+2 дауыс
616 көрілді

3 жауап

+4 дауыс

Өз өлеңім емес, бірақ жазбалардың арасынан тауып алдым, авторын да білмедім:

Ғашығым-ау, бұл сөзіме сенбе мейлі,сен мейлі

Тулап соққан ғашық-жүрек  сыңарым тек  сен дейді,

Байғамаған екенмін мен, дерт екен ғой ғашықтық

Енді міне, барады үдеп, жүрегімді дендейді

Сүйесің сен, жасырасың,  менен оны  сеземін

Қалай ғана өткеремін ғашықтықтың кезеңін

Махаббаттың татам ба деп, мен де зәмзам кәусарын

Шөл далада шөліркеген жолбарыстай кеземін

Тыншымайды ғашық жүрек таппайынша сыңарын

Таусылмйды сірә менің саған деген құмарым

Шат көңілмен "бақыттымын" дей алар ем өзімді,

Жүрегімнен сезімімді сезе білсең шынарым.

Сағн деген пәк сезімім жүрегімде орнаған,

Құдіретті махаббат қой, дем береді ол маған,

Түсінші сен, және ойла ақылыңмен сүйгенім

Менде дағы мұндай сезім бұрын соңды болмаған.

+1 дауыс

Соңғысын жазайын:

 

Сен бәлкім ұғарсың...

Ұқпассың...

Шарана сезімнің жағдайын...

Өлеңмен мен жылап-сықтастым,

Махаббат жолында жан дайын!

 

...деймін-ау,

Тоқтатпа енді сен!

Шын айтам!

Демеші «далбаса»!

Мен-бейбақ сезімге сенгіш ем...

Тағы да үмітім алдаса...

 

Жер қылма мендегі үмітті,

Үн қосшы мендегі әр үнге.

Себебі, жүрегім ұмытты

Бақыттың шынайы дәмін де...

 

Бақыт...

Бақ...

Ұмыттым оларды...

Серігім еткенмін өлеңді.

Үмітім әуелде тоналды,

Өтінем, тоңдырма сен енді...

 

Қалды тек үміттің көйлегі...

Салмаймын мен сені елеске,

«Жігіттің екі рет сөйлеуі –

өлгені» деген бар емес пе?!

 

Сен бәлкім ұғарсың...

Ұқпассың...

+1 дауыс
Ғашықпын

Шын ғашықпын сол адамға

Мен болмасам болмайын

сол аман ба?

о,Тәңірім !

Неткен жан қайрылмайтын?

жүрегі еттен бе ?

әлде қоладанба?

Ғашықпын!Қайтіп оны жасырайын

бір алтын оның әр тал шашы маған

Жалғасы бар ...........
...