+1 дауыс

Менің бауырым темір жол полициясында қызмет жасайды. Ол өз еркімен жұмыстан шығуға арыз беріп, ол арыздың мақұлдануын күтіп бір ай жұмысында жүрген, бірақ ол айға жалақы жазылмаған. "Жалақым қайда?"  десе "Арызыңа айдың басында қол қойылған, жұмыстан шығарылғансың" депті.  Сонда ескертпей жұмыстан шығара бере ме?  Неге бір айға дейін ол жұмыста жүріп, айлығы төленбеген?

30.11.2013 994 қаралым

1 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Бірінші бауырым, бұл жол полициясы әскери адам емес, ішкі істер органы қызметкері ретінде саналады.

Жұмыстан шығарылу жағына келсек ол "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығының 16-қосымшасына Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді ішкі істер органдарының кадрларынан шығару қағидасына сәйкес реттеледі. 

Сенің бауырың дұрыс жасаған, яғни аталмыш қағиданың  4 тармағына орай әрекет еткен. (Өз еркі бойынша жұмыстан шығатын қызметкерлер жұмыстан шығу жоспарланған күннен кемiнде бiр ай бұрын өздерi қабылдаған шешiм туралы тiкелей басшысына ескертiп, ол туралы жазбаша баянат бередi.)

Ал шешім шығару (6 т.) 1 ай ішінде шешілуі қажет еді, тіпті баянат (рапорт) берілген күннің ертеңінде бұйрық шығуы әбден мүмкін. Бірақ, осы органның кадр қызметкерлері шығаруды рәсімдеуде өрескел қате жіберген. Себебі, (25 т.) жұмыстан шығару туралы бұйрықтар қызметкерлерге олар шыққан немесе қызмет орны бойынша алған күні қол қойдыра отырып хабарланауы тиіс еді..

Енді сол мекеменің өкілетті тұлғасынан немесе сот арқылы заңды талаптарыңызды қоя аласың.

 

30.11.2013
рахмет, Данияр! іске кірісіп көреміз!
127,956Сұрақ
322,865Жауап
153,167Пікір
72,970Қолданушы