Айтсақ шекпей қаласын ғо дәәә. Ия зиян екен.
1) Темекі шекпейтін қорқор(кальян) шегетін жастарымыз; Қорқор болмаған жағдайда темекі шегіп бастау қаупі бар.
2)Қорқордағы су сүзгіші барлық денсаулыққа зиянды заттарды сүзбейді.
3)..................................................................
жалпы мына мақаламен таныссаң игі:
Медицина мамандарының ғылыми зерттеулері мен пікірлеріне тоқталайық.
Олар қорқордың да темекі секілді әзiрленетiнiн, оның қаншалықты зиян екенін айтуда. Осы саладағы жасалған соңғы зерттеулерге көз жүгіртсек, қорқор өкпе, жүрек-қан тамырлар аурулары, сондай-ақ, жаман ауру – қатерлі ісіктің өршуіне әкеп соқтырады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дабылына құлақ түрсек, қорқор түтіні темекідегіден де көп көмірқышқыл газы мен ауыр металдардан тұрады. Қорқор шегушілердің қанындағы котонина (cotinine) шылым шегушілерге қарағанда жоғары болады екен. Канадалық медицина мамандары әдеттегі табак шөбін қабылдағанға қарағанда кальянның зияндылығы едәуір үлкен деген тұжырымда. Неміс ғалымдары кальянның зияндығын анықтайтын аппарат ойлап тапқан. Олар адам өкпесіндей цилиндр-дің ішіне қорқордан шығатын түтінді жіберген. Нәтижесінде сол цилиндрдің ішіне енген түтінді көрсетіп тұратын құрылғы өзіне жұтылған түтіннің көлеміне қарай соншалықты зиянды қалдықтар-дың жиналғанын көрсеткен. Қорқор шегу арқылы ішке кіретін 25 грамм табак 60 тал шылым шеккендей әсер береді.
Құрамында никотині бар заттың зиянды екендігінде ешкімнің де шүбәсі жоқ. Қорқор пайдаланушылар «қорқор құтысында сүзгіш (фильтр) бар, ол қорқор құрамындағы зиянды заттарды жақсы сүзгіден өткізеді» деп өздерін ақтап алып жатады. Алайда қорқор құтысындағы баяулап жанып тұрған көмір мен түтіннің қызуы – Цельсий бойынша 400 градусты құрайды.
Әрине, хош иіске құныққан адамның құмарлығы одан да арта түсетіні белгілі. Түбінде ол дертке айналады. Гигиеналық тұрғыдан таза деп те айта алмайсыз. Себебі бір емес, бірнеше адам бір түтіктен сорған соң, оны «жұқпалы індеттің ордасы» деп атауға да болады. Ауыздан-ауызға өткен соң, одан герпес, туберкулез, сары ауру сынды жұқпалы дерттердің өрши түсетіні дәлелденген.
Мәлімет көзі: www.islam-orkeniet.kz