0 дауыс
533 көрілді
Ресей экономикасы нашарласа бізге қаншалықты әсер етеді ?
Әсері көп...
Белгісіз

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Америка және Еуропа жағынан Ресейге қарсы жасалған экономикалық санкциялар Қазақстанға ешқандай ықпалын тигізбейді дегенге мен келіспеймін. Қазақстан, Беларусь және Ресей ортақ Кедендік одақ құрамында. Яғни Ресеймен сауда-саттықты тоқтатамын немесе қысқартамын деген мемлекеттердің әрекеті жалпы үш елге де қарсы әрекет болып шығады. Ресейдің тауарлары шет елдерге экспортталмаса, әрине, Қазақстан мен Беларусь жаққа жол тартады. Сол тауарлардың құны өседі. Бұл біздегі тарифтердің төмендеуіне әкеп соқтырады. Бір жағынан қазақстандық тұтынушыларға пайдалы сияқты. Бірақ бағалардың төмендеуі жергілікті өндірушілерге зиян келтіретіні айқын. Басқа жағынан алғанда, керісінше Кедендік одаққа импортталатын тауарлар Еуропадан келе алмаса, олардың бағалары күрт өсіп кететіні де шындық. Бұл ахуал­ тұтынушылар мүддесіне зиянын тигізеді. Ресей қаржысы басқа елдерге ауса,  Ресей экономикасының деңгейін күрт төмендетеді. Олай болса, Ресей зауыттары Қазақстаннан сатып алатын шикізат көлемін қысқартатын болады. Ол біздің экономикаға кері әсер ететіні сөзсіз. Экономиканың басқа салаларында да келелі мәселелер көбейеді. Бірақ дәл қандай санкциялардың болатыны әлі белгісіз.
0 дауыс
Ресей экономикасының құлдырауы 9 мемлекетке әсерін тигізді. Солардың бірі Қазақстан. Қазақстанға жақсы жағынан да жаман жағынан да әсері бар. Жақсы жағы рубльдің төмендеуінен қазір машина мен басқа да заттар арзандап кетті. Жаман жағын айтпайақ қояйын.
...