+2 дауыс
950 көрілді
Мысалы кейбір есімдер өз иесіне әсер етеді. Есімі ұзақ немесе қиын есімді адамдар көп аурады, немесе аты затына сай деген сияқтылар рас па?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мм, дұрыс. Менің ойымша адамның есімі өзінің денсаулығына әсер етеді. Себебі адамның есімі адамның мінезінің қалыптасуына әсері бар, (Мен пәленшемін, менің атыма затым сай болсын деген сияқты ойлармен өзін тәрбиелейді, мысалы Ханның есімі қойылған болса кейбір орталарда өзін Хан сияқты ұстауы мүмкін.) көңіл күйіне әсері бар. Ал көңіл - күйдің денсаулыққа әсері орасан зор, бұны медиктер де біледі, яғни сіздер.
+4 дауыс
адамның есімі өз өміріне ешқандай әсер етпейді (жеке пікірім)
Тарихы көбірек оқы, мүмкін мінезің өзгерер, амиго! :)
+3 дауыс
Оны бізден гөрі өзіңіз жақсы білуге тиіссіз ғой. Себебі мамандығыңыз дәрігер сияқты ма қалай өзі?
Иә болашақ дәрігерміз ИНшАллах. Бірақ бұл сұрақ медициналық жағдайды жауап беруге жат нәрсе.
+1 дауыс
Вахах) Мен везунчикпін. Шүкір... :)
+1 дауыс
"Внушение" деуші ме еді, яғни "сендіру"... Адамға байланысты нәрсенің көпшілігі адамның өзін-өзі сендіруіне байланысты. Адам осы есімен өмірінің соңына дейін жүреді, көпшілік адамдармен танысады, сол кезде адам өз есімін мақтанышпен айтқанға не жетсін! Сондықтан сәбиге есім қойған кезде ойланып, мағынасын түсініп қою керек, және бала да өсе келе өз есіміне сай болатындай өмірде үлкен істерді бітіруге , арман-мақсаттарына жете білуге тырысу керек. Қазір түрік пен кәріс телехикаялары көбейіп кетті, бір кездері біздің теледидарларда америкалықтар мен бразиялиялықтардың кинолары етек алған заманда, біреу сол киноның кейіпкерінің есімін қызына қойыпты, кейін шетелдіктер есіміне күлетін көрінеді, сөйтсе"ақымақ" деген мағына екен! Сондықтан да қазақтың әдемі есмідері мол-ақ, соларды ұл-қызына қойсақ жақсы болар еді. Мысалы, кейбіреулер ұл-қызының атын аян бойынша қойып жатады. Соған қарағанда есімнің адамның жолының болуына зор әсер қалдыруы мүмкін. Денаулығы..адамның өзіне байланысты шығар. Атап өткендей, әр адам өзін сұлумын, ақылдымын, денсаулығым бар деп сендіре білсе(елге жария салмай, өзін-өзі сендіре:)), бәрі жақсы болады деп ойлаймын!
...