тамақ, ұйқы, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, көп санды уақыты бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ мәнсіз, мағынасыз жөңкілген қайталанбалы ағын. Бірақ, күндердің бірі оның миында "Не үшін?" деген сұрақ пайда болады және сол сәттен бастап осының бәрінен таңырқау аралас жалығу басталады. "Басталу", бұл өте маңызды. Зерігу механикалық тұрмыстан басталған соң, сананы түгелдей қозғалысқа түсіреді".

Шындығында біркелкі өмір адамды жалықтырып жібереді. Жалыққан адам санасында неше түрлі ойлар болады, олар бір нәрсе істеуге құлшынады. Егер адамдардың белгілі бір мақсаты болмаса, олардың іштері пысады, осылайша қоғамға бүлік әкелушілер пайда болады.

Өмірдің мағынасыздығы мен ажалдың шынайылығын түсінген адамның шынайы құндылығы өзін-өзі мерт қылу жолымен ажалды қабылдауда емес, ажалмен күресте. Ажалмен күресу дегенде өлмеудің жолын іздеу емес, арғы дүниеге кеткенше саналы нәрсемен айналысу, мақсат қойып соны орындай білу, қоғамға пайдалы адамгершілік тұрғысынан ақылға қонымды нәрсе жасап кету.

Яғни, бұл өмірге келіп, қалай өмір сүруің өзіңе ғана байланысты, абсурдқа толы жалған өмірде көптің бірі болып өткізу немесе абсурдпен күресіп, өз-өзіңе өмірдің мәнін жасап алу, игі істер атқарып, кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдыру.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
8 жауап
+1 дауыс
2 жауап
...