"Внушение" деуші ме еді, яғни "сендіру"... Адамға байланысты нәрсенің көпшілігі адамның өзін-өзі сендіруіне байланысты. Адам осы есімен өмірінің соңына дейін жүреді, көпшілік адамдармен танысады, сол кезде адам өз есімін мақтанышпен айтқанға не жетсін! Сондықтан сәбиге есім қойған кезде ойланып, мағынасын түсініп қою керек, және бала да өсе келе өз есіміне сай болатындай өмірде үлкен істерді бітіруге , арман-мақсаттарына жете білуге тырысу керек. Қазір түрік пен кәріс телехикаялары көбейіп кетті, бір кездері біздің теледидарларда америкалықтар мен бразиялиялықтардың кинолары етек алған заманда, біреу сол киноның кейіпкерінің есімін қызына қойыпты, кейін шетелдіктер есіміне күлетін көрінеді, сөйтсе"ақымақ" деген мағына екен! Сондықтан да қазақтың әдемі есмідері мол-ақ, соларды ұл-қызына қойсақ жақсы болар еді. Мысалы, кейбіреулер ұл-қызының атын аян бойынша қойып жатады. Соған қарағанда есімнің адамның жолының болуына зор әсер қалдыруы мүмкін. Денаулығы..адамның өзіне байланысты шығар. Атап өткендей, әр адам өзін сұлумын, ақылдымын, денсаулығым бар деп сендіре білсе(елге жария салмай, өзін-өзі сендіре:)), бәрі жақсы болады деп ойлаймын!