+3 дауыс
765 көрілді
Неліктен  қазақ жастары жұмыс іздеумен Алматыға барады?

Неге басқа да үлкен қалаларға бармасқа? Мысалы: Шымкент, Қарағанды Астана т. б.қалаларымыз бар ғой.

4 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазіргі кезде осы басқа қалаға барып жұмыс істеу, білімсіздіктен. Нақты бір маман иесі емес. Алматы, Астана қалаларына баруы қара жұмыс істеуге барады. Алматы үлкен қала, былайша айтқанда оборот көп, тиісінше айналымдағы ақша көлемі де көп. Жұмыс көзі табылады деп барады. Әр істің тілін білсең қандай мамандық болмасын жақсы! Қазіргі кезде жастардың ақпараттық білімі, кірпіш қалайтын мамадық болса да өз ісінің шебері болса бұндай қала кезіп кету деген болмайтын еді.
Толық келісе алмаймын Админ мырза.  Мысалы программист мамандығы Алматы мен Астанада ғана керек(код жазуды айтып отырмын). Ал басқа қалаларда олар штучный экземплярда ғана керек.  Алматы қаласы Қазақстанда экономикалық дамыған жалғыз қала болып тұр. Мұнда көп маман иелері тез арада жұмыс тауып кетуіне мүмкінді көп.
+3 дауыс
сіз қай жақтан едіңіз? Алматыға жұмыс іздеп барған жастарды естіген жоқпын.
+2 дауыс

Қазақ жастарының бәрі Алматыға бармайды ғой. Мысалы, мен атыраулықпын. Рас, біздің облыстың кейбір жұмыссыздары облыс орталығына жұмыс іздеп келеді. Алматыға барып жатқандарын көрмеппін де, естімеппін де. Тіпті Атыраудағы кейбір құрылыстардан алматылықтарды да, шымкенттіктерді де, павлодарлықтарды да, семейліктерді де, қызылордалықтарды да, оралдықтарды да... өзбекстандықтарды да, американдықтарды да көріп жүрмін.

+5 дауыс
бұрынығылар жұмыс іздеп Алматыға барса,қазіргі таңда бәрі Атыраудағы қарабатанға барады
Қай бір жетіскеннен дейсің.
-"Арқада қыс жылы болса,архар ауып несі бар"- дегендей,өз ауылында жұмыс болып,күнкөріс қажетін өтесе кім қайда барады дейсің. Алматы мен Астана мегаполис қой,жастардың жиналғаны жақсы болар.

Ұқсас сұрақтар

...