+1 дауыс
2.4k көрілді
Мысалға,   жақсы  адамдар  басқа  адамдармен  қарым  қатынаста  болып,  оларға  бір  нәрсені  сеніп   тапсырады,  ал  айналып  келгенде  әлгі  сенген  адамы  көңілін  қалдырады. Соңында  жақсы  адам  зардап  шегеді.  Керісінше  бір  өсекші, бүлдіргі,  жала  жапқыш  адамдар  келесі  бір  жақсы  адаммен  қарым  қатынаста  болса, сол  адамның  артынан  неше  түрлі  өзіндегі  бар  мінездерді  тізіп,  ол  енді  мені   өсектеп  жатқан  шығар,  ол ендігі   бәрін  бүлдіріп  қойған  болар,  немесе  мені  жамандап  жатқан  шығар  деген  сияқты  нәрселерді  ойлайды.  Мен  бұл  сұрақты  қойған  себебім,  менің  қазіргі  айналамда  жүрген адамдарды   көргесін  қойдым. Ал  енді  сіздер  қалай  ойлайсыздар?

5 жауап

+2 дауыс
Орысша жазғаныма айып етпе. "Изменит человека-это никому не под силу"
+1 дауыс
Мына дүниеде ең ақылды да, ең ақымағы да адам, санасы жетпейтін адам өзгенің артықшылығын бағалай алмайды.
+1 дауыс
"Ағайын бар болсаң көре алмайды,жоқ болсаң бөліп бере алмайды"- деген қайран бабаларымыз,осы жердегі "Ағайын" сөзінің орнына адамдар сөзін қойып оқып көр,сонда бәрі түсінікті болады.
+1 дауыс
Жаман адам не болмаса жақсы адам деп бөлгенің дұрыс болмас. Адам жаман не жақсы болмайды. Кез келген адам баласында жақсы қасиеттермен қоса, жаман қасиеттер болады. Ол әр адам баласына тән қасиет. Бірақ, өкінішке орай, адамдардың барлығы тек жаман қасиеттерді ғана көріп үйреніп қалғанбыз. Сосын бұл адам жаман дейміз. Расында келгенде солай ойлап тұрған біздің де жаман болғанымыз ғой.
 Сіздің жағдайыңызға келетін болсам, ол адам сырттан мені жамандап жатыр ау деп неге ойлайды дейсіз.. Бірақ сіз өзіңізге сұрақ қойып көріңізші, мүмкін ол адам олай деп ойлап жатпаған болар, сіз солай жаман ойлап тұрған шығарсыз. Демек бұл біздің тек бір ғана жорамалымыз. Сондықтан, айтарым адам сіз туралы жаман ойламасын десеңіз, бірінші өзіңіз сол адамдар туралы жаман ойлағанды қойыңыз.
 Мен жай ғана өз пікірімді айтып шықтым, ары қарай белгілі бір нәтиже шығару сіздің қолыңызда. Ойланып көріңіз.
Карина, өте дұрыс айтасыз. Адам баласының  жақсылыққа да, жамандыққа да бейім болып келеді. "Жақсы" деген адамның өзі жамандыққа барып жатқан жағдайлар да жоқ емес. Сондықтан мұндай жақсы-жаман деген жікшілдіктен арылып, бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға ұмтылғанымыз дұрыс болар. "Жақсы адам жақсымын деп айта алмайды, жамандар жақсымын деп айғайлайды", - деген халық мақалының астарында қанша мағына жатыр. Сондықтан өзгенің жамандығын ине мен жіпке тізгеннен түк те пайда жоқ. Жақсы, жаман деп баға беру біздің қолымызда емес. Жақсы екенімізді дәлелдеуге тырысқанымызды, жасаған жақсылығымызды міндетсінгенімізді Аллах та құптамас. Жақсы болсаң да, жаман болсаң да өзіңе. Әр нәрсенің есебі бар, таразығы салынатын өлшемі бар....
+1 дауыс
Мен      Karina Atar  мен келісемін!
...