0 дауыс
571 көрілді
Медитацияны қалай жасап жүрсіздер, сол туралы ?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Медитацияны күніне екі рет жасаған жөн. Оған таңертең және кешке 15-20 минуттай уақыт бөліңіз. Таңертең медитация ойды жинақтап, дене мен сананы қуаттаса, кешке шаршаңқы күйден арылып, артық ойларды жоюға көмектеседі. Ең басты шарт: медитацияны күнде жасау керек.

Қай жерде?

Медитацияны үйде, тыныш жерде жасау керек. Сізді ешкім, ештеңе алаңдатпағаны жөн. Медитацияны ұйықтайтын бөлмеде жасамауға кеңес береміз. Себебі миыңыз ұйықтайтын бөлмеде демалып, босаңсығаныңызды "түсінгенде" ұйықтау керек деп ойлап, қалыпты қызметіне кіріседі.

Егер басқа бөлмеде медитация жасауға мүмкіндік болмаса, әрине, өз бөлмеңізді таңдауға мәжбүр боласыз. Күн жылы болса, жақын маңдағы ірі саябаққа барып, ешкім жүрмейтін жерде отыруға болады. Алайда, ең алдымен, ол жердің қауіпсіз екендігіне көз жеткізіңіз.

Дене

«Лотос» қалпында (суреттегідей) отыру міндетті емес. Ең бастысы, арқаңыз тік болуы керек. Отырысыңыз өзіңізге ыңғайлы болғаны дұрыс. Арқаңыз тік болса, дұрыс дем алып, дем шығарасыз. Медитацияны жатып жасасаңыз, ұйықтап қалуыңыз мүмкін.

Босаңсу

Ыңғайлы қалыпты тапқан соң денені бос ұстап, дем алыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Белгілі бір нәрсе жайлы ойлаңыз. «Мен бақытты адам болуғалайықпын», «менің табысым шексіз», «мен үлкен жетістіктерге жетіп жатырмын», «мен өзімді жақсы көремін, мені бәрі жақсы көреді және мен де өзгені жақсы көре аламын», «өзгелер мені сыйлайды, құрметтейді», «менің денсаулығым мықты, денем шыныққан», «мен материалдық және рухани тұрғыда баймын» деген сияқты ойларды 15 минут бойы қайталай беріңіз. Егер басқа нәрсеге ойыңыз ауып кеткенін байқасаңыз, асықпай қайтадан позитивті ойға оралыңыз. Осының бәрін бейне бір саяхат ретінде қабылдаңыз.

Заманауи адамның өмірі әртүрлі қызыққа толы. Кездесулер, жұмыс барысында туындайтын жағдайлар, жаңа дүниелер, ғаламтор, достарыңыздың жаңалықтары сынды нәрселерді миыңыз дер кезінде қабылдап, «қорыта» алмайды. Сондықтан медитация кезінде сол нәрселер ойыңызға келіп, әртүрлі сезімдер пайда болуы мүмкін. Бұл – қалыпты жағдай. Ол үшін ызаланып, медитацияны бұзылды деп ойламаңыз. Ойға келген қажет емес нәрселерді сырттай бақылауға тырысыңыз. Олардың есікті ашып, кіріп-шыққанын елестетіңіз. Содан соң қайтадан жоғарыда атаған позитивті нәрселер жайында ойланыңыз. «Ойларды қуу керек», «босаңсуым керек», «медитация жасай алмаймын!» деп уайымдамаңыз. Уақыт өте келе әр ойыңызды бақылап, басқара алатын боласыз.

Медитацияның көмегімен ашу-ызаны билеуді үйренесіз. Белгілі бір жағдайға байланысты туындаған мәселеге қатысты сіздің санаңызда қандай сезім пайда болғанын байқай бастайсыз. Керек уақытта тез шешім қабылдауға дағдыланасыз. Шыдамды, сабырлы болуға үйренесіз.

Толығырақ.

...