0 дауыс
28.7k көрілді
Фитна деген орысша сөздің қазақша аудармасы қалай?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Тәжік тілінде "фитна" деген сөз бар, бұл сөздің аудармасы - "мұнан".

Негізі ИСЛАМ дініне жақын сұрақ екен. Қателесіп кетпесем.


«Фитна» сөзінің анықтамасы
Өз негізінде «бүлік» (фитна) сөзінің мағынасы – бұл «сынақ», «емтихан». Бірақ бұл сөз орналасқан мәтініне байланысты әртүрлі тағы да көп мағына береді. (Қараңыз: “ән-Ниһая” 3/410, “Фатхул-Бәри” 3/13).
«Фитна» сөзінің «сынақ», «емтихан» сияқты мағыналары жайында былай дейді: «Адамдар “Иман келтірдік!” – деумен сыналмай, қалдырылып қойылады деп ойлай ма?» (`Анкәбут сүресі, 2-аят).
Тағы да Ол: «Осылайша, Біз олардың кейбірін басқа біреулерімен сынадық» (Ән`** сүресі, 53-аят).
Сондай-ақ, «фитна» сөзі «бүлік», «ала ауыздық», «бөліну» мағыналарын береді. Аллаһ Тағала екіжүзділер туралы былай деді: «Егер де олар сендермен бірге жорыққа шыққанда, сендерге тәртіпсіздіктен өзге ештеңе артырмас еді. Олар араларыңда асығып жүріп, іштеріңде бүлік шығаратын еді» (Тәуба сүресі, 47-аят).
Тағы да бұл сөз мынадай мағыналар береді: «имансыздық», «көпқұдайшылық». Бұл жөнінде Аллаһ: «Олармен (көпқұдайшылармен) фитна жойылмайынша күресіңдер», - деді (Бақара сүресі, 193-аят). 
«Фитна» сөзінің астында бұл аятта имансыздық меңзелуде. (Қараңыз: “Тәфсир әт-Табари” 2/194, “Тәфсир Ибн Кәсир” 1/329).
Тағы да бұл сөз «хақтан жаңылыстыру», «адасуға апару» деген мағыналарда келеді. Аяттардың бірінде былай делінген: «Олардың қалауларын құптай берме де, олардан аулақ жүр. Әйтпесе, олар сені Аллаһтың саған түсіргенінен адастырады» (Мәида сүресі, 49-аят).
Тағы да Аллаһ былай айтты: «Кімді Аллаһ адастыруға апарғысы келсе, соны Аллаһтан қорғауға сенің иелігің жетпейді» (Мәида сүресі, 41-аят).
Сондай-ақ, «фитна» сөзі «жаза», «адам өлтіру» дегенді білдіреді. Бұл жөнінде Аллаһ: «Егер имансыздарданөлтірілулеріңді қорықсаңдар, кейбір намаздарды қысқартударыңда күнә болмайды» (Ниса сүресі, 101-аят).
Қараңыз: “Лисән әл-‘араб” 13/319, “ән-Ниһая” 3/410-411, “Фатхул-Бәри” 3/13, 11/176.

Мына жерден алынды.

0 дауыс
Фитна сөзі арбшадан алынған бүлік деген мағынаны білдіреді.Яғни көп апаттар содан болады.
...