0 дауыс
479 көрілді
Менің ойымша, жақсы әсер етеді. Ал сіздің ойыңызша...?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей үнемі жаттығулармен айналысып жүретін болсаңыз, мидың дамуына, ойлау қабілетінің артуына, қартайған шақта да түрлі ақпараттарды қабылдауға көмектесетін көрінеді.

Американдық зерттеуші Джон Медина «Правила мозга» деп аталатын кітабында спорттың миға қандай пайдасы бар екендігін айтқан екен. Бірақ та қаншалықты пайдалы әрі әсер ету қарқындылығын ешкім дөп басып айта алмайды. Дегенмен, адам көп қимыл-қозғалыс жасаған сайын оның миы да белсенді жұмыс жасай бастайды. Есте сақтау қабілеті де артады. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей үнемі жаттығулармен айналысып жүретін болсаңыз, мидың дамуына, ойлау қабілетінің артуына, қартайған шақта да түрлі ақпараттарды қабылдауға көмектесетін көрінеді. Сондай-ақ, спорт: - Tсте сақтауды жақсартады; -Логикаңызды дамытады; -Өзіңізге таныс емес мәселелерді шешуге белсенді боласыз; -Жаңа ақпараттарды қабылдауға, есте сақтауға көп септігі тиеді. Алайда спортпен шұғылдануды тастап кететін болсаңыз, ми қайтадан бұрынғы қалыпқа келеді. Өйткені қозғалыс кезінде ми барынша белсенді жұмыс істейді, ал бір орында отырғанда ми толықтай іске қосылады деп айту қиын. Жалпы мидың қалыпты әрі белсенді жұмыс істегенін қаласаңыз, аптасына екі рет спортпен шұғылданыңыз. Егер апта ішінде 3 немесе 4 рет жаттығу жасап, денеге физикалық күш түсіретін болсаңыз, ми жұмысы да екі есеге артады. Жүйке жүйеңіз нығаяды Спортпен шұғылдану барысында барлық дене мүше іске қосылатындықтан, адамның жүйке жүйесі де бұл уақытта белсенді бола түседі екен. Бірақ қимыл-қозғалыстың жай немесе қарқынды болуына қарай нерв жүйелерінің қызметі де өзгеріп отырады. Сол себепті де барынша қарқынды болуға тырысыңыз. Ал, айарлықтай нәтижеге жету үшін күн сайын немесе екі күнде бір рет спортпен шұғылдануға тура келеді. Сонда ағзадағы барлық жүйке жүйесінің атқаратын міндеті де жақсара түседі. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы жақсарады Жоғарыда айтып өткеніміздей спорт бүкіл ағзаға әсер етеді. Әсіресе жүрек-қан тамырларының қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етіп, денсаулықты нығайтады. Бұлшықеттерге жаттығу кезінде салмақ түсетіндіктен қанайналымның да тез жүруіне септігін тигізіп, соның арқасында жүрек бір минут ішінде 10-20 литр қан айналдырып, барлық бұлшықеттерді белсенді ете түседі. Ал, қалыпты жағдайда жүрек 5 литр қан айналдырады екен. Тыныс алу жүйесі Физикалық жаттғулармен айналысу барысында тыныс алу жиілей беретінін білеміз. Яғни, жүгіру, жүзу, секіру кезінде тыныс алу органдары арқылы 100 литрге дейін ауа өтеді делінеді. Ал, қалыпты жағдайда бір минут ішінде 8 литр ауа жұтасыз. Осыған орай тыныс алу жүйесінің жұмысы қаншалықты жақсаратынын бағамдай беруге болады. Иммунитет көтеріледі Спортпен шұғылданатын жандардың аз ауыратынын білесіз бе? Өйткені олардың ағзасы үнемі белсенді жұмыс істеп, кез келген ауруға қарсы тұруға дайын. Сондықтан да олар ауыруға бейім болмайды. Үнемі спортпен шұғылданған жағдайда қан құрамындағы эритроциттедің саны 5 млн-ға дейін артатын көрінеді. Сонымен қатар, лимфоциттер көлемі де ұлғая түседі дейді мамандар. Қан құрамындағы лимфоциттердің негізгі қызметі - ағзаға сырттан түсетін зиянды заттарды жою болып табылады. Мұның өзі спорттың денсаулықты нығайта түсетінінің дәлелі болып отыр. Физикалық тұрғыда белсенді адамдар ауырып қалған жағдайда да онымен күресіп, тез жазылуға қауқарлы. Сырттан келген вирустар мен бактерияларды тез жоюға олардың ағзасы көмектеседі. Сондықтан да қай уақытта да спортпен шұғылдану кеш емес. Спорт балаларға қалай әсер етеді? Медициналық статистикаға сүйенетін болсақ, жиі ауырып, сырқаттанып қалатын балалардың 70 пайызы спортпен шұғылданбайтындар екен. Қазіргі уақытта балалар жаттығу жасауға емес, телефонды қолдарына алғанша асығады. Смартфоннан ойын ойнап, қызықты видеоларды тамашалағанды қалайды. Міне, осыдан кейін балалар аурушаң, әлжуаз болады.

http://ernur.kz/fitnes/sport-midy-zhasartady

...