0 дауыс
Противогаз, яғни  Газ тұмылдырығы  немесе Жеке Қорғану Құралдары туралы қазақ тілінде толығырақ мәлімет іздеп әлекпін.
Әр құрал қалай аталады, бөлшектері туралы, т.с.с. қажетё
05.02.2012
өңдеді 12.5k қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Газтұмылдырықтар - тыныс алу органдарын сенімді қорғау құралы. Олар тыныс алу органдарын, адамдардың көзін, бетін ауадағы зиянды қоспалардан қорғауға арналған. Барлық газтұмылдырықтардың әрекеті сүзгіш және жекелегіш болып бөлінеді.
Сүзгіш газтұмылдырықтар - тыныс алу органдарын қорғау құралдарының негізі болып табылады. Оның қорғау әрекеті адам жұтқан ауаны әртүрлі зиянды қоспалардан алдын ала тазалауға (сүзуге) негізделген.
Жекелегіш газтұмылдырықтар (ИП-4, ИП-5, ИП-46, ИП-46М) деп тыныс алу органдарын, бет терісі мен көзді ауадағы зиянды қоспалардан қорғауға арналған арнайы қорғау құралдарын айтамыз. Оларды сүзгіш газтұмылдырықтар қорғай алмаған жағдайда, сондай-ақ ауада оттегі жеткіліксіз болған кездерде қолданады. Тыныс алуға қажетті ауа жекелегіш газтұмылдырықтардың регенераторлық патрондардағы оттегімен молаяды. Газтұмылдырық алдыңғы жағымен регенеративті патронның тыныс алу қапшығынан тұрады.....
06.02.2012
Аз да болса, пайдалы ...рахмет. Мәліметті қайдан  алдың ?
11 сыныптын алғашқы әскери дайындық кітабынан...
))))) Сол кітапты менсінбеп едім....Тағы да рахмет.

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,876Жауап
153,169Пікір
72,982Қолданушы