Белгісіз Тарих, Заман | 9.3k қаралды
Қазақстан тарихынан глоссарий керек еді. Мысалы азамат соғысы -ел ішіндегі азаматтардың билікке таласы т. б

1 жауап

Глоссарий.

Әкімдер - Қарахан мемлекетіндегі отырықшы егіншілікпен айналысатын аудандарды басқаратын адамдар лауазымы.

Беклербек - Алтын Ордада мемлекеттік, әскери қызметті ханның атынан басқаратын адам.

Гуньмо - үйсін басшыларының лауазымы.

Жабғу - оғыз тайпасының ерте ортағасырлық феодалдық мемлекетінің билеушісінің лауазымы.

 Құрылтай - түркі халықтарында хандар саулауын өткізу немесе басқа да ірі мәселелерді шешу үшін өткізілетін жиналыс.

Манап - қырғыздардың ру шонжарлары.

Печенегтер - Хазарларға, кейінірек келген қыпшақтарға туыс, көшпенді мал шаруашылығымен айналысқан халық.

Үлес - Қарахан мемлекетінде ірілі-ұсақты өңірлерге бөлінген феодалдық жер иеліктері.

Руналық жазу - Соғды жазуының негізінде, арамейліктен бастау алған азиялық түріктердің жазуы (V-XI ғ.ғ).

Горхан - Қарақытайлар билеушісінің титулы (хандардың ханы).

Талас жазуы – VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.

Тоныкөк тас жахуы - VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.

Ұлы Жібек жолы – сауда – керуен жолдарының жалпы атауы; б.з.д. ІІ ғасырдан XVI ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырыды.

«Шығыснама» - Шыңғысхан және оның ұрпақтары туралы жазылған шежіре.

Эпитафия – қабір ескерткішіне жазылған жазу

Этникалық қауымдасық – адамдардың әлеуметтік тұрықты топтары. Ол тайпа, халық, ұлт, т.б. түрінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасады.

Айша – бибі  кесенесі – ХІ –ХІІ ғасырларда ірге көтерген сәулет өнері ескерткіші. Ескерткіштен қазақ халқының ою-өрнек, әшекей бұйымдарының көп екендігін көруге болады.

Алаша хан кесенесі – Қарахан немесе оғыз – қыпшақ заманында XIV-XV ғасырларда сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіш. Қарағанда облысы, Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан.

Арыстан-баб кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Кесене Отырар қаласының гүлденіп тұрған кезінде ІХ-Х ғасырларда тұрғызылған.

Ахмет Йассауи кесенесі – қарахан дәуірінде(ХІІғ), кейін оның қираған іргесіне Әмір Темір бұйрығымен XIV ғасырдың аяғы – XV ғасырдың басында тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші.

Баба-Ата – қыпшақ-қарахандар дәуіріндегі (ІХ-ХІІғ.)қала.Қаратаудың шығыс етегіне таман, Шолаққорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан.

Бабаджа-қатын кесенесі – Х-ХІ ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші.Тараз қаласынан 18 км жердегі Айша-бибі кесенесінің жанында орналасқан.

Жошы хан кесенесі - қарахан дәуіріндегі (Х-ХІІғ) сәулет өнерінің айқын бір үлгісін сипаттайтын ескерткіш.Жезқазған қаласынан 45 км жерде, Кеңгір өзенінің сол жақ жағасында орналасқан.

Көккесене – оғыз-қыпшақ заманында (ХІғ.)биік мұнаралы етіп салынған сәулет өнері.Қызылорда облысы, Төменарық стансасының солтстік-батыснан 8 км жерде Сырдария жағасында орналасқан.

Күлтөбе – жазба деректерде «Жылан-Қарауыл» атанатын ХІІІ-XVІІІғасырлардағы бекініс. Шымкент облысы, Созақ ауданында рналысқан.

Қостөбе – Отырар алқабындағы ерте ортағасырлық қала (І – VІІғ.). Арыс өзенінің сол жағалауында, Шәуілдір кентінен оңтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан.

Мырзарабат сардобасы – Мырзашөлдегі байырғы керуен жолы бойында орналасқан күмбезді құдық, сардоба.

Отырар – ортағасырлық қала. Сырдарияның орта алқабында, темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан.

Түркістан (Йасы) – ортағасырлық қала. Шымкент қаласынан солтүстік батыста 225 км жерде, Сырдарияның оң жақ аңғарында орналасқан. XІІ-ХІV ғасырларда қала Йассы атанды.

Жақсы Жауап
123,571 сұрақ
313,833 жауап
153,301 пікір
70,185 қолданушы