0 дауыс
15.8k көрілді

Капитанның погоны қандай, Лейтенанттікі қандай деген сияқты ғой) Кіші сержанттан бастап Полковникке дейін. Рахмет!

1 жауап

0 дауыс

 

Жұлдыздар әскери атағына сәйкес орналастырылады:

1) полковниктерде (1-дәрежелі капитандарда) - үш жұлдыз, олардың төменгі екеуі погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 35 мм, үшінші жұлдызы - погонның осьтік сызығы бойына алғашқы екеуінен жоғары, погон бойындағы жұлдыздар орталығының арақашықтығы - 25 мм;

2) подполковниктерде (2-дәрежелі капитандарда) - екі жұлдыз, погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 35 мм;

3) майорларда (3-дәрежелі капитандарда) — бір жұлдыз, погонның осьтік сызығы бойына орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 55 мм.

Жұлдызшалар әскери атағына сәйкес орналастырылады:

1) капитандарда (капитан-лейтенанттарда) - төрт жұлдыз, олардың төменгі екеуі погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 30 мм, үшінші және төртінші жұлдызы - погонның осьтік сызығы бойына алғашқы екеуінен жоғары, погон бойындағы жұлдыздар орталығының арақашықтығы - 20 мм;

2) аға лейтенанттарда - үш жұлдыз, олардың төменгі екеуі погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 30 мм, үшінші жұлдызы - погонның осьтік сызығы бойына алғашқы екеуінен жоғары, погон бойындағы жұлдыздар орталығының арақашықтығы - 25 мм;

3) лейтенанттарда - екі жұлдыз, погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі арақашықтық - 30 мм.

http://www.shekaraknb.kz/ru/obraztsyi_voennoy_formyi_odejdyi/opisanie_i_risunki_obraztsov_pogon?lang=kz (нақты ақпаратты толықтай осы сілтемеге өтіп оқи аласыз) Бұл РФ-ның әскері шендері бойынша жіктеліп көрсетілген сурет, ҚР-да да шеңдер ойылай бөлінеді.

...