0 дауыс
2.9k көрілді
Оңтүстік Африка Республикасы қай салада, не өндіруден, нешінші орында екенін айта аласыздарма? (тауып бере аласыздарма?) Өтініш жуық арада керек еді.

1 жауап

0 дауыс

Жан басына шаққандағы жылдық табыс мөлшері 7490 АҚШ доллары шамасында. Халықтың 85%-ы аграрлық салада жұмыс істейді. ОАР алтын, платина, хром, марганец, сурьма, алмас өндіруден дүние жүзінде алғашқы орындарда, уран өндіруден 2-орында. Өнеркәсібінің жетекші саласы – тау-кен өндірісі. Оңтүстік-батыс бөлігінде мұнай өндіріледі. Көмір өндірудің басты аудандары – Трансвааль, Наталь провинциялары, Қызғылт атырабы. Қара металлургияның басты орталықтары – Претория және Фандербейлпарк. Машина жасау, химия, мұнай айыру, мұнай-химия, тамақ өнеркәсіп салалары дамыған. Металл, металл өңдеу өнімдері, алтын, қымбат бағалы тастар, өнеркәсіп өнімдері, т.б. сыртқа шығарылса, механикалық аспаптар, киім, машиналар және жабдықтар, жеміс-жидектер, мұнай және мұнай өнімдері, т.б. сырттан әкелінеді.

Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, ГФР, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария.


https://kk.wikipedia.org/

...