Өз өлеңім емес, бірақ жазбалардың арасынан тауып алдым, авторын да білмедім:
Ғашығым-ау, бұл сөзіме сенбе мейлі,сен мейлі
Тулап соққан ғашық-жүрек сыңарым тек сен дейді,
Байғамаған екенмін мен, дерт екен ғой ғашықтық
Енді міне, барады үдеп, жүрегімді дендейді
Сүйесің сен, жасырасың, менен оны сеземін
Қалай ғана өткеремін ғашықтықтың кезеңін
Махаббаттың татам ба деп, мен де зәмзам кәусарын
Шөл далада шөліркеген жолбарыстай кеземін
Тыншымайды ғашық жүрек таппайынша сыңарын
Таусылмйды сірә менің саған деген құмарым
Шат көңілмен "бақыттымын" дей алар ем өзімді,
Жүрегімнен сезімімді сезе білсең шынарым.
Сағн деген пәк сезімім жүрегімде орнаған,
Құдіретті махаббат қой, дем береді ол маған,
Түсінші сен, және ойла ақылыңмен сүйгенім
Менде дағы мұндай сезім бұрын соңды болмаған.