+6 дауыс
17.6k көрілді

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Танымал тарихшы-шығыстанушы С.П.Толстов бұл жөнінде былай деп жазды: bal/bar ортақ негізіне ие Балқаш атауы б.д.д. ІІІ-ІІ ғ.ғ. орал-алтай семьясындағы қандай да бір ежелгі тілден шығып тарайды, оның өзі «су» ұғымымен байланысты болып келеді. Белгілі түркітанушы С.Е.Маловтың пікірінше, «жалпылама таралған Балқаш этимологиясы – батпақтағы төмпешік, томар; былқылдақ жер, балшық» түрінде келеді»

Көріп отырғанымыздай, балқаш сөзінің этимологиясын ғалымдар «батпақ, балшық, былқылдақ, лай, сазды» ұғымдарымен байланыстырған. Қарастырылған этимологиялық топшылауларда осы сөздің (түбірдің) дыбыс бейнелеуіш қасиеті, сипаты сөз етілмеген.

Қазақ тілінің сөздіктерінде берілген балқаш сөзінің мағыналары, біздің пікірімізше, семантикалық дериваттар. Балқаш сөзіндегі бал түбірінің негізгі (бастапқы) мағынасы «су, ылғал» ұғымдарымен байланысты болған көрінеді. Осы синкретикалық түбір семит-хамит, үндіеуропа және алтай тілдерінде кездеседі

Мәлімет www.zox.kz сайтынан алынды.

+3 дауыс
"Алқаштан" шықпағаны белгілі. :)
:D))))))
+3 дауыс
Ал ел аузындағы бір аңызда "Ертеде дәулеті мен сәулеті асқан байдың Балқаш қызы болыпты" деп басталады сол туралы.
0 дауыс

Еліміздегі туризм саласына байланысты айдарымыздың кезекті нысаны Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі - Балқаш. Бұл санда көлге жету жолдары мен туристік аймақтары туралы айтамыз.

Балқаш қай жерде орналасқан?

Балқаш көлі – Қазақстандағы ірі көлдердің бірі. Ол Қарағанды, Алматы және Жамбыл облыстарының аумағында орналасқан. Балқаш жер бетіндегі ең көне көл. Көлдің ең басты ерекшелігі –  батыс бөлігінің суы тұщы, түсі сарғылт-сары, лайлы да, шығыс бөлігінің суы тұздылау, түсі көгілдір, ашық көк.

Балқашта нені көруге болады?

Балқашта суға шомылудан өзге де қызықтар бар. Мәселен, желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен есу, спорттық балық аулау сынды спорт түрлерімен шұғылдануға, табиғи ескерткіштерді тамашалауға болады.

Аймақта орналасқан табиғи ескерткіштердің бірі – Бектау ата тау желісі. Оның шыңы 1000 метрге дейін жетеді. Барлығы 4000 га аумақты алып жатқан тау желісінің аумағында түрлі шатқалдар мен құздар орналасқан. Мұнда өсімдіктердің жүзге тарта түрі бар, олардың 45-і сирек кездесетін болса, сегізі Қызыл Кітапқа енгізілген. Бектау ата тауында «Әулие» үңгірі орналасқан. Онда киелі тұзщы су көзі бар.

Көл неге Балқаш деп аталған?

Көлдің қазіргі атауына байланысты аңыз бар. Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауын бір бай мекендеген екен. Оның Балқия атты ақылына көркі сай қызы болыпты. Бүкіл жұрт қызды еркелетіп Балқаш деп атайды екен.

Жасы он жетіге толғанда Балқия Ерден деген жігітке ғашық болады. Алайда қыздың ата-анасы оны бір байдың баласына атастырып қойған екен. Содан екі ғашық елден қашып кетеді. Ауылдан біраз ұзаған соң, қалың қамыстың ішіне демалуға тоқтайды. Сол кезде олардың аттарына қамыс ішіндегі қабандар тап береді. Ерден қабандармен алысып жүріп жан тапсырады. Ал үркіген жылқылар ауылға қарай тартып тұрады. Қыздың әкесі қатты ашуланып, жігіттерге қашқындарды ұстап әкелуге әмір береді. Балқия болса, қуғыншыларды көргенде қолға түскеннен өлімді артық көріп, биік жардан көлге секіріп кетеді. Содан бері жұртшылық көлді Балқаш деп атап кеткен екен.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

0 дауыс
Балқаш көлі кайда пайда болды
...