0 дауыс
1.1k көрілді
Қазақстандағы урбанизация туралы. Қалай жүзеге асып жатыр? Қаншалықты жүргізіліп жатыр?

1 жауап

0 дауыс

2019 жылы 1 ақпанда Қазақстандағы қала тұрғындарының саны 58,1%-ға жетіп, 2009 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға өскен. Сонымен бірге үш миллионер қала пайда болды: Алматы (1 856 480 адам), Астана (1 080 298 адам), Шымкент (1 011 538 адам).

image

Тәуелсіз Қазақстанда қалалану қалай жүрді?

Бірінші – жағымды жағы: тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО кезінде Қазақстанға жер аударылған миллиондаған халық өз атажұрттарына қайтты. Сол кезде жұмыс іздеген халық босап қалған зауыт-фабрикаларға жиналды. Осылайша қаланы қазақыландыруға мүмкіндік туды.

Екінші –жағымсыз жағы: Қазақстандағы ауыл-шаруашылық кооперативтері, колхоздар мен совхоздар жекешелендіріліп, ауылдағы халық жұмыс көзінен және ішер астан тарығып, қалалы жерлерге үдере көшті. Алайда нарықтық құн көзқарасына, базар шаруашылығына үйренбей, ауыр дағдарысты бастан кешірді, кейбірі әлі күнге дейін қалада үйсіз-күйсіз жүр.

Үшінші, саяси жағынан алғанда, облыстарды және кейбір аудандарды біріктіру немесе жою, Астананы солтүстікке көшіру де халықтың ағынын тудырды. Сол кезде оңтүстіктегі және жабылған облыс-аудандардағы жүз мыңдаған адам облыс не аудан орталықтарына, құрылыс жүріп жатқан Астана қаласына ағылды. Осы арқылы солтүстік өңірлердегі халықтың үлесін арттыру, елдің тұтастығына қауіп төндіретін мәселелердің алдын алу жағынан өте маңызды қадамдар жасалды.

Қазақстандағы қалалану динамикасы

Қазақстандағы қалалану динамикасы / ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәліметінен

Бұл туралы әлеуметтанушы Талғат Жақиянов:

– Ауыл-қыстақ тұрғындарының жан бағу үшін қалаға ағылуын жабайы урбанизация, яғни үдере көшу дейміз. Бұл ешқандай жоспарсыз және жүйесіз жүрді. Қаладан жұмыс таппаса да, көзсіздікпен ағылды. Өте көп мәселелер туындады. Мемлекет қалаға жұмыс күшін тартуды реттеп отыруы керек. Сұраныс пен ұсыныс болғанда ғана халық қиындыққа ұшырамайды, – дейді.

Қалаланудың пайдасы да, зияны да бар

Адам капиталының бір жерге топталуы бәсекеге қабілетті өсіріп, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететіні белгілі. Әр жеке тұлға үшін білім, денсаулық сақтау сияқты қажеттілікті үйлесімді орналастырылады, өмір сүру деңгейін көтереді.

Алайда, бала тәрбиесі ақсап, табиғи ортадан алыстаған адамның психологиясы мен өмір салтының өзгеретіні тағы бар. Әсіресе, жабайы урбанизацияның, яғни үдере көшудің қиындық әкелетіні белгілі. 90 жылдардағы жаппай жекешелендіру кезінде өз өмір сүру ритмінен жаңылып, заман үрдісіне ілесе алмаған мыңдаған тұрғын жұмыс іздеп, қалаға жағалады. Олардың барлығының жұмыс табуы мүмкін емес. Оған үйлі болу деген ауыр мәселені қосылады.

Серік Ерғали, мәдениеттанушы:

– Бұл халықтың өсіміне ықпал етіп отыр, яғни тұрмыстың қиындығынан қала тұрғындары көп балалы болудан өздігінен шектеле бастады. Үйленуге жағдайы келмеген және уақыт таппаған жүз мыңдаған бойдақ пайда болды. Олардың ішінде кәрі қыздардың саны да көп. Әсіресе, мемлекеттік қызметтегі қыздардың жалақысының төмендігі, үймен қамтылмауы – ауыр мәселе. Үкімет мұны мойындау керек, – дейді.

ҚР халық санын есептеуіштегі бүгін осы мезетке дейінгі жан саны өзгерісі

Ауыл қалаға не береді?

– Қазір кей ауылда жер жекешеленіп, бір топтардың қолына өтіп кеткен. Сонымен шаруашылықпен айналысып отырған халық күн көріс көзінен айырылып, мыңдаған ауыл жабылды. Ал, қалған ауылдардың да инфрақұрылымы бұрынғы күйде қалды. Қарапайым ауыл тұрғындары баяғыша қиындықта жүр, – дейді Серік Ерғали мырза.

Ауыл қалаға адам беріп отыр. Онда табиғи өсім жоғары, яғни қалаға оқуға келген балалар мен жұмыс іздеген жастардың ауылға қайтуы екіталай.

Қала халқына үй, жұмыс, тамақ және киім-кешек керек. Мұның ішінде ішпек-жемек пен өндірістің шикізаттары қаладан тыс жерлерден тасылады. Онымен көбінесе қаламен іргелес тұрған шағын қала, ауылдар қамтылады. Былайша айтқанда қалаға бағытталған базар арқылы нәпақа тауып отырған ауыл тұрғындары көп.

Толығырақ: https://informburo.kz/kaz/urbanizaciya-azastanda-alaa-kshu-dinamikasy-anday.html

...