+1 дауыс
868 көрілді
Қазіргі студенттер майдаланып барады, мектептің 7 сынып оқушыларынан ажырата алмай қалып жатамыз кейде.

2 жауап

0 дауыс
А... Сіз "ұсақталу" дегенде ойын емес, бойын меңзеп отыр екенсіз ғой. "Бойлары кішкентай студенттерді көріп жүрегім ауырды" дейсіз бе?))

Кең иықты, сұңғақ бойлы, ер тұлғалы жұрттың ұрпағымыз ғой. Бойымыз ғой өседі.

Ойымыз ұсақталмасын!
Ойлары да саязданып барады, бір бірін  тепкілесіп ойнап  жатады  тәртіп жоқ, үлкенге ізет атымен жұрдай, парктерден өте алмай айналып өтеміз қыз бен жігіт болып отырғандарын көріп қалсақ. Жақсы ой тастадыңыз маған, соны айтуға ыңғайсызданып, біреуінен сөз естіп қаламын ба деп, қатты қобалжып отыр едім. Бұрынғы студенттер бойшаң, үлкен кісілер сияқты байсалды, салмақты үлкенге ізет, кішіге ақылшы әрі үлгі болып жүретін еді.
"Бойшаң, үлкен кісілер сияқты байсалды, салмақты үлкенге ізет, кішіге ақылшы әрі үлгі болып жүретін "... Сіз айтқан мына сипаттама бір адамға ғана тән шығар. (Бірақ бұл жерде бойшаңдықтың не қатысы бар екенін түсінбедім)))"Жастар" деген бір атауды белігілеп қойып, жастардың бәрі осындай болуы тиіс деген тұжырым жасаған қаншалықты дұрыс екенін білмедім. Жеке адамның қылығына, ерекшелігіне бола "қазіргі жастар" деген топқа баға беру жөн емес деп ойлаймын.
Экологияны дұрыстап, тамақ өнер кәсібін ретке келтіру керек! Бір ақ ауыз сөз.
0 дауыс
Экология, психолгия, тамақ өнеркәсібі, реклама, интернет, пропаганда ... Осының бәрі әсер етіп жатқан болар мүмкін
Кредит  төлей алмай қалу, проценттің түрі жаман өсіп кеткен, инфляция,  ертеңіңе алаңдау, жұмыссыздықты да қоса сал соған.
...