+3 дауыс
68.6k көрілді
Табиғат туралы тақпақтар керек еді?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жауаптарын көру үшін мәтінді ерекшеңіз (Жұмбақтар, өлеңдер тауып қойыпсың, мен осылармен көмектескім келді)

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)



Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)



Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)


Шым - шытыр,
Шидай қотыр.  (Жұлдыздар)


Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды.  (Боран)


Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)



Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)



Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)



Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)



Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)




Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)



Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. (Күн күркүреуі)



Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)



Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан)



Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер)



Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер. (Күн)



Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)



Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады. (Күн)



Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)



Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)



Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)

Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.   (Күз)

Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам.   (Күн)

Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды.   (Қар)

Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі?    (Бұлттар)

Төбесінде даланың

Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі.       (Күн)

Шымылдық ішінде қап-қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала.  (Түн)

Көктен түседі,
Жер ішеді.      (Жаңбыр)

Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Кім кедіп иаң алдына алып кеткен?    (Жұлдыздар)



[Сен іздеген нәрселер, яғни мақалдар да бар!!!][1]
  [1]: http://www.kuttybolsyn.kz/ma1179al-m1241telder/adam-zhne-tabiat-tayrybynda/tabi1171at-1241lemi-turaly/
+3 дауыс
Табиғатқа
        Табиғатқа,
 Тартпай қоймас - Адамдар,
 Суда балық,
 Көк жүзінде қыран бар.
 Жеңе алмайды, тірліктегі - бірлікті
 Ашылса да алты    алауыз - арандар!
 Жер - қайыспас,
 Өзі өндірген салмақтан,
 Қашпайды ешкім,
 Ажал - деген қармақтан.
 Өзі жасап,
 Жұмақ жердің үстіне
 Құтыла алмай келе жатыр - Тозақтан!
 Баласымыз,
 Ғалымшардың - Жер -деген,
 Ғасыр барма,
 Көресісін көрмеген.
 Қиян - кескі,
 Ғажайыптар болса да
 Адам бірге жасасады -
 Жер - менен!             

Бақыткерей Ысқақ

Табиғат заңы
     Айнала мұнар.
 Ұйтқыған дауыл.
 Ақ шаңдақ!
 Құйын жүр жүйткіп, асаудай басы
 қақшаңдап.
 Қара бұлт жылап,
 қамығып бетін бсады
 Көзінен жиі тынымсыз жерге жас парлап.
 Найзағай отпен келеді желді қуалап,
 Таңданып іштей бұйығып қана тұр алап.
 Бәріне бұйрық беретін өзі болған соң,
 Қарайды күліп,
 жабықтан ақ күн сығалап.

Мақсұт Неталиев
0 дауыс

Абай - Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
“Мені” мен “менікінің” айрылғанын
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей,
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей орныға алмас.
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.

...