0 дауыс
13.0k көрілді
Африка мен Оңтүстік Америка материгіндегі экваторлық орман зонасын айырмашылығын және ұқсастығы керек бул бжбдан

1 жауап

0 дауыс

Африканың:

Ылғалды экваторлық ормандар.Конгоқазаншұңқыры мен Гвинея шығанағы жағалауын алып жатыр. Бұл орман зонасы табиғат жағдайлары жөнінен Оңтүстік Америкадағы Амазония ормандарына ұқсайды. Биік ағаштар орманның ең жоғарғы қабатын құрайды. Мұнда биіктігі 80 м-ге жететін алып фикустар, сейба ағашы, майлы палма мен шарап пальмасы – рафия, эбен және қауын ағашы өседі. Орманның банан, ағашы тәрізді папоротник, либериялық кофе ағашы, лианалардан тұратын төменгі қабаты адам өте алмайтын қалың ну (джунгли) құрайды. Жануарлар дүниесі бай, Амазония ормандарынан басты айырмашылығы мұнда жануарлар орманның қабатында да кездеседі. Ормандарда шашақ құлақ шошқа, ергежейлі бегемот, жираф тұқымдас окапи, ергежейлі антилопа, иаймылдардан мартышқа, шимпанзе, мандрил, павиан, адам тәріздес ең ірі горилла маймылы, жыртқыштардан қабылан, қауырсындары түрлі түсті, денелері ірі құстар мекендейді. Орманның барлық бөліктерінде топтанған жәндіктер көп, олардың кейбіреулері зиянды. Мысалы, термиттер жолындағы үйлер мен көпірлерді бұзып, зор шығын келтіреді. Ал цеце шыбыны адамдар мен жануарларға ұйқы ауруын жұқтырады.

Жергілікті халық гевея, ананас, кофе, какао, майлы пальма, арахис өсіреді. Бағалы ағаштарды кесу, олардың орнын плантациялармен алмастыру ормандардың ауданының кішіреюіне, топырақтың тозуына алып келеді. Бұл өзгерістер өз кезегінде жануарлар мен өсімдіктердің түр құрамының кедейленуіне себепші болуда. Ылғалды экваторлық ормандар жауын-шашынның азаюына юайланысты біртіндеп ауыспалы ылғалды ормандарға, одан кейін саванналар мен сирек ормандарға ауысады («Табиғат зоналары» картасын қарандар).

Оңтүстік Американың :

Ылғалды экваторлық ормандар(гилея)мен ауыспалы ылғалды ормандар(сельвас).Орман іші өте ыстық, әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді. Топырағы Қызыл-сары ферралитті. Өсімдігі: Ағаштардың биіктігі 80 м-ге дейін жетеді. Мұнда шөптесін өсімдіктер өспейді.Лиана, папоротниктер, орхидея, гевея, бальс ағашы, хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы өседі. Жануарлары: Бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибара, ягуар, пуна, тоты құс, тукан, гаоцин, колибри, ұзындығы 12 м-ге жететін анаконда кездеседі. Жәндіктер өте көп.

...