+2 дауыс
1.0k көрілді
Халқымыздың көпшілігі жаңа жылды тәуелсіздік күнінен артық қоятын секілді ме, қалай өзі?! Себебі орталық көшелерге шыққанда жаңа жылдық безендірулер барлық жерде жасалғанын байқаймын. Бірақ сол жерлерден Тәуелсіздік туралы жарнамалар, қабырға газеттері, суреттер көрмедім десем де болады. Кей бауырларымыз осы күнімізге қандай ерлікпен, қандай құрбандықпен жеткенімізді ұмытып кетті ме деп ойлаймын

8 жауап

+2 дауыс
Бізде бәрі ойдағыдай бәрі өз өз орнында ))
+3 дауыс
иа бұл ащы болсада шындық қазір тәуелсіздік күнінен көрі жаңа жылға дайындық жақсы
+2 дауыс
иа шынындада солай,тәуелсізік күнінен гөрі жаңа жылға көп дайындық жүріп жатыр бұл туралы кеше жаңалықтардан хабарлады
+1 дауыс
Себебі, Жаңа жыл мейрамының атрибуттары бар. Ал Тәуелсіздік мейрамының атрибуттары жоқ. АҚШта Тәуелсіздік күніне барлық үйлер елдің туын іліп тастайды. Бізде олай ту тігуге рұқсат жоқ.
Атрибут дегеніміз не?
+1 дауыс
Жаңа жылды бүкіл әлем тойлайтындықтан көбіне бар назар сонда. Бірақ маған соңғы 3-4 жылда Жаңа Жылда, Тәуелсіздікте сезілмейді дым)
+2 дауыс
Ия, келісемін осы Астананың өзіңде солай, жылдағыдай бола бергенше бірдеме ойластырмайды ма екен, кімдер оған жауап беретін Астана қаласының әкімшілігі ма, Теледидарлардан мерекеге байланысты қазақфильмнің туындылары болатын, ол да жоқ.

 Жауаптарыңызға қарап отырсам, барлық қалаларда солай сияқты ғой(( Жоғарыда айтып кеткендей мереке сезіліп жатқаны шамалы, бұл өкінішті енді...
+1 дауыс
Мен қазақ азаматы ретінде шынайы жауап беретін болсам, жеке өзім жаңа жылды асыға күтіп жүрмін. Себебі, жаңа жылда би, ойын-сауық, қуаныш-шаттық, сыйлықтар, отбасы, туыстар, достар бәрі жиналады, шынайы мейрам екенін сезініп, жылына ең қуанышты күндердің бірін атап өтеміз. Ал тәуелсіздік күні бір жағынан мейрам болғанымен, екінші жағынан әр жылдардағы "ызғарлы желтоқсандарды" еске салып тұрады, мен үшін 16-желтоқсан патриоттардың мейрамы сияқты, өзім қатты патриот емеспін, сонда да ол күнді қатты құрметтеймін және 16-сына алаңға шығып мерекелік концертті көріп келемін..
Менің ойымша кез келген адам өз ұлтының патриоты болуы керек сияқты
+1 дауыс
Тәуелсіздікті алмасақ осы күнге жетермедік.Шыны керек қазіргі қазақ қалаларының 90 АЯЗ АТА мен ЖАҢА Жылдық суреттер мен жарнамалар көптеп көрсетіліп жатыр.
...