+2 дауыс
340 көрілді
Сайтта отырған адамдардың бәрі өмір, махаббат,таныстық, достық тақырыбындағы сұрақтарға тым жақсы, көңіл толғантарлық, терең ойға қалдырарлық тамаша жауаптар беріп жатады. Егер сіздің басыңызға сұрақтардағыдай жағдайлар туа қалғанда сіз өз жазған жауабыңыздай әрекеттер жасайсызба? Мысалы мен өз басым өзімнің берген кеңестерімдегідей, былайша пайызбен айтқанда тоқсан пайыздай істемеймін! Ал сіз ше?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жалпы біз қазақ деген халықпыз.Қазақ болғаннан кейін ақыл айтқыш халықпыз.Біреуді жөнге салғанды,үстіндегі мінін айтқанды,сыртынан өсек тарату жағынан алдына жан салмайтын халықпыз.Негізі менде көп сөйлеп кеттім.Сұрағыңызға жауап беретін болсам,менің  өмірімде дәл солай өтсе мен не істесем дәл соны айтамын және мен сияқты қателеспеуін ұсынатын едім.Ал егер басымнан өтпеген жағдай болса тып-тыныш отыра беремін.Себебі басыңнан өтпесе сен ол тұтынушыны түсінбейсің.
сен ол тұтынушыны түсінбейсің))) рас айтасыз бірақ оларды біз қолданушылар деп атаушы едік
+1 дауыс
81%
Жауап жазып өмірде қолданбаймын, керісінше, Өмірден 17 жыл ішінде түйгенімді/естігенімді/білетінімді Жауап ретінде қалдырамын. Қысқасы: Өмірдегіні Сайтта іске асырамын.Бірақ,кейбір  мотивациялық жарияларымды Өзіме қолданбаппын.
+2 дауыс
*сұраққа жауап берген сияқты дейсіз бе?ммм.............
 жалпы мен  егерде өмірімде сондай жауап беретіндей өз-өзімнен ойланып жауап беретіндей жағдайлар туындап жатса әрине жасаймын. Бірақ кей жағдайларда іске аспай қалатын кездерде болады*
+1 дауыс
Сайттың сұрақтарына жауап берген кезде, өзімнің ойымды айтып, пікіріммен бөлісемін. Ал сұрақ қойған кезде жазылған жауаптарды қорыта отырып, өзім бір шешім қабылдаймын. Басыма сұрақтағыдай жағдай туа қалса, өзімнің жазған жауабымдай әрекет жасауға тырысамын.
+2 дауыс
Негізі нені болса да іске асырғаннан гөрі,айтқан оңай,ойланатын сұрақ екен...
+2 дауыс
*Шынымды айтайын, өз жауабымды өз өмірімде 50 пайызын жасайтын шығармын, керісінше басқалардың жауабын жиі қолданамын!!!*
+1 дауыс
Жоқ, өкінішке орай өз өмірімде өзімнің  осы сайтқа жазған жауаптарымды соншалықты кәдеге асырмайтын секілдімін.Білмейді екем.
+1 дауыс
мына жақта бәрі шындық айтып кетті ғой. Мен де айтайын. Алдымен Құдай бәле жаладан аулақ қылсын .Небір сұрақтар бар ғой. Егер осындай болып қалағанда өзім берген кеңестердің тек 60-70 пайызын жасаймын. қалғанын достарымнан сұраймын. Шындық осы.
...