0 дауыс
460 көрілді
Компьютерден тұрған бойда көз жаттығуын жасайсыз ба?

2 жауап

0 дауыс

Шынымды айтсам мен көз жаттығуларын көп жасай бермеймін. Өте қажет екенін білемін. Бірақ көпшілігіміз осы жаттығуларға мән бермейміз.

Кейде компьютерге көп отырғаннан көзім ауырып кетсе ғана көз жаттығуларын жасаймын. Ал былайша компта жұмыс жасап болғаннан кейін көп мән бере бермеймін.

Көз жаттығуларын еске сала кетсем:

1-жаттығу

Шынтағыңызды үстелге тіреп, алақандарыңызбен көздеріңізді жабыңыз. Жаттығу ұзақтығы — 5 минут. Осы жаттығуды күніне 2-3 рет қайталаңыз. Алақаныңыздан тараған жылу мен қараңғылық көздеріңіздің шаршауын басады.

2-жаттығу

Таңертеңгілікте көзіңізді жауып, бетіңізге алдымен жылы су, соңынан салқын су бүркіңіз. Жаттығуды 20 рет қайталаңыз. Кешке қарай осы жаттығуды тағы істеп көріңіз. Бірақ, бұл жолы бетіңізге алдымен суық су, сонан соң жылы су бүркесіз. Бұл жаттығу көздеріңіздің қан айналысын жақсартады.

3-жаттығу

Фокус жасау. Әр қолыңызға бір-бірден қарындаш ұстаңыз. Біреуін көзіңізден 15 см қашықтықта тік ұстаңыз. Ал, екіншісін алға созылған қолыңыздың қашықтығында ұстаңыз. Сонан соң көзіңізді бір қарындашқа тоғыстырыңыз да, кірпігіңізді қағып, көзқарасыңызды екінші қарындашқа аударыңыз. Бұл жаттығуды күніне екі рет жасаңыз.

4-жаттығу

Аяқтарыңызды алшақ қойып, бүкіл денеңізбен бір жағыңыздан екінші жағыңызға қарай бұрылыңыз. Көздеріңіз алыстау тұрған бір нәрсеге қадалуы қажет. Ауық-ауық кірпіктеріңізді қағып қойыңыз. Жаттығуды 50 рет қайталаңыз. Т. б. көп.

Мен компьютерде отқанда және жұмысымды бітіріп болған соң , міндетті түрде көз жаттығуларын жасаймын . Өйткені ол көзді демалтады және көз аурын кішкене болса қойдырады. Компьютерде ұзақ отыратын адамдар көз жаттығуларын міндетті түрде жасау керек деп ойлаймын.Көзге мына жаттығуларды жасауға болады.

    Көзіңізді жиі-жиі жыпылықтатыңыз
    15 минуттан соң 2-3 минуттай алысқа қараңыз.
    20 минуттан соң екі шынтағыңызды үстелге тіреп, алақаныңызбен екі көзіңізді 1-2 минутқа жабыңыз.
    1 сағаттан соң, омыртқаға арналған жаттығуларды істеңіз:
    Оң және сол жаққа еңкейіп-шалқайыңыз. (1-2 мин)
    Беліңізді айналдырыңыз (1-2 мин) (“круговые движения туловища” дегенді қалай аударсам болады?)
    Ең болмаса, компьютер үстелін бір айналып шығыңыз.
ез келген көзге арналған жаттығу көз бұлшық еттерін шынықтырып, көз ауруларының алдын алу үшін жасалады. Сондықтан, көзіңіздің көруі нашарласа, жаттығуларға сеніп жүре бермей, бірден окулиске жүгінгеніңіз жөн.
Кеңесізіңге көп-көп рахмет!
Оқасы жоқ )).
0 дауыс
көз жаттығуларын мен жасаймын бір точкага карап бир 15 минуттай отырасыз сол кезде жаксы болады ал нақа болмай жатса бир точкага карап  көзді жөғары төмен карап отыразыздар!
...