0 дауыс
6.6k көрілді
Халқымыз арасында „Мырза” сөзі кімдерге айтылғал?

Бұл сөздің қысқаша шығу тарихына тоқталып өтсеңіз.

Қазіргі уақытта Мырзалар кімдер? Оларға мысал келтірсеңіз.

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мырза – Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ қауымында ауқатты, беделді адамдардың есіміне қоса айтылған атау. Олардың балаларын, үрім бұтақтарын да Мырза деп атаған (мысалы, Құнанбай Мырза, Тәкежан Мырза). Бұл сөз сыйлау, құрметтеу нышанын білдіреді, сондай-ақ қолы ашық, жомарт адамды да қазақтар Мырза деп мадақтайды. Кейінгі кезде Мырза қаратпа сөз ретінде (мысалы, көпшілік жиындарда “Ханымдар мен мырзалар!”) айтылып жүр.
–2 дауыс
Мырза сөзі сыпайылықты әрі беделдің бір белгісін білдіреді. Қазіргі жиналыстарда, т.б. жерлерде Бәленбай мырза, немесе мырзалар сөзі көп қолданылуда. Көбінесе беделі бар адамдарға қолданылатын термин.
0 дауыс
Қазіргі ханымдар мен мырзалар дегендегі "мырза" сөзі дұрыс аударылмаған (gentlemen) шет тілінен. Баяғыда қазақтар жалпақ жұртты олай атамаған, тек текті, жомарт, билік басындағы адамгершілігі мол тұлғаларды ғана мырза атаған.
0 дауыс
Ел алдында беделі зор, ауқатты адамдардың есімдеріне Мырза деген атақты қосып айтатын болған.

Ұқсас сұрақтар

...