0 дауыс
14.8k көрілді
Махаббат жайында жыр шумақтарын білесіздер ме? dostar mahabbat turaly kandai jyr wumak bileszder? Otiniw jazsanzdar

14 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Сенбе, дос, өз сертінде тұрмағанға,
Махаббат жалған десе, бұл ғаламда,
Махаббат болмаса егер, дала кезіп
Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма.

Махаббат теңеу емес өлеңдегі,
Емес ол аңыз болған ел ермегі,
Махаббат болмаса егер, зарлап Жібек,
Қозы үшін сұлу Баян өлер ме еді.

Ғасырлап дәуірінен озғанда өлең,
Мүмкін бе пәк сезімді жазбау деген,
Жыр кені – ұлы Абайдың жүрегінде
Бітпеген бір ән кеткен Тоғжан деген.

Кей сорлы махаббатқа жолықпайды,
Ондайлар қиналмайды, торықпайды,
Аялап шын қадірлеп көрмегендер
Қызыл гүл солғанына қорықпайды.

Күн біреу, нұр төгетін көктен жерге,
Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде.
Шын бақыт екі айналып жолықпайды
Қол сілтеп, көзін жұмып кеткендерге.
+3 дауыс
Мейлі ғасыр, айлар өтсін,жыл өтсін.
Тек өмірім өзінменен бір өтсін.
Сен бақытым,
Сен байлығым,
Сен жаным!
сен кеудемдегі жүрексін!
Тамаша өлең екен,өзіңдікі ма?
Жоқ менің өлеңім емес. Бірақ жүрегіме сондай жақын өлең. Қатты ұнайды.
Сезімге балап жүрек өртеп барады,
Көріп сені жаным ләззәт алады.
Мөлдіреп көзім таңғы нұрдай тербеліп,
Өзіңді жаным өзіңді іздеп табады.

Көңіл шөлдеп, жүрек терлеп,
Ыстық сезім баурайды.
Күндер зулап, жүрек тулап,
Жаным тыныш таппайды.

Көрмеске қимай асыға күтем, сағынам.
Шаттыққа балап көзімді жасқа толтырам.
Махаббат әні жүректі шарлап, жағалап,
Сезімді жалғап арманға биік қол созам.
Тамаша екен!
+1 дауыс
Жан журегимди издеймiн, сенсиз кундиз тунi киналамын.  сенимен журген кундерди еске аламын, сенсиз омир сурип жатырмын. Киын екен енди  билип жатырмын, кеширши мени! кайдасын.  Озим жаздым калай!
Несі бар,ары қарай жалғасаң мықты рэп жанрына дайын өлең шығатындай.
+1 дауыс
сағыныш деген - ән екен ғой назды үні бар,
сағыныш - ақ гүл тап-таза, нәзік бүрі бар.
қанағат етпе кез келген гүлді бір иіскеп,
асықпай ізде керегін ғана тауып ал.
өз құдіретін талайға жүрген ұқтырып,
махаббат үшін жүрекке керек мықтылық.
төзе біл, достым, уақыт қатал, гүл - қымбат
қалмасын мәңгі жанарда мөлдір шық тұнып
Жақсы өлең,айналдырған екі ақ шумақ болса да түсінгенге берері көп өлең екен.(f)
+1 дауыс
Көңіліме құйып әсем нұр,
Әуені күйдің ойнап тұр.
Жабырқау дәйім жүруші ем,
Жай тапты жаным жайсаң бір.

Не сиқырың бар білмедім,
Көрмей ақ сені іздедім.
Қандай күйге түстім мен,
Сені ойлап көзді ілмедім.

Байқасам мен бір баламын,
Ыстық қан бойға тарадың.
Мазаны мұнша алардай,
Айтшы сен,кімсің, қарағым?

Не болды маған білмедім,
Айдан бір тарқар нұрмедің.
Шапақты күннің шуағы ,
Тығылып менен жүрмедің?

Бағым ба менің,талайым,
Жанымда соны қалайтын.
Өзің БИБІ,өзің НҰР,
сиқырсың ба, сен,қарағым?

Бұрын да талай күлгенмін,
Жүргенмін қалай,білмедім.
БИБІ мен НҰРдан жаралған,
Айтшы сен,жаным,гүлмедің?

Гүл болсаң болдым көбелек,
Тағдырыма бұл ризамын.
Көзсіз де болсам,көбелек,
Жаным-ау,бақыт силадың.________JAKO.Осы сайттағы бір керемет қызға арналды.
Тамаша! Айтарға сөз жоқ!
Осы өлең Дельфинаға арналмаған ба? Мен солай топшыладым....
+4 дауыс
Жанарда моншағым мөлдіреп
Тұрамын әл жетпей «кім» деуге...
Сені де сағынады бұл жүрек,
Құшағыңды аңсады бұл кеуде....
Әдейі адасып, шоқ басып,
Күресем өзіңсіз өмірмен.
Өтінем, телефон соқпашы,
Жылатып, жасырын атыңмен!
Кереметсің!(clap)
+4 дауыс
"Суйем" деген жалгыз соз
"Суйем" деген жалгыз созде ұлылық
"Суйем" деген жалгыз созде  жылылық
"Суйем" деген ғашықтардың сөзінде
Дуниедегі әседік пен сұлулық.

Екі дене өртенеді от болып,
ЕКі дене жанып бітіп шоқ болып.
Екі дене дуылдайды дегбірсіз.
Баска дуние көрінбестен, жоқ болып.

Тыныс бітіп толықсиды, көңіл мас.
Екі дене бір-біріне қорынбас.
Бұлдыраған жаудыр козден тырс етіп
Омырауқа тамып кетер мөлдір жас.

Журек шіркін тулап соғып шарқ ұрар.
Сабыр шіркін шыдап бағып сарқылар.
Со бір сәтте осынау сөз, сырлы сөз
Ыстық деммен қайнап, балқып айтылар.

Сол үшінде осынай сөзде ұлылық
Сол үшінде осынау сөзде жылалық
"Суйем" деген ғашықтардың сөзінде
Дуниедегі әсемдік пен сұлулық



Сүю деген ...

Сүю деген қуану мен күрсіну,
Сүю деген көз жасына тұншығу.
Сүю – сені байқамайтын бір жігіт,
Сүю – сені елемейтін бір сұлу.

Сүю деген көңіліңнің күлкісі,
Сүю деген жігер оты, жыр күші.
Сүю – саған табынатын бір адам,
Сүю – сені ұнататын бір кісі.

Сүю деген шығу қиын биік тау,
Сүю деген көп ойларды тұйықтау.
Сүю деген ұйықтап жатып ояну,
Сүю деген ояу жүріп ұйықтау.

Сүю деген ұнату мен жирену,
Сүю деген сараңнан да сый көру.
Сүю деген білгеніңді ұмыту,
Сүю деген жұрт білместі үйрену.

Сүю деген сәл көрмесең сағыну,
Сүю деген табынбасқа табыну.
Сүю деген мойындамау сананы,
Сүю деген ессіздікке бағыну.

Сүю деген сезінбесті сезіну,
Сүю кенет бір ғажапқа кезігу.
Сүю деген армандаумен ояну,
Сүю деген қиялдаумен көз ілу.

Сүю деген тасып толу тағы да,
Сүю деген асық болу сағына.
Сүю – көну өз еркіңмен азапқа,
Сүю – міну тауқіметтің тағына.

Сүю деген айтып жүрген ән-жырың,
Сүю деген жел, қар, дауыл, жаңбырың
Сүю – сенің әр мезетің, әр сәтің,
Сүю – сенің бүкіл өмір, тағдырың ...

Еркін Дүйсенбаев
–1 дауыс
Сулулыгын озинге жарасады, ар бир жигит сулулыгына тамсана карайды.   ар бир  жигит сен ушин таласады, бирак менин артык сени ешким суймейди.
+2 дауыс
Жол буралан сезим тура,ой тура! Жол тускен сон болмас жане кайтуга, Суйген адам суйгени ушин бакытты! Болмас оны бакытсыз деп айтуга! Осы шумак унайды,жаттап алгам!
Жалгыз ози акку омир сурмейди,
Жан жарынсыз кулуди де билмейди,
Касында егер суйиктиси болмаса
Айдын колде жузгиси де келмейди
+3 дауыс
Махаббат деген тікенек,
Жүрекке келіп қадалар,
Бақытсыз ғой бұл жүрек,
Тамшылап одан қан ағар!
+2 дауыс
Махаббат деген немене айтайын білгің келсе,
Махаббат деген адамға атадан қалған өнеге.
Махаббат деген алтын күн  сәулесін шашып тұратын,
Махаббат деген нәзік гүл уақыты келсе сынатын.
Сүйгенді сүй, сүймегенге жалынба,
Сүймегенді сүйдірем деп бекерге,
Жас жүректі шалдықтырма ауруға.
Адал журек сені сүйер саған ғана басын иер,
Сүйген жүрек алдамайды,сағынса - ақ озі келер.
Жас деме,кәрі деме көңіл сүйсе,
Сүйе бер,сүйгенің сыңнан өтсе.
Бірақта, одан әрі табылам деп,
Сүйгеніңді тастап кетпе.
0 дауыс
шын гашыкпын шын гашыкпын сол адамга
мен болмасам болама сол аман ба
уа,танирим неткен жан еди каиырылмаитин
журегы еттен бе алде коладанба
0 дауыс
сенбе мейли суйем деп алдасада
сенбе мейли алдында жыласада
0 дауыс
Жалғыз өзі аққу өмір сүрмейді,

Жан-жарынсыз күлуді де білмейді.

Қасында егер сүйіктісі болмаса,

Айдын көлде жүзгісі де келмейді.

Бисенбаев Ақжол..

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
4 жауап
...