0 дауыс
8.8k көрілді

Алғашқы әскери дайындық сабағынан маршировка дейді, соған дұрыс патриоттық қазақша ән керек?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап


"Мәңгі қорғап өтем текті елімді!" 
Сөзі: Ғабит Кәдірбаевтікі (Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектеп мұғалімі),
Әні: Нұрбай Көкеновтікі (Жанқожа батыр ауылы мәдениет үйінің көркемөнерпазы).
 
Ақ найзаның ұшымен,
Ақ білектің күшімен,
Ата-бабам мирас етті жерімді.
Арыстандай айбатым,
Бойда құрыш-қайратым,
Мәңгі қорғап өтем текті елімді!
 
Сүйсем әке-апамды,
Сүйем солай Отанды,
Мызғымаймын шекарада тұрғанда!
Отан үшін от кешем,
Қаруыммен серттесем,
Көк бөрінің киесі бар тұлғамда.
 
Бейбіт қонған елім бұл -
Ертіс пенен Еділдің,
Арқа менен Алатаудың арасын.
Мәңгі орнасын азат күн,
Аспанына қазақтың,
Ынтымақ пен тапсын бірлік жарасым!

 

 

Бұл әнді мына жерден онлайн тыңдап көр. 

одан гөрі мықтырақ ән керек?
Қөөй жыртад мына ән. Тексерілген.
0 дауыс
Егер ер балалардан ғана тұрса Алға,қазақ жігіттерін көр
ол бармайд,бізде балдардан гөрі қыздар көп)))
0 дауыс
http://axi-referat.ucoz.kz/load/aza_khaly_nderi/patriotty_nderdi_zhina_y/30-1-0-1962 және http://drk.kz/load/referat/filosofija/patriotty_nderdi_zhinay/25-1-0-616 осы сілтемелерден көpіңіз.
0 дауыс
"Мәңгі қорғап өтем текті елімді!"  жақсы ән!!!
Əнін қайдан тапсам болады?
0 дауыс
Қазақстан əскери əнінің сөзің кім біледі. Маңдайымнан тер ақсада білегімнен қан ақсада деп басталады
...