+1 дауыс
884 көрілді

Африка күнтізбесінің біздікінен не айырмашылығы бар? Жан-жақты толығырақ жауап берсеңіздер. 

3 жауап

+1 дауыс

Бір білетінім бар еді: Біздегің жаз айлары Африка елдерінің оңтүстік бөлігіндегі елдерде қыс айлары болып табылды екен. Ал күнтізбесінде айтарлықтай өзгерістер жоқ.

+1 дауыс

Африканың кейбір аймақтары Хижра күнтізбесін ұстанады.Ол күнтізбере 13 ай бар.Мысалы қазір Эпиофияда 2006 жыл

0 дауыс

Африка күнтізбесінің ерекшелігі - миләди күнтізбесі.

Хижра (араб.: هجرة‎ — көшіп жүру, қоныс аудару) — Ислам дінін ұстайтын мұсылман елдердегі жыл санау жүйесінің басталатын күні. Хижра күні біздің күнтізбеміз бойынша 622 жылдың 16 шілдесіне, жұма күніне келеді.Хижра дәуірін Мұхаммедтің орнына отырған екінші халиф Омар (Ғұмар бин әл-Хаттаб) 637 жылы тағайындаған. Хижра күнтізбесінде жыл Ғұмардың жарлығы бойынша 12 айға бөлінген, тақ нөмірлі айлар 30 күннен, жұп нөмірлі айлар 29 күннен есептелген, айлардың белгілі атаулары болған. Сонда жыл 354 күн болады. Бертін келе арабтар күнтізбені табиғи маусымдарға сәйкес келтіріп отыру үшін, әрбір 30 жылда 11 рет жылды 355 күннен есептейтін болды. Осыған орай жылдың соңғы айы — зұлхиджа әрбір 30 жылдың 19 жылында бұрынғысынша 29 күннен, 11 жылында 30 күннен есептеледі. Зұлхиджаның қай жылдары 30 күннен алынатындығы жөнінде тиянақты ереже бар. Бұл күнтізбе ай Хижрасы деп аталады. Кейбір мұсылман дініндегі елдерде (Түркия, Иран, Ауғанстан, т.б.) жыл санау жүйесінің басы ретінде Хижра, яғни григориан күнтізбесінің 622 жылы алынады да, жылдың ұзақтығы григориан күнтізбесіндегідей, 365 (366) күннен есептеледі. Бұл күнтізбе күн Хижрасы деп аталады. Ай Хижрасы бойынша бір жылда 354 не 355 күн болады, ал біздің күнтізбеміздегі бір жылда 365 не 366 күн бар. Біздің жылымыздан ай Хижрасындағы жылдың 11, кейде 12 күні кем. Сондықтан бізше бір жылдың ішінде ай Хижрасын қолданатын елдер жаңа жыл мейрамын екі рет өткізуі мүмкін. Мысалы, ай Хижрасының 1396 жылы 1976 жылы 3 қаңтарда, ал оның 1397 жылы 1976 жылы 23 желтоқсанда басталды.

Біздердікінен ерекшелігі - ай һижрасы және күн һижрасы күнтізбелерімен жүреді, кейбір жерлерінде григориандық күнтізбемен жүретіндер де бар екен. Олар күнтізбесі жайлы мында жазылған екен, аударсам тура мағынасынан ауытқып кете ме деп, сол күйінде ұсындым:

"Сенегальский философ Алассан Ндав, говоря о специфике понятия времени в массовом сознании африканцев, отмечал, что у африканцев есть множество календарей, различающихся в соответствии с экономическими и религиозными особенностями жизнедеятельности этнических групп. Конкретность понимания времени проявляется в употреблении обыденных, наглядных критериев для измерения течения времени: во-первых, по отношению к какому-то важнейшему для данной общности событию – «раньше», «во время », «после»; во-вторых, по отношению к эпохе жизни некоторых определенных предков; в-третьих, по отношению к природным циклам, сезонам. При этом время «раньше», то есть прошлое, всегда более ценно, чем время современное или будущее.

В отличие от европейского математического времени африканский календарь носит феноменологический характер и отражает смену ритмов природы, человеческой жизни, общественной группы. И в природе и в жизни человека и коллектива существуют рождение, взросление, воспроизведение потомства, смерть – ключевые ритмы, а также промежуточные ритмы и временные континуумы, связанные со сверхъестественными явлениями: жизнь человека и его двойника во сне, существование предков, духов и т.д."

Араб күнтізбесі жайлы және осыған ұқсас сұрақты оқыңыз. 

Дерек көзі: 1,2.3.4.5

Рахмет! Бұл сұрақты ұмытып кетіппін! Бір апйдың сұрағы еді. тауып берейін деп қойған едім.
ЖЖ таңдалмапты, сол себепті жазғанмын. Сұрақтарыңа ЖЖ таңдап жүруді ұмытпасаңшы.
Жаза беріңіз.  Сұрағым болмаған соң жақсы жауапты білмеймін.
...