0 дауыс
18.8k көрілді
Мұқағали Мақатаев ақынға арналған арнау керек еді. Қазір керек еді?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Арнау-Мұқағали Мақатаевқа.
Шабытты уақытта бұл жасырам ба?
Жүректен жыр толқынымен тасығанда.
Өмірдің терең тұңғиығына бет бұрып,
Жас тамшыдай ала бұлттан шашылам да.

Өкпелемеспін мынау тұрған ғасырға мен,
Ақ-қарасы шашылар,жасырғанмен.
Мұқағалидің шумақ біткен жүрегін,
Сол есімін бұл ғасырдан асырам мен.

Бар өмірге ағым біткен,шулатқан,
Мұқағали,арнау салдың шумақтан.
Жырларыңмен ақ қағазда әскерлі
Мәңгілікке орын тептің бір бақтан.

Жырларың жанымды кесіп,кірлетпеген,
Сені бағып,әр демімді үрлеп келем.
Қырық жыл толғаған сөздерін
Ақынымның бар қазақ құрметтеген.

Қаламымды өзіңе деп қолға алып ем,
Жазғаныңнан шексіз,сырлы толғанып ем.
Өзің жоқсың,ақ параққа бапталған
Жырларыңды жырларыма қолданып ем.

Кеш туылдым,естімеппін үніңді,
Кеше білдім «аманат» деген ұғымды.
Шерте жүріп жас өмірдің тайызын,
Бүгін сездім қуаныш-қайғы-мұңыңды.

Толғаныс көп жырыңда,мың құбылдым,
Ар жағына толғаныстың мен жығылдым.
Сөзіңді бастар ізқосарлы ұлыңмын,
Сұрақ қатпа таң қалып: «Бұл ұл кім?»

Өлеңіммен ағыстадым жылға мен,
Сия баттырып есіміңді жырға мен.
Шумақтарың қол тимес шексіз әлем,
Өз еліңнің есінде бар құрбаны ең.

Ғайып болдың,әлемде мен тар қалдым,
Жанарыңсыз жырларыңмен қорғалдым.
Кетсең дағы,елестетіп жырыңнан,
Ұқсап бақтым өзіңе,мүсініңді жырға алдым.

Сырын білген Мұқағали сол қайыңның,
Мұңын білді әндетіп сол жай үннің.
Мұқаш ата,арнауым ақтық емес,
Әрдайым өзіңдей жырға мен дайынмын.
Армат Қожанаев
+1 дауыс
Мұқағали - сен жырдың алыбысың,

Сыйлаған сұлу өлең халық үшін!

Сый көрмей-ақ өмірден өткеніңе,

Барады күйіп жүрек, жанып ішім!

 

Топталған талай ақын жарып ішін,

Өлең жазған ерекше дарыны шын!

Мұқағали, жырыңмен сусындасам,

Басылады өлеңге сағынышым!

 

Жырларың сан жүректің тілін тапқан,

Жүрегің жылап тұрып, күлім қаққан!

Сіздей сыршыл ақынды көрмегенмін,

Кеудесіне кербездік гүлін таққан!

 

Табыса алмай жүрсем де бірнеше күн,

Өлең жаздым музаңмен бірге сенің.

Мұқағали, сенің жырың болмағанда,

Сезімменен өлең жазу білмес едім!

             Ratbek Akbay
0 дауыс
Мұқағали Мақатаевқа арнау!

Мұқағали – сен жырдың алыбысың,
Сыйлаған сұлу өлең халық үшін!
Сый көрмей-ақ өмірден өткеніңе,
Барады күйіп жүрек, жанып ішім!

Топталған талай ақын жарып ішін,
Өлең жазған ерекше дарыны шын!
Мұқағали, жырыңмен сусындасам,
Басылады өлеңге сағынышым!

Жырларың сан жүректің тілін тапқан,
Жүрегің жылап тұрып, күлім қаққан!
Сіздей сыршыл ақынды көрмегенмін,
Кеудесіне кербездік гүлін таққан!

Табыса алмай жүрсем де бірнеше күн,
Өлең жаздым музаңмен бірге сенің.
Мұқағали, сенің жырың болмағанда,
Сезімменен өлең жазу білмес едім!
0 дауыс

Мұқағали Мақатаевқа арнау



Ақындардың үлпілдеген құндызы,

Дәріптейтін елімнің бар ұл-қызы. Мұқағали махаббаттың жыршысы –

Қазағымның жарық жанған жұлдызы.

Сұлулық сарайының шебері,

Өлең жазу ақындардың өнері.

Мұқағали жыр алыбы ақиық

Махаббат пен ұлы сезім иесі.

Қуаныш пен күйзелістен құралған,

Сөзөнері қол жетпейтін бір арман.

Адамдарды шын бақытқа бөлейтін


0 дауыс
Мұқағали Мақатаевқа алтын қалам сыйлаған
0 дауыс
Мұқағали-дана ақын,дара ақын

Жаралы жүректерге пана ақын

Жырларынан сезімді сездіретін

Бір ғасырда бір туатын ұлы ақын!

Армандаймын ақын жолын қусам деп

Мұқағали ақындай мен болсам деп

Сіздің әрбір жырларыңыз мына менің

Жүрегімде мәңгі қалар, еш өлмек...

Ұқсас сұрақтар

...