0 дауыс
8.8k көрілді
Ұтыс тігу (ставка) харам ба ? Толық дәлелмен келтіріп берсеңіз.
ащы шындық
Харам болсада ойнағын келед

8 жауап

+4 дауыс
Құмар ойындардың біріғо, ставка тігу күнә...
Бәс тігу ше
Белгісіз
+5 дауыс

Пайғамарымыз (с.а.у) өзінің бір хадисінде: «...Мұсылманның алданып, ермек еткен бос ойындарының (әл-ләһу) барлығы бекершілік (батыл). Тек садақ атып, атқа мінуді үйрену және әйелімен қалжындасу басқа», – деген» 

+4 дауыс
Құдіретті Алла тағала: «Әй мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (бұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар. Негізінен шайтан арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма?», - дейді «Мәида» сүресінің 90-91-аяттарында.
+3 дауыс

Ақша табудың бұл түріне исламда қатаң тыйым салынады. Рұқсат етілмейді. Себебі, бұл кәсіп құмар ойынына жатады. Бұған қатысты Алла тағала:

«Ей, мүміндер! Арақ, құмар ойын, тіктеп қойылған пұттар және таяқшалар – шайтанның лас амалдарынан. Ендеше, құтылуларың үшін осындай нәрселерден аулақ болыңдар. Расында, шайтан ішкілік пен құмар ойыны арқылы араларыңа дұшпандық, кек салуды және Алланы еске алудан, намаз оқудан бөгеуді қалайды. Енді тыйыласыңдар ма?!»[1],-деген.

Мұндай кәсіптің астарында жеңіл жолмен еңбексіз табыс табу тұрғаны айдан анық. 

Қорыта келе айтарымыз, жеңіл табыс, құмар ойындарының бәрі де адамға психикалық және моральдық, материалдық залал келтіретіндіктен Исламда қатаң тыйым салынып, харам етіледі. Себебі ол адамды жалқаулыққа, маңдай терін төкпей, қиындықсыз мол табысқа бата қалуға үйретеді. Мұндай кәсіп жеке тұлғаға, қоғамға зияндарын келтіріп қоймай, тіпті отбасының шырқын бұзуға да жеткізеді. Мұсылман адам мұндай жолдармен емес, өзінің маңдай тері, адал кәсібімен ғана ас ішіп, өмір сүргені абзал.

Толығырақ muftyat.kz

+1 дауыс
Исламда құмар ойындар ойнау зинақорлық жасаумен (біреудің әйелімен жыныстық қатынас жасаумен) бірдей ауыр күнә болып саналады.
(жыныстык катынаска туспесен бала омирге келмейдиго) админ ренжиме жазып жатрм осылай
–1 дауыс
Негізі аңда-санда ойнауға болады қысқа сөздін бірі азарт сияқты ұтасын кейде қайтадан тіккін келеді ұтамын дейсін сонымен қадаласын тағы да тігесін қадаласын. Өзінің сүйікті командалар білетін тігіп ойнауға болады.
0 дауыс
Әрине харам.Құмар ойынығо
0 дауыс
Бұл құмар құмаршылық псиxологиялық  жағынан сананы улап алып алады өзіне тартып тұрады! бұдан құттылуға тырысу керек!

Кейбір адамдар бар ұтатын көп ұтатын жолы Ылғи болғыш бірақ ол ақшаның еш пәтуасы болмайды!

 Ақша еңбек келсе жүрегіңде өзіңде тыныщ боласың!

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
6 жауап
0 дауыс
4 жауап
Белгісіз 10.07.2011 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
+2 дауыс
4 жауап
...