0 дауыс
5.3k көрілді
Сәлеметсіздер ме? Сіздерден сұрағым келгені менің жүріп жүрген жігітімнің жақында туылған күні соған не истесем болады?..не сыйлаймын???...шынымды айтсам осыны ойлар басым қатып жүр,содаан сіздерден сұрайын деп шештім....Апкелер сіздер өз сүйіктілеріңіздің туылған күнін қалай өткізіп едіңіздер бөлісе отырыңыздар!? Кеңес беремін деушілерге:жалпы менің жігітім әнші,аранжировчик(қазақшасын білмейді екенмін айып етпеңіздер)бірақ оның музыкасына жалпы жұмысына керекті нәрсе бергім келмейді,оданда ерекше нәрсе бергенім дұрыс шығар?білмеймін...Олл 93жылғы өзім 99жылғымын жүріп жатқанымызға 2ай болды(сол себепті болар шыны керек не ұнатып не ұнатпайтынын әлі толық білмеймін).Өзімнің ойым не болсада оны қатты жақсы көретінімді сүйетінімді оның мен үшін қымбат жан екенін білдіретіндей әрі есте қаларлықтай бірнәрсе болса деймін бірақ ойланып еш табалмадым(бұрын соңды жігітке сыйлық жасап көрмегенмін,содан да қобалжимын)..меніңше ол туылған күнін бір жерде жасайды оның таныстары араласатн адамдары достары өте көп солардын бәрінің басын қосып бір жерде жасайтын шығар деп ойлаймын..Сондықтан мен жеке екеуміз ғана болатын кеш жасай алмаймыын....Тағы айта кететінім ол қарапайым бірақ ол танымал жігіт егер сыйлық сыйлайтын болсам ерекше және қымбат сыйлық беруім керек шығар деймін...себебі жоғарыда айтқанымдай оның араласатын адамдары көп олардың бәрі қызы не сыйлады екен?деп сұрағыштап сынайтындары белгілі..сондықтан менің сүйіктім де өзім де ұялмайтындай жұрттың бәрі де жігітім де ооо деп таңырқаап қарайтындай бірнәрсе болса деймінн....Ұсыныстарыңыз олса міндеттй түрде жазыңыздар мен тағатсыздана күтемін.Және өз бастарыңыздан бұндай жағдай өткенде не істеген едіңіздер бөлісіңіздер!?

3 жауап

0 дауыс
Әтір сыйлаңыз, ерекше болу үшін шығыс май негізінде жасалған Al Haramain, Swiss Arabian, Rasasi сияқты фирмалардың әтірлерін сыйлаңыз. Мешіттің жанында сататын 500 теңгелік Al-Rehab емес. Бұл әтірлердің ерекшелігі олар мұрынға үйреншікті европалық Allure Homme Sport, Antonio Banderas сияқты емес. Парфюм болмаған соң басқаша ашылады. Яғни ол иіс міндетті түрде сізбен байланысты, қысқаша айтқанда ол иісті сезген сайын сізді есіне алып тұрады :)
0 дауыс
Кәмпит  сыйлаңыз  қалжың
0 дауыс

Бір нәрселерді өлшеу үшін арналған құралдар. Мысалы, термометр, барометр, динамометр деген сияқты. Бұндай құралдар бірден есте қалатын ерекше сыйлықтардың қатарына жатады. Олардың кейбірінің құны кәдімгідей қымбат, ал кейбірі тіптен арзан. Мысалы, термометр. Неге менің сүйіктіме барометр қажет, ол теңізші емес қой деп басыңызды қатыруыңызға да, жәй ғана сатып алып сүйіктіңізге сыйлық қып апарып беруіңізге де болады. 

Жігітіңізге өзін әскер не аңшы ретінде сезіндіретін құралдар. Әсіресе әскерге барып келген жігітіңіз үшін әскери сыйлықтар сай келмек. Мысалы, фонарик, карта, компас, бинокль деген сияқтылар. Рация, ұялы телефондар тіптен керемет сыйлық!

 Спорттық құрал-саймандарды да ұялмай сыйға тартсаңыз болады. Гантель, грушалар т.б. 

Көліктің құрал-жабдықтары. Жігіттеріміз машинаны қыздардан артық жақсы көрмесе, кем жақсы көрмейді. Әрине, қалжың. Дегенмен, еркектердің өмірінде машина аса зор рөл атқарады. Бұндай сыйлықтарды алуда өзіңіз де машинаның «тілін» жақсы білгеніңіз дұрыс немесе машинаның құрал-жабдықтарын жақсы білетін таныстарыңыздың көмегіне сүйеніңіз

Кітап. Кітап кім-кімге де таптырмас сыйлық. Әсіресе, өзі сүйіп оқитын жазушысының кітабын сыйласаңыз жақсы сыйлық болмақ. 

Естелік заттар (сувенир)Әдетте, бір жерге барсақ, міндетті түрде өзімізге қымбат жандар үшін сыйлық әкелуді ұмытпаймыз. Сол елдің дәстүрін айқындайтын, салтын көрсететін сыйлықтар әлбетте кім-кімге де ұнайтыны сөзсіз. Сүйікті адамыңызға да сувенирлерді қысылмай беруіңізге болады. Сіздің оған деген махаббатыңызды паш ететін естелік заттар көздің жауын аларлықтай әдемі, мағыналы, сәйкесінше кез келген жерге сыйып кететіндей шағын болғаны дұрыс. Қалтаңыз қалың болса, бұдан да қымбат сыйлықтар алып, сүйіктіңізді қуантуыңызға болады. Мысалы, велосипед, көлік т.б.

Галстук. Ең көп силанатын сыйлық болып саналады. Жұмыста жетістікке жетуін, көп жиындарда ерекше көзге түсіп мәртебелі болып жүргенін қаласаңыз галстук сыйға тартыңыз. 

Әтір. Күнделікті өмірге етене сіңісіп кеткен әтірдің қазіргі кезде көптеген түрлері бар. Жас жігіттерге, егде жандарға, іскер жандарға, спортпен айналысатындарға әр қалай таңдауға әбден мүмкіндік бар. Әтір сыйлар болсаңыз адамның мінез ерекшелігі мен өмір салтына баса назар аударыңыз.

Кітап. Барлық ер-азаматтарға сыйлана бермейтін сыйлық түрі. Оқу-білімді жанына серік еткен жан бұл сыйлығыңызды өзіне жасаған жақсылық ретінде қабылдап, сол кітапты көргенде сізді есіне алып отырады. Кітап таңдағанда сол ер-азаматтың қандай саланы қызығып оқитынын біліп алыңыз. 

Жейде. Көп жағдайда ерлі-зайыпты болған кезде сыйлауға болатын сыйлық жейде көп жағдайда аса қызықты сыйлық бола қоймайды. Киімге аса мән беріп, үнемі киім ауыстырып жүретін жан ғана жейдені сыйлық ретінде бағалай алады.

Сағат. Жұмыста табысты болғанынды тілеймін деген мағынаны білдіреді. Сағат көбіне жігерлі, белгілі бір қызметпен жүрген жандарға сыйланады. Бет орамал. Ізгі ниетіңіз бен таза жүрегіңізді білдіреді. 

Сақина. Азаматтың мінез-құлқына қара таңдап берілетін сыйлық. Алтын сақинаға қарағанда күміс сақина ер адамдарға лайықты деп есептелінеді. 

Киім түрлері. Өзінің қызығып жүрген, қолы жетпей жүрген киім түрін білмесеңіз, бұл сыйлық түріне көп жақындамағаныңыз жөн.

 Қаламсап сыйлау қызмет дәрежесі жоғары жандарға таптырмас сыйлық. Қазіргі кезде қаламның әр түрлі бағадағы көп таңдауы бар. Сапасы мен дизайны керемет қалам таңдаңыз да өз қызметін жақсы көріп бағалай білетін жанға сыйға тарта беріңіз. 

Қызығатын спорт түріне қатысты заттар. Футболдың жанкүйері болса, футболка, доп немесе ұнататын командасы түскен сурет, футбол тарихы туралы кітаптар, не футбол тақырыбында шығарылатын журнал түбіртегін сыйлауға болады. Дəл осы секілді етіп, басқа спортқа қатысты сыйлық түрлері сыйлығыңызды ерекше етері анық. Бокс жанкүйеріне бокс қолғап, баскетбол болса, доп немесе атақты баскетбол ойыншыларының суреті, осы секілді сыйлықтар бірқатар сыйлықтар қатарында ерекшеленіп көрінері анық.

Мәліметтер ашық ақпарат көздері арқылы дайындалды

...