–1 дауыс
2.3k көрілді
Кальянның құрамында не бар? Қандай қоспалардан дайындайды?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бүгінде қай дәмханаға бармасаң кальян тартып отырғандарға көзің сүрінеді. Кейбір көңіл көтеру орындары шотың жеткілікті болса кальянды сыйға тарта салатынды шығарған. Студенттер, жастар қыдырыстарына кальян араластыруды сәнге айналдырған. Тіпті оны үйлеріне алып қоюды да ұмытпаған жас отбасылар бар. Ол кез келген қыдырыстың, демалыстың сәніне айналды десек артық емес.
Калаяьнды ұнатушылар оған ешқашан салынып кетпейтіндерін алға тартады. Олардың айтуынша, никотинге деген әуестікке қарағанда, ара-тұра ішке түтін жіберу әлдеқайда жақсырақ екен. Мысалы, темекі тарту кезінде шайыр, никотин сиқты ағзаға зиянды заттар ішке барады. Ал кальянға қосылатын шарап, су немесе сүттің арқасындағы ондағы түтіннің кішкентай ғана бөлігі ағазаға түседі екен. Жақтаушыларға сөз берсең, кальян жұмыстан шаршап келгенде демалуға көмектеседі, оған салынып кетпейміз, суық түтін өкпеге салмақ түсірмейді деп тоқтамай айта беруге бар.
Кальян қандай ауруларға себепкер?
Міне, гәп қайда жатыр. Осы бір түтін таратқышқа әуестенушілер оны ережеге сай тарта да алмауы мүмкін. Сонымен бірге кальянды әдетте жалғыз тартып отырған адам көрдіңіз бе? Бізде ол біртүрлі қызық көрінеді. Кем дегенде бес-алты адам қосылған кездегі ермекке айналған.  Осы тұста тазалық сақталатынына сенімдісіз бе? Бірінің аузынан бірі жұлып алып, түтінді бұрқыратып отырғандарға қарап, алғаш ойға келетіні – осы. Сізден өткен кальян ертеңіне басқа үстелдегілерге қызмет көрсететіні сияқты, сізге дейін де ауыз тигендері бары айдан анық. Әлбетте, кальянды тазалау, дезинфекциялау – даяшының міндеті. Тек оны кім тексеріп жатыр дейсіз? Сіздің қолыңыздағы бір реттік мүштіктің тазалығына да сенімсіздік танытып отырған жайымыз бар. Ұжым болып кальян тартудың қандай ауруларға әкелетіні туралы айтып берейік пе? Әрине, онсыз болмайды. Кальян түтікшелері арқылы адамнан адамға гепатит, герпес, туберкулез, тіпті жыныстық қатынасқа қатысты аурулар да жұғады. Сенбейсіз бе? Ал сіздің алдыңыздағы жанның қандай аурумен ауырғаны белгілі ме? Жоқ, әрине!
Содан соң кальянға салынып кетпейміз деу – далбаса. Тіпті қоспалардың құрамында никотин мен шайырдың бар-жоғы да белгісіз. Себебі оның қоспаларының құрамы еш жерде көрсетілмейді. Кальян қоспаларын өндірушілерге ол туралы айту қаншалықты тиімсіз болса, дәмхана қожайынан сіздің жиі келгеніңіз соншалықты маңызды екенін естен шығармаңыз.
Осыған қарамастан кальян тартудан бас тартпайтын болсаңыз, ең болмағанда дәрігерлердің мына бір кеңесіне құлақ түріңіз:
-         Мүштіксіз ауызға кальян түтігін салушы болмаңыз.
-         Кальян қоспаларына ерекше мән беріңіз.
-         Қоспада алькогольдің мүлде болмауын қадағалаңыз.
-         Кальянның сүтпен немесе анар шырынымен араласқаны дұрыс.
-         Кальян тарту барысында алькогольді ішімдіктен бас тартқаныңыз абзал.
-         Бөлме ауасының тазалығына мән беріңіз.
Кальянның пайдасы
Иә, оның пайдасы да жоқ емес. Шығыстың патшаларынан қалған көңіл көтеру құралын тарту барысында тыныс жолдарына біршама жаттығулар жасалады. Қоспадағы сұйықтық көп болған сайын тыныс алу бұлшықеттеріңізге салмақ көп түседі.
Кальянды ингалятор ретінде де қолдануға болады. Ол үшін шыны сауытқа қажетті тұнбаны құясыз. Өзінің қасиетін жоймаған құрғақ шөптердің қайнатпасы тұнбаның рөлін жақсы атқарады. Кальянның ингалятор ретінде қолданылуы – медицинада таптырмас әдіс. Қайнаған шөп тұнасы бар ыдыстың аузы кең болған жағдайда, ыстық будың көп бөлігі сыртқа шығып кететінін ескерсек, кальян арқылы демалу пайдалырақ екенін түсінер едік.
Тәжірибе негізінде…
Темекіден түбегейлі бас тартқан өркениетті ел саналатын АҚШ жастары, әсіресе колледж бен университет студенттері кальянға әуес екен. Сабақтан шаршаған жастар темекі шекпеу туралы бұрыш-бұрыштағы ескертпелерді көріп, кальянға көшкен болуы керек. «Тіпті олардың өмірі кальянмен ғана қызықты болатын жағдайға жеткен. Осының артында тұрған қауіпті сезген америкалық ғалымдар Adolescent Health басылымына кальянның зияны туралы көлемді мақала жазып, жастардың көзін ашпақ болған. Ғалымдардың пайымдауынша, кальян мен темекі – ағайындылар. Екеуі де ағзаға шайыр, никотин, улы газ жібереді. Тіпті кальян тарту кезінде темекі түтінін жұтқанға қарағанда, ұзақ әрі терең демалуға тиіссің. 700 студент қатысқан зерттеу нәтижесінде жастардың никотинге деген әуестігі артқаны анықталған.
Не дегенмен, кальян тартып отыру қаншалықты «эстетикалық мәнге» ие екенін түсінетін жастарға «кальяннан аулақ жүр» деп ескерту жасағаннан гөрі, тазалық сақтап, кальян қоспасының құрамына мән беріп жүр деп ақыл айтқан дұрыс шығар. Сән сәнімен, бірақ денсаулық керек.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
+2 дауыс
3 жауап
0 дауыс
5 жауап
...