+1 дауыс
23.7k көрілді

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сізге толығырақ айта кетейін..
Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Түндік — таза көк аспанын бейнеллейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.
Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.
Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.
Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.
+2 дауыс
Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.
<br>
P.S. Біліп тұрып қойған сұрақтар жасырылады. Сайт ережесіне қайшы әрекет деп бағаланады.
0 дауыс
Оте керемет маган катты керек еди сизге улкен ракмет
...