+1 дауыс
11.6k көрілді

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
2008-05-14
Арнау-Мұқағали Мақатаевқа.
Шабытты уақытта бұл жасырам ба?
Жүректен жыр толқынымен тасығанда.
Өмірдің терең тұңғиығына бет бұрып,
Жас тамшыдай ала бұлттан шашылам да.

Өкпелемеспін мынау тұрған ғасырға мен,
Ақ-қарасы шашылар,жасырғанмен.
Мұқағалидің шумақ біткен жүрегін,
Сол есімін бұл ғасырдан асырам мен.

Бар өмірге ағым біткен,шулатқан,
Мұқағали,арнау салдың шумақтан.
Жырларыңмен ақ қағазда әскерлі
Мәңгілікке орын тептің бір бақтан.

Жырларың жанымды кесіп,кірлетпеген,
Сені бағып,әр демімді үрлеп келем.
Қырық жыл толғаған сөздерін
Ақынымның бар қазақ құрметтеген.

Қаламымды өзіңе деп қолға алып ем,
Жазғаныңнан шексіз,сырлы толғанып ем.
Өзің жоқсың,ақ параққа бапталған
Жырларыңды жырларыма қолданып ем.

Кеш туылдым,естімеппін үніңді,
Кеше білдім «аманат» деген ұғымды.
Шерте жүріп жас өмірдің тайызын,
Бүгін сездім қуаныш-қайғы-мұңыңды.

Толғаныс көп жырыңда,мың құбылдым,
Ар жағына толғаныстың мен жығылдым.
Сөзіңді бастар ізқосарлы ұлыңмын,
Сұрақ қатпа таң қалып: «Бұл ұл кім?»

Өлеңіммен ағыстадым жылға мен,
Сия баттырып есіміңді жырға мен.
Шумақтарың қол тимес шексіз әлем,
Өз еліңнің есінде бар құрбаны ең.

Ғайып болдың,әлемде мен тар қалдым,
Жанарыңсыз жырларыңмен қорғалдым.
Кетсең дағы,елестетіп жырыңнан,
Ұқсап бақтым өзіңе,мүсініңді жырға алдым.

Сырын білген Мұқағали сол қайыңның,
Мұңын білді әндетіп сол жай үннің.
Мұқаш ата,арнауым ақтық емес,
Әрдайым өзіңдей жырға мен дайынмын.
менде де өзім шығарған өлен бар Муқағали атамызға арнау.бірақ жазуға ерініп отырм ше............
Сағыныш бұл өлеңді өзіңіз шығардыңызба???маған өзі шығарған өлең керек еді......Жауап жазыңызшы.....
Армат Қожанаев жазған бұл өлеңді.
0 дауыс
Мұқағалиға арнау
Ала таңдай,көретін жанашырды

Ақиығым жаралған дала сырлы

Өзің қайтып өмірге келмесеңде

Жырың гулдеп жастарға улгі болды

Жастай тарттың бұл өмірдің азабын,
Көремедің-ау бул өмірідің ғажабын

Мұқағали, қазағымның саңылағы
Мұқағали ән-жырлардың шаңырағы
Мұқағали ақындардың дарасы
Құрмет тұтар қазағымның баласы,
Бір өлеңін білмесе егер Мұқаңның

Ол адамның білімсіз, бейшарасы!
"Күнболат Құралай"
...