+1 дауыс
5.2k көрілді
Темекіні қалай қойсам болады,көмек беріңіздерші.

11 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Оған ерік-жігер,шыдамыңыз мықты болуыңыз керек.Басқа қойғызады деген заттарды білмедім.Алысқа бармай-ақ өзімді мысалға алсам,өз басым 7 жыл темекі шектім.Тіпті соңғы жылдары оразамды темекімен ашып жүрген кездер болды.4 жыл болды қойғаныма.Ең бірінші қойған күндер өте қиын болады(Менің түсіме кіріп жүрді темекі сол кезде)Алғашқы 2-3 аптаға шыдасаңыз,ары қарай жеңілдей бастайды.1 жылдан кейін бұрын шекпеген адам сияқты боласыз.Бірақ бәрібір адамның өзіне байланысты.Кейбіреулер қойғаннан 1-2 жылдан кейін қайтадан шегіп жатады.Қоятын адам шегіп жүріп бір күнде қойып кете алады.Осындай кеңес берем.Спортпен,еңбекпен айналысыңыз.Темекіні ұмытыңыз.
+1 дауыс
мұз конфет көп жеу керек дейдіғой!кезінде менің көкем сөйтті.
+1 дауыс
Тастаймын деген адам қалай болса да тастайды. Сенiki әдет болып қалған шығар, шамалы спортпен айналысып, темеkiнi аз-аз шегуге тырыс, солай жаймен тастасаң болады. Бiрден тастай алмассың, денсаулыққа зияны kөп қой, соны да ойлап қой. Өkпеңдi ренжiтпе, темеki шеге берiп... :D
0 дауыс
Жалғыз өкпе ренжісе мақұлғой.......!Басқа жақтарда шағымдануда!
+1 дауыс
темекіні сүтке батырып жане оны кептіріп шеккінда ертесіне койасын!!!
+3 дауыс
Күніне 1 штук темекіден азайтып отыр да сосын екі күнде 1 штук шек, сосын 3 күнде 1 штук, солай солай қояласын егер силаволян болса
Дұрыс,осындай әдісті қолданып көр.
+1 дауыс
Егер ерік күші болса адам темекіні қалай  болса да қоя алады,ең бастысы ерік күшің болу керек.Жүгірумен айналысыу керек,сол кезде қолқаңдағы темекінің кесірінен жиналған қақырықтың бәрі түседі.ЕРІК КҮШІҢ болу керек.
0 дауыс
жақсылап ниеттеніп үш күн шыдасаң қоясың, темекі тартып тұрғандардан аулақ жүр.
0 дауыс
ыңғайсыздау болар бірақ айтайын.Кәдімгі қатыққа немес айранға 5-6 штук темекі салып қой сосын 6 сағат турсын сол темекілер сосын соларды кептір сосын темекіге ауыз барып тұрса сол айрнға салған темекіні шек,темекіні ұмытасын
0 дауыс
темекіден басқа жегің келетін нәрселер бар шығар темекі шеккің келгенде соны же мысалы тәтті т,б болады ғо сөйті темекіні ұмытасың 15 күнде
0 дауыс
Мынаны қараңыз: бір тал темекі тартқан адамның бүйрегіндегі бездерден адреналин және норадреналин деп аталатын гормондардың бұзылуы басталады. Асқазанның қышқыл­ сұйықтығы (запыран) артады. Адамның тыныс алуы тездейді. Жүрек соғу жиілеп, оның қалыптан артық жұмыс істеуіне алып келеді. Қан қысымы артады. Міне, мұның бәрі бір тал темекідегі никотиннің әсерінен болған жайттар. Мұның соңы адамды аса қауіпті асқынған ауруға душар етуі әбден мүмкін. Шылымқорлар сонымен қатар шетінен ұмытшақ болады. Олардың күш-қуаты азайып, шаршауы көбейеді. Әлсізденеді. Әрекет етуге құ­лықсызданады. Тәбеті тартпайды. Ұйқысы қашады. Жұмыс бабында, әсіресе қыста шылым шегу үшін сыртқа шығуды талап етеді, денсаулықтың нашарлауы, таңғы жөтел мазаңды қашыра бастайды. Осы сияқты бірнеше әсерлерден темекіні тастауға тура келеді. Осындай әрекеттерге шылымқор адамның барлығы бірдей келісе бермейді. Өйткені те­мекіге үйреніп қалған ағзаның оған деген құ­марлығын тастау мүмкін емес деп ойлайды.

Ал дәрігер мамандар темекіні тастау, никотинге деген құмарлық алкоголь мен нар­котикке қарағанда әлдеқайда жеңіл екендігін айтады. Тіпті бүгінде темекіні тастауға арналған медициналық көптеген препараттар шыға­рыла бастады, солардың ішінде тартрат ва­ре­никлина (varenіclіne tartrate) препараты темекіге тәуелділіктен тез айығуға көмектеседі. Құ­марлық ұстаған кезде ауызға сала қоятын сағыздар да бар. Дегенмен мұның ешқайсысы да адамның өз рухына сеніп әрекет етуіне жет­пейді. Сондықтан егер зиянды түтіннен құтылуды ойласаңыз, онсыз да тәуелді ағ­заны дәріге үйреткенше, алдымен ерік-жіге­ріңізді жанып көріңіз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
6 жауап
0 дауыс
0 жауап
Белгісіз 5.06.2014 Жалпы медицина сұрақ қойды
...