0 дауыс
575 көрілді
1. Қандай жерлерде ату үшін орын жабдықталады?
2. Автомат (пулемет) ұрыста қозғалу үшін қандай жағдайда ұсталынып тұрады?
3. Автоматшының жатып ату үшін және тұрып ату үшін қолданылатын жағдайы туралы айтыңдар?
4. Автоматшы (пулеметші) атысты уақытша немесе толықтай тоқтату үшін не істеуі керек?

1 жауап

0 дауыс

Атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
1. Атыс жүргізу кезінде қауіпсіздік олардың нақты ұйымдастырылуымен, атыс алаңында, тирде белгіленген тәртіп пен ережелерді білу және оны қатаң сақтау арқылы жоғары тәртіптілігімен қамтамасыз етіледі.
2. Атыс жүргізушілермен қатар айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәтсіз жағдайларды болдырмау мақсатында:
- Атысты ақаулы қарудан жүргізуге және ақ жалау көтерілгенде атыс жүргізуге;
- Атыс басшысының пәрменінсіз қаруды алуға не оқтауға;
- Тіпті оқталмаған қарудың өзін айналадағы адамдарға немесе жануарларға, нысанаға бағыттауға, көздеуге;
- Оқтаулы қаруды атыс шебінен шығаруға;
- Атыс басшысының пәрменінсіз оқтаулы қаруды басқа адамға беруге немесе қай жерде болсын қалдыруға тыйым салынады.
Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері.
(электрондық оқулықпен жұмыс істеу)
Жалпы ережелер.
Автомат (пулемет) ұрыс жағдайында жарақталған оқжатармен қоса тасымалданады.
Автоматтан ату қарсыластың көрінуі күтілетін нысана мен жер учаскесі көрінетіндей кез келген жерден әр түрлі жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
Жаяу тәртіпте орнынан атыс жүргізу кезінде автоматшы (пулеметші) ату үшін тұрып, тізерлей немесе жатып ату жағдайын қабылдайды. Қозғалыста автоматшы (пулеметші) жүріп келе жатып және қысқа аялдама жасау арқылы атыс жүргізе алады.
Ұрыс жағдайында ату орны командир бұйрығымен таңдалынып, жабдықталады. Ату орны ретінде – ор, жыра, тас, ағаш арты не өз қалауы бойынша таңдалынып алынады. Елді мекендерде атыс орны үшін ғимарат терезелері, шатыр, құрылыс іргетастары таңдалынуы мүмкін.
Атыс орнын күні бұрын дайындау кезінде берілген секторда немесе бағытта атыс жүргізу мүмкіндігін, яки автомат (пулемет) әр түрлі жергілікті заттарға кезекпен бағыттала алатындай етіп тексеріп алу керек. Автоматтан (пулеметтен) атыс жүргізу ыңғайлы болу үшін және атыс тиімділігін арттыру үшін сағақ астына тіреу дайындау қажет.
Атуға белгіленген орынды иемдену үшін шамамен мынадай пәрмен беріледі: «Автоматшы (пулеметші) (Ахмедовке) ату орны анау жерде – ұрысқа!» Автоматшы (пулеметші) бұл пәрмен бойынша ату орнына орналасады да, атуға оңтайланады.
Ату орнын ауыстыру үшін: «Автоматшы (пулеметші) Ахмедов, анау жерге жүгіріп өт – алға!» деген пәрмен беріледі. Автоматшы (пулеметші) бұл пәрмен бойынша жаңа орынға жылжу жолын, аялдама үшін тасалау жерлерді және жылжу әдісін белгілеп алады. Жергілікті жер жағдайы мен ерекшелігіне байланысты автоматшы (пулеметші) жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жүгіре өтумен немесе жер бауырлай жылжиды. Жылжу алдында автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа қояды.
Жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жылжуда және жүгіріп өтуде автомат (пулемет) бір немесе екі қолмен ұсталынады.
Жер бауырлап жылжығанда, автомат (пулемет) оң қолмен жоғарғы антабкадағы баудан немесе құндақтан ұсталынады.
Әрбір автоматшы (пулеметші) ату үшін ыңғайлы және тұрақты орын алып, басы, қол - аяғы мен денесі үшін біріңғай жағдай жасауы қажет.
Автоматтан (пулеметтен) ату – атуға оңтайланудан, атуды жүргізуден және атысты тоқтатуда құралады.
Атысқа оңтайлану.
Автоматшы (пулеметші) атысқа пәрмен бойынша немесе өздігінен дайындалады. Жаттығу сабақтарында атысқа оңтайлану үшін пәрмен бөлек берілуі мүмкін, Мысалы: «Ұрыс шебіне атуға – адым бас!», содан кейін «Оқта!», ал керек болған жағдайда: «Оқта!» пәрменінің алдында атыс орны көрсетіледі.
Атысқа оңтайлану атыс жүргізетін жерге орналасу мен автоматты (пулеметті) оқтауды қамтиды.
1) «Белдікке» жағдайындағы автомат үшін – оң қолды белдіктің бойымен жоғары
көтеріп, автоматты иықтан алады да, оны сол қолмен ағытқыш жақтау мен ұңғы қорабынан ұстайды, бұдан кейін автоматты оң қолмен ұңғы бастырмасынан және ұңғы жақ құндағынан алға қаратып ұстайды. Сонымен бір уақытта оң аяғымен алға толық қадам жасап, сәл оңға жылжиды. Алға еңкейіп, өзінің алдына, жерге қояды. Бұдан кейін біртіндеп сол аяғының санына және сол қолының иығына сүйеніп, сол жақ қырынан жатып, тез етпетінен жатады да, аяқтарының ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайтады; бұл ретте автомат құндағымен сол қолдың алақанында ұсталады.
2) Автоматты «кеудеге» жағдайында ұстау үшін – сол қолмен құндағының астынан
және ұңғы бастырмасынан алып, оны біраз алға, жоғары қарай көтеріңкірейді де, оң қолды автомат бауының астынан шығарады, содан соң бауды бастан асыра тастайды да, оң қолға автоматты ұңғы бастырмасынан және құндақтан алады.
Тізерлеп тұрып атуға орналасу үшін автоматты (пулеметті) ұңғы бастырмасынан және аузы алдыңғы жаққа қаратылған құндағынан ұстап, осымен бір уақытта оң аяқты артқа жібереді де, оң жақ тіземен тізерлеп өкшеге отырады; осы кезде сол аяқтың балтыры тік күйінде қалып, жамбас тура бұрышқа шамалас жақын болу керек, автоматты құндағымен сол қолға ауыстырып, нысанаға қарай бағыттайды.
Тұрып ату қалпын қабылдау үшін:
1) Егер автомат (пулемет) «белдікке» қалпында болса, онда нысана бағытына қатысты
оңға жартылай бұрылу керек, сол аяқты баспай жатып, оны иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы қалыпқа келтіреді, осы қалыпта дене салмағы екі аяққа тең түседі. Бір мезгілде оң қолмен бауды сәл көтере ұстап, автоматты иықтан алады да, сол қолымен құндақ пен ұңғы бастырмасынан ұстап, ауызғы бөлігін нысана жаққа тез бағыттау қажет.
2) Егер автомат «кеудеге» қалпында болса, онда автоматтың құндағынан және ұңғы
бастырмасынан ұстап, біршама көтере отырып, баудан оң қолды босатады да, басынан асыра лақтырады. Сонымен бір мезгілде оңға жартылай бұрылу керек, сол аяқты баспай тұрып, оны сол иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы қалыпқа келтіреді, автоматты қарқынды түрде нысанаға қаратады.
«Кеудеге» жағдайында автоматтан ату үшін бауды мойыннан түсірмеуге рұқсат беріледі, өйткені ол автоматты атыс кезінде нық ұстап тұрады.

Толығырақ: https://bilimsite.kz/asker/4647-avtomattan-pulemetten-atu-tasilderi-atysty-zhurgizu-atysty-toktatu.html

...