+6 дауыс
505 көрілді
Сіз осы сайтта жауап жазғанда нақтілі бір фактіге сүйене отырып ,дәлелмен келтіріп жазасыз ба?

12 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Жауаптарымды фактілерге сүйеніп жазамын, сұрақ беріп отырған адам да толық жауабын алғаны жақсы. Өзімді қызықтырған, жауабын білмеген сұрақтарды ізденіп барып жазамын. Уақ-түйек не ізденген адамның өзі де тауып алуға болатын сұрақтарға көп жауап жазбаймын. Сосын кейбір өмірлік қағидалар жөніндегі "қызды қалай қаратам, сүйген жігітім тастап кетті, телефоның ұнай ма"- деген сияқты кейбір  сұрақтарға жауап бермеуге тырысамын, себебі: ондай сұрақтардың жауаптарының ауқымы кең, ол сұрақтарды қазақы сайттардың форум-сұқбаттарында талқылаған жөн, бұл сайттың форматына келмейді деп есептеймін. Осы сайтта нақты сұрақтар мен жауаптар қойылып отырса - сайттың мақсаты да сол.
+8 дауыс
Мади мырза "қайдағы сұрақты қойыпты" мен белгілегем. Себебі нақты дәлел фактілерді жиі қолданбаймын. Көбіне өз тіліммен жеткізем. :o
+7 дауыс
менің жазғанымның барлығы факт сенуге болады! *тфуй, сен де бір қайдағы сұрақты қойып*
+8 дауыс
Нақты бір фактіге сүйеніп жазған абзал. Анам кішкентайымнан солай тәрбиелейтін )) иә иә тап солай )) фактімен сөйле, сөзіңді дәлелде деп үнемі айтатын. Білмесең үндемей қал дейтін. Нуу енд 100 пайыз фактімен сөйлеймін деп айта алмаймын. Бірақ тырысудамын
+6 дауыс
Мен өз өмірімнен,көрген-түйгендерімнен жазамын. Егер жауабының туралығына титтей де бір күмәнім болса ондай жағдайда жазбаймын,басқаларды шатастырғанша үнсіз қалуды дұрыс санаймын. Ал  Гуглдан көшіріп,болмаса басқа бір сайттан сілтеме қоя салу менің әдетімде жоқ.Себебі гуглдың көп жауаптары көңіліме қонбайды. Ол жерде орыс болып кеткен(обрусевчий) қазақтар жазған сияқты.
+5 дауыс
мен дәлел ретінде мақал-мәтел, нақыл сөздерді жиі қолданамын.Бірақ, ол дәлелге жатама білмеймін.Ал, білім жағынана немесе интернеттен бірнәрсе сұраса оны дәлелмен жазуға тырысып бағудамын.
+4 дауыс
жауапты тек өз ойыммен жазамын ешкандай фактіге суйенбеймін
+5 дауыс
Білгенімді, өмірден жиған-терген ойымды жазамын!!!
Асылбек мен сұрайыншы: жасың нешеде?
Неге білгің келт???
*Білгенімді, өмірден жиған-терген ойымды жазамын!!!*

жәй!
+4 дауыс
Сайтқа жауап жазған кезде нақты бір фактіге сүйене отырып, дәлелдер келтіріп жазуға тырысамын. Егер олай болмаған жағдайда, білгенімше өз ақыл-кеңесімді айтып, ой-пікіріммен бөлісемін)
+5 дауыс
Сайтта қойылып жүрген сұрақтар да жауаптар да көбiне менiң көңiлiмнен шықпайды. Әр саладағы сұрақтарға сол саланың мамандары жауап берсе керемет дүние болар едi, бiрақ ондай мүмкiндiкке жету үшiн сайтқа үлкен адамдарды да жинау керек. Көбiсi жастар болғасын сұрақтарымыз бен жауаптарымыз құнсыздау болып жатады. Экономика,саясат, заңға қатысты мықты сұрақтар мен осыларға нақты жауаптар сирек.Дәлелсiз жауаптар мен пiкiрлер жазып форум, конференция тәрiздi қылып аламыз және сайттың ережесiн бұзып алғандығымызды ескермей жатамыз. Факт келтiрiп жауап берген дұрыс, осылай сайттың құнын жоғарылата аламыз.Осы сауалнама сайт қатысушыларын ойландырады деп ойлаймын....
100% қосыламын.
+1 дауыс
Иа, арине факті келтіре отырып жазам.Өйтпесе, басқа қолданушылар шатасады ғой жауапты оқып
+1 дауыс
мұндағы жауаптарға қарағанда, жалпы осы сайттағы сұрақтың жауаптарына сенуге болатын сияқты. дұрыссс, білмеген нәрсеге өтірік жауап бермеу керек, өтірік жауап біреуді зиян шектіруі мүмкін.  "медвежья услуга"
...