+1 дауыс
18.9k көрілді

5 жауап

+1 дауыс
"Кальян" тарту зиян емес пе?

Қазір дәмханалар мен мейрамханаларда  темекі тартуға тиым салынғаны белгілі.  Алайда демалыс орындарында кальян тартып «кайф» алуға тосқауыл қойыла қойған жоқ.

Мұндай хош иісті микстер (әр түрлі шөптерден жасалған ұнтақ, оны темекі сияқты тартады) әу баста бөлме ішін хош иістендіруге арналған екен. Алайда жақсының бәрін иіскеп, дәмін татып көруге дағдыланған кейбір азаматтар оны тартып та көрген. Сөйтсе олардың әсері есірткінің әсерінен кем түспейтін болып шығады. Міне, содан бастап  адамзат арасында микстерді де темекі сияқты тартатын әдет қалыптасқан. Бұл микстердің құрамына әртүрлі шөптесін өсімдіктермен қатар түрлі синтетикалық заттар болады. Олар микстерге есірткі әсерін береді.

Микс өндірісінің орталығы – Голландия. Ол жақтан түрлі-түсті қаптамаларда оралған қоспалар бүкіл әлемге таралады. Алғашында шөптен жасалған ұнтақтар дәрігерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ешқандай күмән туғызбаған. Дегенмен бұл заттарға деген сұраныстың күн санап артуы оларды алаңдата бастапты.

Бүгінде жастар арасында түрлі микс пайдалану да сәнге айналғаны жасырын емес. Тауарды сатумен, таратумен айналысатындар миксті ба­рынша мақтайды, денсаулыққа түк те зияны жоқ деп жатады. Ал оны зерттеуді енді ғана қолға ала бастаған мамандар құрамында адам денсау­лығына өте зиянды JWH-018 деген есірткіге ұқсас заттың бар екенін анықтаған. Ең өкініштісі, бұл заттар біздің елімізде тиым салынған психотропты заттар қатарына жатқызылмайды. Яғни оны емін-еркін саудалауға болады деген сөз.

Есірткіден кем әсер етпейтін мұндай микстерге деген сұраныс күн санап артып келе жатқанын айттық. ТМД елдері қатарында бұл затқа деген құштарлық ресейлік жастар арасында сәнге айналыпты. Біздің еліміз де Ресейден қалып тұрған жоқ.  Ал олар бізге қайдан келеді?

Зиянды ұнтақтар Ресейге басында Ұлыбританиядан жеткізілген екен.  Ал қазір микстер негізінен Қытайдан әкелінетін көрінеді. Олардың құрамында JWH-018, JWH-027, JWH-073, JWH-200 деген каннабиноидты синтетикалық заттар бары белгілі болып отыр.

Білетіндердің айтуынша, бөлшек саудамен сатылған 1 кило ұнтақтан 50-80 пайызға дейін пайда түседі екен. Тауар бұзылмайды, әрі пайдасы да шаш-етектен. Ал денсаулық пен есті алар құштарлықты ешкім ойламайды.

Еуропа ғалымдары да микске деген ессіз құштарлықтың тым көбейіп кеткенінен секем алып, оның құрамын зерттеп көріпті. Сөйтсе хош иісті ұнтақтардың көпшілігінің құрамы адам ағзасына аса зиянды болып шыққан. Нәтижесінде Жаңа Зеландия мен Канадада хош иісті микстің көптеген түрлерін сатуға тиым салынған. Кальян тарту, яғни хош иісті миксті жиі пайдалану қатерлі ісік ауруларына, жүйке жүйесінің бұзылуына соқтырады екен.

Микстер біздің қолданысымызға жаңадан енген зат. Сондықтан да бұл тақырыпқа қатысты дау жиі туындап жатады. Мәселен, кейбір мамандар «Аромамиксті» тартудан кейінгі адамның жүйкесіндегі өзгерісті есірткіге мас болу сияқты қарау керек десе, оған кереғар пікір білдірген ендігі біреулер «олай болса барлық хош иісті әтір су түрлерін де есірткі қатарына жатқызу керек» деген дау айтады. Алайда микстерді иіссумен салыстыруға болмайды. Себебі хош иісті ұнтақтардың құрамы толық зерттелмеген. Бұл ұнтақтардан адам 3-5 сағатқа дейін мас болады. Оның дәмін татқан кейбіреулер мұның нағыз анашадан кем түспейтіндігін де айтуда. Сондықтан билік басындағылар ғалымдардың сөздеріне құлақ асып, ертерек оларға тиым салатын заңдар қарастырмаса, ертеңгі ұрпағымыздың есірткіге тәуелді, ессіз шөпке есі кеткен нашақор болып өсуі ғажап емес.

Қ. ЖҰЛДЫЗ.

немесе [Мына жерде де][1] жазылған.


  [1]: http://www.atyrau-islam.kz/index.php/ru/2012-01-16-05-10-44/172-islamda-oror-kalyan-shegudi-kimi-andaj-madiyar
коп коп рахмет!!
+1 дауыс
Айтсақ шекпей қаласын ғо дәәә. Ия зиян екен.
1) Темекі шекпейтін қорқор(кальян) шегетін жастарымыз; Қорқор болмаған жағдайда темекі шегіп бастау қаупі бар.
2)Қорқордағы су сүзгіші барлық денсаулыққа зиянды заттарды сүзбейді.
3)..................................................................
жалпы мына мақаламен таныссаң игі:
  Медицина мамандарының ғылыми зерттеулері мен пікірлеріне тоқталайық.
Олар қорқордың да темекі секілді әзiрленетiнiн, оның қаншалықты зиян екенін айтуда. Осы са­ладағы жасалған соңғы зерттеулерге көз жүгіртсек, қорқор өкпе, жүрек-қан тамырлар аурулары, сондай-ақ, жаман ауру – қатерлі ісіктің өршуіне әкеп соқтырады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дабылына құлақ түрсек, қорқор түтіні темекіде­гіден де көп көмірқышқыл газы мен ауыр металдардан тұрады. Қорқор шегушілердің қанындағы котонина (cotinine) шылым шегушілерге қарағанда жоғары болады екен.  Канадалық медицина мамандары әдеттегі табак шөбін қабылдағанға қарағанда кальянның зияндылығы едәуір үлкен деген тұжырымда. Неміс ғалымдары кальянның зияндығын анықтайтын аппарат ойлап тапқан. Олар адам өкпесіндей цилиндр-дің ішіне қорқордан шығатын түтінді жіберген. Нәтижесінде сол цилиндрдің ішіне енген түтінді көрсетіп тұратын құрылғы өзіне жұтылған түтіннің көлеміне қарай соншалықты зиянды қалдықтар-дың жиналғанын көрсеткен. Қорқор шегу арқылы ішке кіретін 25 грамм табак 60 тал шылым шеккендей әсер береді.
Құрамында никотині бар заттың зиянды екендігінде ешкімнің де шүбәсі жоқ. Қорқор пайдаланушылар «қорқор құтысында сүзгіш (фильтр) бар, ол қорқор құрамындағы зиянды заттарды жақсы сүзгіден өткізеді» деп өздерін ақтап алып жатады. Алайда қорқор құтысындағы баяулап жанып тұрған көмір мен түтіннің қызуы – Цельсий бойынша 400 градусты құрайды.
Әрине, хош иіске құныққан адамның құмарлығы одан да арта түсетіні белгілі. Түбінде ол дертке айналады. Гигиеналық тұрғыдан таза деп те айта алмайсыз. Себебі бір емес, бірнеше адам бір түтіктен сорған соң, оны «жұқпалы індеттің ордасы» деп атауға да болады. Ауыздан-ауызға өткен соң, одан герпес, туберкулез, сары ауру сынды жұқпалы дерттердің өрши түсетіні дәлелденген.
Мәлімет көзі: www.islam-orkeniet.kz
+2 дауыс
+2 дауыс
Мен былай айтар едім, кальян зиян ба зиян емес пе ешкім нақты айта алмас, бірақ ол күмәнді нәрсе, ал Пайғамбарымыз (с.а.а) айтқанда күмәнді нәрселерден аулақ болындар деп. кальянсыз да өмірде қызықтар көп ғой, шүкір!
Димаш тамаша жауап
+1 дауыс
Кез келген дүниенің екі жағы бар (ақ және қара өмір сияқты).Төменде кальян тартудың зияны мен пайдасы туралы жаздым:
зияны:
1.кейбір дерек көздерінің көрсетуінше,1 сғат кальян тартудың залалы 2-100 тел темекі тартқанмен парапар екен.
2.кальян тарту түрлі ауруларға әкеледі:гепатит, герпес, туберкулез, ВИЧ (сияқты жұқпалы аурулар)
3.кальянның темекіге қарағанда никотиндік қажет етуді тудыруы жоғары екен,кальянды 2 күнде 1 рет шекпесе тұра алмайтын күй кешеді.кальян табагында 0,05 пайыз никотин болатыны сіз білесіз бе?!
пайдасы:
1.кальян түтінінің су арқылы фильтрленуі никотин құрамын азайтады,90 пайызға дейін фенол құрамын,50 пайызға дейін бензопиреннің,ароматтық көмір полициклен сияқты қоспалардың ұсақ қатты бөліктерін азайтады.
2.түтін су арқылы өту барысында акролеин мне ацетальдегидтен арылады.
3.кальян табагінде темекідегідей  организмге кері әсер ететін қағаз жоқ және оның ароматты иісі темекі түтінімен салыстыруға келмейді,

Ұқсас сұрақтар

...