0 дауыс
1.3k көрілді
Ойлап қарасаң туған күн бір жылда бір келеді, демек адам бір жасқа қартайды, ажалына бір жыл жақындады деген сөз. Бұны бәрі біледі,сондада қуанып тойлайды, неге?

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Туған  күнді адамдар өткен жылдан келесі жылға аман-есен жеткендері үшін тойлайтын сияқты
Келісуге болады.
+2 дауыс
Менің ойымша  адам баласы өмірге бір-ақ рет келеді сондықтан қысқа  уақытын қызықты қылып өткізгісі келді. Таза мұсылман адам үшін өлім қуаныш болады.
Тұжырымың қорқыныштылау екен...
+1 дауыс
Бұл сұрақты бірінші өзіңізге қойып ойланып көріңіз.....
Білмегенен соң сұрап отырмын ғой.сендер ақырзаманның көктүйнегісіңдер ғой білерсіңдер.
+1 дауыс
Туылған күнiне амансау жеткенiне куанатын шығар. Жастан жасқа жете бер деп тiлек айтып жатадығо.
Мүмкін... . бірақ бір жасқам келген немересіне туған күн жасайтындар ше?
+1 дауыс
Егер баспен ойлап қарасақ туған күн тойлау қате деп ойлаймын.Шынымен де адам бір жасқа қартайады.Бірақ бұл бізге қалыптасып қалған.Туған куніміз келсе үлкен бір мерекедей тойлаймыз.Жалпы туған күнді жастар көп тойлайды.Ал үлкен кісілер туған қунді тіпті елемейді де,өйткені олар өлімнің жағындағын сезеді-ау деймін.
Негізі пікіріңнің жаны бар ау...
+1 дауыс
Туылған күн жылына бір рет келеді көңілін көтерілу үшін,егер көңілің көтерілмесе туылған күніңізге мені шақырыңыз,қызықты өтудің түрлерін білемін.
Рахмет,бірақ қатесіз жазуды үйрен.
+1 дауыс
Аман сау жеткені үшін тойлайтын сияқты немесе өмірдің қызығын көріп қалайық деп тойлайтын сияқты деген тіпті дұрыс емес. Әр адам әрқалай тойлайды. Біреулер үшін әдет болса, біреулер үшін қалаыптасып қалған жәйт. Айналаға қарап отырсаңыз мұңайған жұрт, көңілсіз өмір. Жылына бір келетін туған күнді күнделікті өмірдей "ойбай, қартайдық, өлімге жақындадық" деп мұңайып қарсы алғаннан, бір күн болса да көңілді өткізгенге не жетсін? Бәрібір, бір жасқа қартайдық десек те өмір тоқтап қалмайды, біз қанша қиналсақ та бәрібір бір жасқа қартаямыз. Ащы шындықты мойындай отырып, мұңайғаннан қуанғанды дұрысырақ көретін болар.
Мен өзім де туылған күнімді әсте тойламаймын, асып тасып тойлаған туылған күнім болған емес. Елеусіз ғана отбасымызбен тілек айтып өткіземіз, болды.
Келісемін,бірақ...
+1 дауыс
нәресте дүниеге келгенде тағы бір адам баласы дүниеге келді, халқымыздың мақтанышы болар, бізге мол қуаныш әкелер деп тойлатады, 4-5 жасын жүруге жарады бізге қолғабыс жасайтын жасқа жетті деп тойлатады, 7жасқа толғанда мектеп жасына келді, білім алып, жақсы оқып үйіміздің көзашары болар деп тойлатады, 18 толғанда кәмелетке келді, мектеп бітірді үйіміздің керегесін көтерер бала болды деп тойлатады, 21 толғанда жастар клубтарға, ресторандарға бара алатын болдық деп те тойлатып жатады, 23 толғанда ЖОО бітіреді елімізге қызмет етіп халық мақтанышы болар деп тойлатады, 58-63 келгенде шүкір зейнеткер болатын жасқа да жеттік деп қуанышпен тойлатады. Қарап тұрсаңыз  әр келген жылды тек қартайдым деп қана қабылдамай жас қосылған сайын алдыңнан ашылар мүмкіншіліктерге қол жеткізе алатыныңа қуанып тойлату керек деп ойлаймын.
Бұлай болса тамаша болар еді.
0 дауыс
Ал сіз өзіңіз туған күніңізді тойламағансыз ба ешқашан сонда? Алдымен ойланып көріңіз
+1 дауыс
Бізге қазақ тілі пәнінің мұғалімі айтып еді. Осы адамдар туған күнді несіне тойлайды деп. Адам өлімге бір жыл жақындағанын тойлай ма сонда?-деп айтып еді,көңілім құлазып кетті.
...