+2 дауыс
1.7k көрілді
Кальянды зиян дейді. Қаншалықты рас?

3 жауап

+2 дауыс
Кальянның түтіні сұйық сүзгіден өтсе де, толығымен түрлі қоспалар мен никотиннен тазармайды. Оның құрамында тұншықтырғыш газдың үлкен мөлшері, ауыр металлдар тұздары мен канцерогенді қосылыстар сақталып қалады. Никотиннің қалған мөлшері бір сағатта 5 қорап темекідегідей болады.

Сондай-ақ кальян жабық бөлмелерде шегілетініне байланысты, оның түтіні гипоксия (ауа жеткіліксіздігі) тудырады. Бұл да кальянның ағзаға улы әсерін жоғарылатады.

Кальян отырыстары

Қазірде жастар арасында кальян отырыстарын ұйымдастыру кең етек жаюда. Жиі кальян шегу никотинге тәуелділікке әкеледі. Сондай-ақ бір кальянды бірнеше адам шеккенде түрлі тыныс жолдарының жұқпалы ауруларын (гепатит В, туберкулез, тұмау)  жұқтыру мүмкіндігі жоғарылайды. Кальян шеккен достарының арасында отырған адам оны тартпаса да, пассивті шегуге шалдығады.

Кальянға құмар жандарға жүргізілген зерттеулер олардың арасында өкпе қатерлі ісігіне шалдығатындардың саны әлдеқайда көп екенін көрсетті. Сондай-ақ сараптамалар бойынша темекі шегетіндер мен кальян шегетіндердің бұл ауруға шалдығу мүмкіндіктері бірдей екен.

Кездейсоқ, өмірінде бірнеше рет қана кальян шегіп көргендер оны тұрақты қабылдайтындардан әлдеқайда көп. Олар кальян арқылы жаңа эмоциялар сезінгісі келеді. Көп жағдайда кальян шегу - сәнге кірген рәсімнен құр қалмаудың амалы ғана. Бұл - кезекті қызығушылық, қоғамның әсері.

Бір қарағанда зиянсыз бұл қызығушылықтан болашақта зардап шекпеу үшін қазірден бастап өзіңізді тыя біліңіз.
+1 дауыс
Өзімнің жазғанымды жибейін))

Қазіргі кезде көпшілігіміз қоқорды зиянсыз ермек деп санаймыз. Қорқордың денсаулыққа зияны жоқ, ал сулы сүзгіші токсиндерді тартады деп алданбау керек.

Қорқор — бұл уларды, қарамайды, концерогендерді адам ағзасына тез жеткізетін «сәнді» құрал.

Қорқор түтініінің улылығы сигарет түтінінен бірнеше есе жоғары, оның құрамында қара май мөлшері 36 есе, көміртек монототығы 30 есе, улы иісті газ 8,4 есе, никотин 7,5 есе жоғары. Британия дәрігелері қорқодың бір үлесін шегілген 100 сигоретке теңестірген.

Темекінің кез келкенінде және қорқорға арналғанында да никотин болады. қорқор бір толтырымды үлесінде 6,25 мг, сигаретте 0,6 мг никотин болады. Қорқор тартуды енді бастағандарда да никотинге тәуелділік болады.

Қорқор тартатын адам сигарет тартатын адамға қарағанда 14 есе көп түтінді иіскеп, бойына сіңіреді. Әрі осы кезде улы иісті газдың көп мөлшері өкпесіне сіңіріледі.

Қорқордағы көмір 600-650 грусқа дейін қызады, ал түтінмен бірге қорқор тартушының өкпесіне никотинмен қатар бензапирен өкпе обырын тудыратын және ДНК мутациясына төзімді, тұқым қуалаушылықпен берілетін икемді концероген сияқты қауіпті заттар да сіңіріледі.

Қорқор сұйығында ауыз қуысында инфекциялық ауруларды тудыратын (гингивитер, пародонтоз, ойық жаралар) бактериялар жинақталады. Бір реттік түтікшелер қорғамайды, әйткені бактериялар қорқордың түтігінде де, қуысында да тіршілік етеді.

ҚР. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы.

П.С: Денсаулық адамға екі рет берілмейді, кез келген аурудың қайтымсыз процесстері көп болады.

СЖС-да біреу сұрақ қойып еді, «бұлшық етке укол саалып үйренгім келеді», олай үйрене салатын болса несіне мейірбикелер мен фельдшерлерді дайындайды? Оның үстіне бір фельдшер жамбас бұлшық етіне инъекцияны дұрыс жасамай «тұмауратын» жатқан науқасты мүгедек етіп қойған случай болған.

Бұлшық етке демекші, өткенде жедел жәрдемдегі қызмекткерлердің қателігін жазып… Содандайлардан кейін халық бақсы-балгер жағалап, болмаса «самолечение» жасайды. Сүйтіп «ТҰМАУ» болып жатқанда білгішсініп антибиотик салады.

Біріншіден, тұмаудың қоздырғышы — вирус, ал антибиотик ол бактерияны өлтіреді. причем тут ол… Причем тут емес, тұмауменұзақ ауырса ол асқына келіп бектерияларда өз жұмысына кірісіп кетеді, кейді соның алдын алу мақсатында антибиотик салдырады. Ал көпшілігі ойлағандай антибиотик қабылдап вирусты жою ол ФАНТАСТИКА!

Екіншіденнннн… Өздеріңіз білетіндей антибиотик ол зең саңырауқұлағы. Антибиотикті злоупотреблять еткен жағдайда қосымша ауруға шалдығу оңай. Сондықтан КЕЗ-КЕЛГЕН антибиотикті қолданғаннан кейін саңырауқұлаққа қарсы екпе жасау керек (кейбір дәрігерлер де осыны ескермей жатады), мысалы атропин.

Қазір екінің бірі анемия, сол туралы жазғым келіп жүр еді, қазір ол ауру ойнамай қалды ғой…
КУДА МЫ КАТИМСЯ?..

http://aitaber.kz/blog/densaulyk/4570.html
+1 дауыс
Кальян. Пайдасы мен зияны

Бүгінде қай дәмханаға бармасаң кальян тартып отырғандарға көзің сүрінеді. Кейбір көңіл көтеру орындары шотың жеткілікті болса кальянды сыйға тарта салатынды шығарған. Студенттер, жастар қыдырыстарына кальян араластыруды сәнге айналдырған. Тіпті оны үйлеріне алып қоюды да ұмытпаған жас отбасылар бар. Ол кез келген қыдырыстың, демалыстың сәніне айналды десек артық емес.

Калаяьнды ұнатушылар оған ешқашан салынып кетпейтіндерін алға тартады. Олардың айтуынша, никотинге деген әуестікке қарағанда, ара-тұра ішке түтін жіберу әлдеқайда жақсырақ екен. Мысалы, темекі тарту кезінде шайыр, никотин сиқты ағзаға зиянды заттар ішке барады. Ал кальянға қосылатын шарап, су немесе сүттің арқасындағы ондағы түтіннің кішкентай ғана бөлігі ағазаға түседі екен. Жақтаушыларға сөз берсең, кальян жұмыстан шаршап келгенде демалуға көмектеседі, оған салынып кетпейміз, суық түтін өкпеге салмақ түсірмейді деп тоқтамай айта беруге бар.

Кальян қандай ауруларға себепкер?

Міне, гәп қайда жатыр. Осы бір түтін таратқышқа әуестенушілер оны ережеге сай тарта да алмауы мүмкін. Сонымен бірге кальянды әдетте жалғыз тартып отырған адам көрдіңіз бе? Бізде ол біртүрлі қызық көрінеді. Кем дегенде бес-алты адам қосылған кездегі ермекке айналған.  Осы тұста тазалық сақталатынына сенімдісіз бе? Бірінің аузынан бірі жұлып алып, түтінді бұрқыратып отырғандарға қарап, алғаш ойға келетіні – осы. Сізден өткен кальян ертеңіне басқа үстелдегілерге қызмет көрсететіні сияқты, сізге дейін де ауыз тигендері бары айдан анық. Әлбетте, кальянды тазалау, дезинфекциялау – даяшының міндеті. Тек оны кім тексеріп жатыр дейсіз? Сіздің қолыңыздағы бір реттік мүштіктің тазалығына да сенімсіздік танытып отырған жайымыз бар. Ұжым болып кальян тартудың қандай ауруларға әкелетіні туралы айтып берейік пе? Әрине, онсыз болмайды. Кальян түтікшелері арқылы адамнан адамға гепатит, герпес, туберкулез, тіпті жыныстық қатынасқа қатысты аурулар да жұғады. Сенбейсіз бе? Ал сіздің алдыңыздағы жанның қандай аурумен ауырғаны белгілі ме? Жоқ, әрине!

Содан соң кальянға салынып кетпейміз деу – далбаса. Тіпті қоспалардың құрамында никотин мен шайырдың бар-жоғы да белгісіз. Себебі оның қоспаларының құрамы еш жерде көрсетілмейді. Кальян қоспаларын өндірушілерге ол туралы айту қаншалықты тиімсіз болса, дәмхана қожайынан сіздің жиі келгеніңіз соншалықты маңызды екенін естен шығармаңыз.

Осыған қарамастан кальян тартудан бас тартпайтын болсаңыз, ең болмағанда дәрігерлердің мына бір кеңесіне құлақ түріңіз:

-         Мүштіксіз ауызға кальян түтігін салушы болмаңыз.

-         Кальян қоспаларына ерекше мән беріңіз.

-         Қоспада алькогольдің мүлде болмауын қадағалаңыз.

-         Кальянның сүтпен немесе анар шырынымен араласқаны дұрыс.

-         Кальян тарту барысында алькогольді ішімдіктен бас тартқаныңыз абзал.

-         Бөлме ауасының тазалығына мән беріңіз.

Кальянның пайдасы

Иә, оның пайдасы да жоқ емес. Шығыстың патшаларынан қалған көңіл көтеру құралын тарту барысында тыныс жолдарына біршама жаттығулар жасалады. Қоспадағы сұйықтық көп болған сайын тыныс алу бұлшықеттеріңізге салмақ көп түседі.

Кальянды ингалятор ретінде де қолдануға болады. Ол үшін шыны сауытқа қажетті тұнбаны құясыз. Өзінің қасиетін жоймаған құрғақ шөптердің қайнатпасы тұнбаның рөлін жақсы атқарады. Кальянның ингалятор ретінде қолданылуы – медицинада таптырмас әдіс. Қайнаған шөп тұнасы бар ыдыстың аузы кең болған жағдайда, ыстық будың көп бөлігі сыртқа шығып кететінін ескерсек, кальян арқылы демалу пайдалырақ екенін түсінер едік.

Тәжірибе негізінде…

Темекіден түбегейлі бас тартқан өркениетті ел саналатын АҚШ жастары, әсіресе колледж бен университет студенттері кальянға әуес екен. Сабақтан шаршаған жастар темекі шекпеу туралы бұрыш-бұрыштағы ескертпелерді көріп, кальянға көшкен болуы керек. «Тіпті олардың өмірі кальянмен ғана қызықты болатын жағдайға жеткен. Осының артында тұрған қауіпті сезген америкалық ғалымдар Adolescent Health басылымына кальянның зияны туралы көлемді мақала жазып, жастардың көзін ашпақ болған. Ғалымдардың пайымдауынша, кальян мен темекі – ағайындылар. Екеуі де ағзаға шайыр, никотин, улы газ жібереді. Тіпті кальян тарту кезінде темекі түтінін жұтқанға қарағанда, ұзақ әрі терең демалуға тиіссің. 700 студент қатысқан зерттеу нәтижесінде жастардың никотинге деген әуестігі артқаны анықталған.

Не дегенмен, кальян тартып отыру қаншалықты «эстетикалық мәнге» ие екенін түсінетін жастарға «кальяннан аулақ жүр» деп ескерту жасағаннан гөрі, тазалық сақтап, кальян қоспасының құрамына мән беріп жүр деп ақыл айтқан дұрыс шығар. Сән сәнімен, бірақ денсаулық керек.

 

Сайттан алынды:http://www.kalaisyn.kz/makalalar/374.php
...