+2 дауыс
67.6k көрілді
Тәуелсіздік сөзінің мағынасын түсініріп беріңіздерші? Тәуелсіздік туралы ойыңыз?

5 жауап

+4 дауыс
Жауаптарын оқитын шығарсың, Хоть...!

Тәуелсіздік – мемлекеттің өз саясатын өз еркімен жүргізуге қабілеттілігі. тәуелсіздіктің нышандары ретінде мемлекеттің әлемдік қауымдастық мойындаған аумағының болуы; сол аумақты басқаратын мемлекеттік биліктің болуы; елдікті нақыштаған әнұран, тудың және елтаңбаның болуын атауға болады. Әлемдегі 2500-ден аса халықтың 220-ға жуығының ғана тәуелсіздігі бар. Жаһандану заманында тәуелсіздікті ұстап тұру қиындай түсуде. Тіпті, кейбір елдер саяси, экон., әскери, ашық, жасырын тәуелділікке ұрынуда. 20 ғасырдың басына дейін империялар өзге елдерді ашық әскери қимылдар арқылы тәуелділікке түсіру саясатын ұстап келді. Кейіннен одан гөрі тиімдірек жасырын экономикалық тәуелділік саясатына көшті. Сондықтан тәуелділік ресми түрде тәуелсіз елдердің жасырын сипаты болуы мүмкін. Мәселен, көптеген Орта Азия, Африка елдері бейресми тәуелділікте күн кешуде. Шын мәнінде олар Батыс Еуропа мемлекеттері мен АҚШ-қа тәуелді. Канада, Үндістан елдері әлі күнге Ұлыбритания монархын өз билеушісі санайды. Сондықтан саяси тәуелсіздікті экономикалық тәуелсіздікпен ұштастырмайынша толыққанды тәуелсіздікке жол жоқ. Қазақстанның тәуелсіздікгі елдің қажырлы ырқының арқасында орнады. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы халықтың тәуелсіздікке деген ұмтылысының айқын көрінісі болды.

Келесі сұрағың:  " Зайырлы"  мағынасын түсініріп беріңіздерші?      - болмақ-ау дейм осы...
+3 дауыс
Тарих пәнінен емтиханға немесе ҰБТ-да дайындалып жатқан жоқсың ба?...
0 дауыс
Тәуелсіздік ол қасиет тұнған ұғым.
0 дауыс
Тəуелсіздік ол казагымыздын ураны туы
0 дауыс
Тәуелсіздік ашщы термен келген тəтті жеңіс.
...